73
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
БІЛІМ • BILIM
ISSN 1607-2790 (PRINT), ISSN 2960-0642 (ONLINE)
WWW.BILIM-UBA.KZ
№2 (105) 2023
табылады. Сондықтан осы іргелі прин-
ципке қол жеткізудің кез-келген қолайлы
құралын физика мұғалімі дұрыс таңдауы
керек. Физика пәнін оқуда оқушыларға
оқу нәтижелерін
барынша арттыруға
көмектесудің бір жолы-тиімті оқыту стра-
тегияларын пайдалану, яғни оқушылар-
дың оқу қажеттіліктерін және ұмтылыста-
рын қанағаттандыратындай және оқудың
максималды нәтижелеріне қол жеткізу-
ге көмектесетіндей
оқыту стратегиясын
таңдауы керек. Демек, физика мұғалім-
дері өз сабақтары үшін стратегияларды
таңдағанда, олар әдетте оқушыларының
не, қалай, қайда және қашан оқығысы ке-
летініне назар аударуы тиіс [1].
Мұғалімдердің
мақсаты оқушыларды
оқуға ынталандыру және оқушыларды
дағдыларды мақсатты дамытуға бағыттау
үшін қажетті, сәйкес және пайдалы оқы-
ту стратегиясын таңдау болып табылады.
Практиккалық сабақтарды дәстүрлі түр-
де өткенде оқушылардың бойында ХХІ
ғасыр дың қажетті дағдылары дамиды деп
күту қате, өйткені дәстүрлі сабақ жағдай-
ында жасалған
сабақтар оқушыларға
сыни тұрғыдан ойлауға, басқа оқушылар-
мен ынтымақтастыққа немесе проблема-
ларды шешуге, жаңа ақпаратты сыныптан
тыс тәжірибемен байланыстыруға мүм-
кіндік бермейді. Сонымен қатар, оқушы-
лар жаңа ақпаратты алдыңғы идеялар-
мен салыстыра отырып, оқыту мен білімді
игеру процесіне белсенді қатысуы керек.
Оларды
мұғалім жаңа идеялар жасай
алатындай етіп бағыттауы керек. Оқушы-
лардың сыни ойлауын қамтитын, ынта-
ландыратын және дамытатын осындай
оқыту стратегияларының бірі – 5Е оқыту
моделі, ол қатысуды, зерттеуді, түсіндіру-
ді, дамытуды
және бағалауды қамтитын
бес кезеңнен тұратын зерттеулерге не-
гізделген оқу циклдарын қарастырады.
Физика мұғалімдерінің 5E оқу моделін
оқытуға енгізуі оқушыларға мағыналы
оқу тәжірибесі
арқылы жаңа мазмұнды
зерттеуге қатысуға, зерттеу арқылы білім-
дерін қалыптастыруға қосымша мүмкін-
діктер береді және дискуссия, талқылау
және түсініктеме арқылы жоғары деңгей-
лі ойлауды дамытады [2].
Достарыңызбен бөлісу: