Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет125/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
социологиялық талдаудан өткізіп
фольклористикалық жүйелі клас-
сификация жасады, көптеген соны 
ой, тың пікірлер айтты, параса-
ты мол фольклорист ғалым екенін 
ай қындады. 
Қазақ 
әдебиеттану 
ғылы мының туу және қалыптасу 
процесіне Сәкеннің қосқан үлесі зор 
дегенде осы жайлар айрықша еске 
алынары өзінен-өзі түсінікті», – деп 
жазады атақты сәкентанушы ғалым 
Т. Кәкішев. Біздіңше, бұдан артты-
рып айту мүмкін емес.
1930 жылдардағы фольклорта-
ну саласындағы зерттеу жұмыстары 
туралы ойымызды түйіндесек, сөз 
етілген еңбектер мен мақалалардан 
ұлттық әдебиеттану ғылымы келе-
шек даму жолына қажетті негізгі 
тек серетін нысаналары мен пробле-
маларын нақты шешіп алғанын 
байқаймыз. ХХ ғасырдың бас кезінде 
әдеби мұраны жинау, жариялауды на-
сихаттаудан басталған әдеби-тарихи, 
әдеби-теориялық бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір толыса келіп, 
ғылыми мақалалар мен зерттеулерге 
ұласты. Олар қазақ фольклорының 
өзекті мәселелері жайында жазылуға 
тиісті болашақ ғылыми еңбектер мен 
монографияларға жол басшы бол-
ды. Қазақ фольклористика ғылымы 
оңаша отау болып, жеке шаңырақ 
көтерді. Бұл қазақ әдебиеттану ғы-
лы мы өзінің туғандығын нақты дә-
лелдеген кезеңінде әдеби мұраны 
иге ру проблемасын біршама оңтайлы 
ше шіп алғанына айқын дәлел.
2.2. Әдебиет тарихының 1920-1930 жылдардағы зерттелуі
ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебие-
тін ғылыми тұрғыда тану мен дәуірге 
бөлуде алғашқы қадам жасаған әде-
би-тарихи ой-пікір төңкерістен кейін-
гі жылдарда жалғаса түсіп, әдебиет 
туралы ұлттық ғылымның туу дәуірі-
не тән күрделі мәселелерге арала са 
бастады. «Әрбір халықтың әдеби-
көркем мұрасында оның бүкіл тари-
хы мен жан-дүниесі, дүниетанымы 
жатады. Сондықтан келешек ұрпақ 
үшін ол рухани өмір тәжірибесінің 
мәңгі тірі бастаулары болып санала-
ды. Бұл шындық Қазан төңкерісінен 
кейін-ақ бірден өзіне жол сала бас-
тады», – деп жазылғанындай, өз 
бағыт-бағдарын танып қалған әде-
би-тарихи ой-пікір төңкерістен соң 
әр түрлі сипаттағы концепциялар 
мен көзқарастарға кездесті. Олар 
әде биет тарихын классикалық мұ-
раны жаңаша тануға ұмтылған әр 
қилы әдістерге сүйенген теориялар 
еді. Оның басты себебі, әдебиет-
тану ғылымы 1920 жылдардың бас 
кезінің өзінде-ақ классикаға, яғни 
өткен дәуірдегі өмір сүрген ақын-
жазушылар шығармашылығына, ерек -
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет