Сабақтарында 5 е оқыту моделін қолдану жолдары П. У. Баймишова



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата01.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#194398
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
pdf

4-кесте – Өлшеу кестесі
Графикке түсіндірме жазыңыз.
Қорытынды:
қорытынды-жүргізілген 
эксперименттер нәтижесінде алынған 
мәліметтерге негізделген пайымдау, де-
ректерді жинау кезінде қолданылатын 
ойлау процесі. Бұл процесс жүйелі және 
мұқият жүзеге асырылған кезде, кейбір 
тұжырымдар ақпараттың бірнеше фраг-
менттері немесе логикалық қорытынды-
лары бар бақылаулар негізінде жасала-
ды. Қорытынды жасау кезінде жиналған 
дәлелдемелерді пайдалану маңызды 
Оқушылардан эксперимент пен сы-
зылған графиктерді қолдана отырып, өз 
болжамдарын жазу сұралады.
Бұл кезеңді нұсқаулықта мынандай мәтін-
де көрсетуге болады:
5-кесте – Өз қорытындыңызды жазыңыз.
Сіз жасаған эксперимент пен графиктер негізінде 
қандай қорытынды жасауға болады? болады?
1-қорытынды
2-қорытынды
3-қорытынды
Дамыту кезеңі: Осы кезеңде оқушылар-
дан экспериментке қатысты күнделік-
ті өмірінен мысалдар келтіру сұралады. 
Олар осы эксперименттерден алынған 


78
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БІЛІМ • BILIM
ISSN 1607-2790 (PRINT), ISSN 2960-0642 (ONLINE) 
WWW.BILIM-UBA.KZ 
№2 (105) 2023
жаңа идеялар мен жаңа мүмкіндіктерді 
достарымен бөлісіп, алдағы кезеңдерде 
(өз өмірлерінде) қолдану мүмкіндіктерін 
талқылайды. Ақпарат алмасу кезеңі 
маңызды қадам болып табылады, өйт-
кені бұл оқу процесіне басқа оқушылар 
кіреді, олар осы уақытқа дейін үйрен-
ген ақпарат пен тұжырымдамалардың 
дәлдігін қайта қарастырады және сол 
ұғымдар мен ақпаратты басқа салалар-
дағы ұғымдар мен ақпаратпен байланы-
стырады.
Бұл кезеңді нұсқаулықта мынандай мәтін-
де көрсетуге болады: Топ мүшелерімен 
талқылағаннан кейін күнделікті өмірде 
көретін басқа қолданбалар туралы не ой-
лайтыныңызды жазыңыз.
Бағалау кезеңі: Бағалау кезеңінде оқушы-
лар алынған ақпаратты бағалау арқылы 
қорытынды жасайды. Бағалау кезеңін-
де оқушылар зерттеу барысында білген 
ақпарат пен тұжырымдамалар аясында 
қойылған сұрақтарға жауап табуға тыры-
сады. Әр экспериментте шамамен 3-4 
сұрақ қойылды және олар сабақ алды ма, 
жоқ па, соны анықтау үшін бағаланды.
Бұл тұжырымдамалық сұрақтар физика 
оқулықтарынан алынды. 
Бұл кезеңді нұсқаулықта мынандай мәтін-
де көрсетуге болады:
Осы эксперимент барысында алынған ақпарат пен мәліметтерге негізделген келесі 
сұрақтарға жауап беріңіз
1-сұрақ: Тарзан ағашқа ілініп, жүзім бұтасында екіншісіне секірді. Жүзім бұтағы қай уақытта 
сынып кетуі мүмкін?
2-сұрақ: Сіз жүргізген эксперимент негізінде маятникке қатысты формулалар туралы не айта 
аласыз?
3-сұрақ: келесі сөздердің дұрыстығы туралы не ойлайсыз? 
Егер олар дұрыс болмаса, себептерін көрсетіңіз. 
а) Период (T) тербеліс нүктесіндегі ауырлық күшінің (g) квадрат түбіріне кері пропорционал.
б) Период (T) маятник ұзындығының квадрат түбіріне пропорционал (l). 
в) Период зат пен заттың массасына байланысты емес.
d) Период 
α
<10 кіші бұрыштарындағы тербеліс амплитудасына тәуелді емес.
Дайындалған нұсқаулықтың соңғы бөлі-
гінде оқушылар эксперименттер кезінде 
жіберген қателіктері және осы қателік-
тердің себептерін көрсетіп жазады.
Бұл кезеңді нұсқаулықта мынандай мәтін-
де көрсетуге болады: Эксперимент кезін-
де қандай қателіктер жібердік және рұқ-
сат етілген қатені арттыратын факторлар 
қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет