С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет83/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

Кыртыстық заттың
негізін жұлдыз тәрізді эпителий жасушалары 
құрайды, олардың арасында лимфоциттер мен макрофагтар орналаскан. 
Қыртысты затында жоғары митоздык белсенділігі бар, бірак иммунды 
жауапка кабілеті жок лимфоциттер басым.


11-Тарау. Адаптивті иммундықжүйенің қүрылысы. Лимфоциттер генезі...
173
Милы затында
аздаған лимфоциттер бар, стромасы жаксы жетілген, 
эпителий жасушаларынан тұрады. Сонымен кагар, милы затында 
дендриттік жасушалар, макрофаггар және Гассаль денешіктері (жана 
номенклатура бойынша айырша бездін денешіктері) бар. Кыртысты 
кабаттың жұлдызша тәрізді эпителий жасушалары мен Гассаль 
денешіктерінде белсенді түрде түзілу және секреторлык үдерістер — ги- 
стохимия жүріп отыратыны дәлелденген. Онда біркатар биологиялык 
белсенді заттардың, соньщ ішінде тимус гормондарының түзілуі 
жүреді. Болжам бойынша, Гассаль денешіктерінін көмегімен апоптозға 
үшыраған тимоциттер жойылады деп есептеледі.
Тимус
— 
маңызды эндокриндік ағза болып табылады
(11.1-сурет, түрлі 
түсті жапсырманы караңыз).
Тимустың гормондары кальций мен фосфор метаболизміне, 
глюкозаның алмасуы мен утилизациясына, бүлшықет тонусына, бойға 
және жыныстык жетілуге әсер ететіні аныкталған. Бірак 
тимустың
ең негізгі эндокриндік қызметі
— 
иммуногенезге реттегіштік әсер етуі.
Сонымен бірге, тимустын гормондары, тимустың ішіндегі де, тиму- 
стан алшактап кеткен де лимфоциттердін дифференциялану үдерісіне 
ьщпал жасай отырып, шеткі лимфоидтык ағзаларда Т-лимфоциттердің 
соңғы пісіп-жетілуін реттейді және де сүйек кемігінде Т-лимфоциттер 
ізашарларының дифференциялану үдерісіне әсер етеді. 
Тимус 
гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады.
Бірінші топка тимустың кыртысында Т-лимфоциттер ізашарла- 
рынын пісіп-жетілуінің алғашкы кезендеріне әсер ететін I және 11 
ти-
мопоэтиндер
кіреді. Екінші топты 
тимозин туыстастығының гормон-
дары
(тимозин аі с м.м. 3108; (31 с м.м. 8451; (32 с м.м. 4982 және т.б.) 
кұрайды. Бүл гормондар өте көп мөлшердегі глутамин және аспарагин 
қышкылынан тұратын салыстырмалы орташа молекулалык салмақты 
полипептидтер болып табылады. Олардың Т-лимфоциттердің диф- 
ференциялану үдерісіне әсер ету механизмі жасушаның маңызды 
реттегіштік жүйесі болып табылатын лимфоциттердің циклдік нуклео- 
тидтер (цАМФ, цГМФ) реттеуімен байланысты.
Тимуста тимопоэтиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің 
миграция, дифференциялану және пролиферация үдерісіне әсер 
ететін бірнеше гуморалдык факторлар түзіледі (мысалы, тимустык- 
гуморалдык фактор, тимустык-сарысулык фактор және тағы бас- 
калары).
Тимустың эпителий жасушалары, сонымен бірге, интерлейкин- 
Дерді 
(
ИЛ-1, ИЛ-6
және 
ИЛ-7)
және 
колония белсендіруиіі факторлар


174
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
(ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-КСФ)
түзеді. Осы цитокиндер арасында тимонит- 
тер дамуы үшін маныздысы ИЛ-7 болып табылады, тимустағы калған 
цитокиндердін әсері — өзара алмастырушылык.
Гематотимустық тосқауыл
бар болғандыктан, организмнің баска 
ағзалар мен жүйелермен әрекеттесуі шектелген. Бүл тоскауыл канта- 
мырларының эндотелийінен, тимус стромасының эпителийінен және 
олардын арасындағы жінішкеталшыкты дәнекер тіннен күралған. 
Гематотимустыктоскауыл тимус тініне жасушалар мен ірі биологиялык 
молекулалардың өтуіне бөгет болады.
Тимус тек қана Т-лимфоқиттердің пісіп-жетілуіне мамандан-
дырылған.
Бүл ағзанын морфологиялык кұрылысынын ерекшелігі: әр 
аймакта лимфоциттер әр түрлі микроайналым жағдайында болады. 
Сондыктан, бұл жасушалар әр аймакка тән әр түрлі жетілу белгілерін 
кабылдап, төмендегіше әсер етеді:
• Т-лимфоциттердін пісіп-жетілуіне ыкпал етеді, сонын ішінде, тек 
бір накты антигенге ғана арналған Т-лимфоциттер клондарынын 
калыптасуына алып келетін антигентанушы рецепторлардын пай- 
да болуын негіздейді;
• кызметі әр түрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясынын түзілуін 
камтамасыз етеді;
•өзіндік МНС-антигендерімен бірге бөтентекті пептидтерді 
аныктай 
алатынТ-лимфоциттер 
клондарынын 
сұрыпталуын 
жүзеге асырады.
Туылған кезде нәрестелерде тимустың салмағы оның жалпы дене 
салмағының 1/300 бөлігін құрайды. 1 - 3 жас аралығында тимус өзінің ен 
үлкен мөлшеріне және белсенділігіне (гормондар түзу, тимоциттердін 
дифференциялануы мен пролиферациясын сүйемелдеу) жетеді. Бұл 
кезеңнен кейін тимус тұрактанады. Ал 20 жастан бастап жылына 
белсенді тіннің 3%-на дейін жойылуымен сипатталатын үдемелі инво- 
люциясы (салмағының азаюы) басталады. Атрофияға көбіне тимустын 
қыртыстык кабаты ұшырайды. Қартайған кезде ол толығымен 
жоғалуға жакын болады. Ал милык заты біршама атрофияға ұшыраса 
да, сакталып калады. Адамда тимустын жаска байланысты инволю- 
циясы иммундыктапшылык жағдайды калыптастырады, сондыктан 
аталған жағдайда тимус гормондарының препараттары колайлы әсер 
етеді. Тимустың жаска байланысты инволюциясы иммундык жүйенін 
ескіруіне, ал ол арқылы бүкіл организмнін картаюына басты себепкер 
болады деп есептеледі.


11 -Тарау. Адаптивті иммундык, жүйенің қүрылысы. Лимфоциттер генезі.
175
Сонымен, тимус иммунитеттің адиптивті жасушалық жуиесінің
тузілуі мен қызмет атқаруына жауапты адаптивті иммунды жуйенің
орталық органы болып табылады.
Орталық органдарда орын алатын лимфоциттердің дифференцияла-
нуы
геномда біркатар өзгерістерге себеп болатын көптеген гуморалдык 
медиаторлар мен жасушааралык өзара байланыстар әсерімен жүреді. 
Геном өзгерістері белгілі антигендік детерминантка (эпитопка) 
арналған 
лимфоциттер клондарының
түзілуін негіздейді. Нәтижесінде 
лимфоциттердің осы организмнің өмір сүруі бойы кездесетін 
антигендердін барлығын тану кабілеті пайда болады. Бұл дифференци- 
ялану антигендермен байланыссыз жүреді де, антигенге тәуелсіз диф- 
ференциялану деп аталады.
Сонымен, адаптивті иммундық жуйенің орталық органдарында ізашар
жасушалардан Т- және В-лимфоңиттердің тузілуі және олардың анти-
генге тэуелсіз дифференңиялануы журеді. Осы орталық органдардағы ан-
тигенге тәуелсіз дифференңияланудың ең негізгі нәтижесі лимфоңиттер
клондарының тузілуі болып табылады. В-лимфоңиттердің клондары суйек
кемігінде, ал Т-лимфоңиттердің клондары тимуста қалыптасады.
Лимфоциттер орталық органдардан кан және лимфа ағымы аркылы 
шеткі органдарға қарай бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет