72
2.
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БІЛІМ • BILIM
ISSN 1607-2790 (PRINT), ISSN 2960-0642 (ONLINE)
WWW.BILIM-UBA.KZ
№2 (105) 2023
ҒТАМР 14.25.09
DOI: 10.59941/2960-0642-2023-2-72-81
Физика пәнінің практикалық (зертханалық)
сабақтарында 5 Е оқыту моделін қолдану
жолдары
П. У. Баймишова
Әлихан Бөкейхан
атындағы BINOM SCHOOL
мектеп-лицейі, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ
Қазақстан, Астана қ.
Аңдатпа.
Физиканы оқытудағы практикалық (зертханалық) жұмыстың мақсаты –
оқушыларға бақылау және зерттеу дағдылары мен әдістерін үйрету, проблема-
ларды шешу дағдылары мен физика пәніне қызығушылығын
дамыту болып та-
былады. Практикалық (зертханалық) жұмысты оқушыларға жасату барысында
мұғалімдер дәстүрлі оқыту әдістерінен ауысып, оқушыларды ақпаратты өз бетін-
ше іздеуге, зерттеуге бағыттайды. Осыған сүйене отырып, зерттеудің мақсаты фи-
зика пәнінің практикалық сабақтарында 5Е оқыту моделіне сәйкес әзірленген ма-
териалдардың оқушылардың меңгеруіне әсерін зерттеу болып табылады.
Тірек сөздер:
5 Е оқыту моделі,
физикалық білім беру, зертханалық сабақ.
Қалай дәйексөз алуға болады / Как цитировать / How to cite:
Баймишова, П. У.
Физика пәнінің практикалық (зертханалық) сабақтарында 5 Е
оқыту моделін қолдану жолдары [Мәтін] // «Білім» ғылыми-педагогикалық журна-
лы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2023. – №2 (105).
– Б. 72-81.
Кіріспе
Қазіргі білім берудегі оқытудың ең тиімді
модельдерінің бірі – бұл конструктивизм.
Конструктивистік тәсіл адамдар өз білім-
дерін басқалардан тікелей алудың ор-
нына өздері құруы керек деп болжайды.
Білім саласына конструктивистік көзқа-
растың әсері өте маңызды.
Атап айтар
болсам, осы теорияны жаратылыс тану
біліміне енгізу мақсатында әзірлеген 5Е
оқыту моделі. 5Е оқыту моделі бес ке-
зеңнен тұрады: қатысу, зерттеу, түсіндіру,
дамыту және бағалау. 5Е
оқыту моделі
конструктивисттік тәсілдің талаптарын
толықтай қамтамасыз етеді: оқушыларға
тұжырымдамаларды
зерттеуге,
осы
ұғымдарды түсіндіруге
және оларға осы
жаңа тұжырымдамаларды қолдануға
мүмкіндік береді. 5Е оқу моделі оқушы-
ларға жаңа ұғымдарды үйренуге немесе
белгілі
тұжырымдаманы егжей-тегжей-
лі түсінуге көмектеседі. Оқушылар жаңа
ұғымдарды үйрену кезінде бұрынғы
білімдерін қолдануы керек.
Бұл зерттеу-
де 5Е оқыту моделіне сәйкес физикалық
практикалық сабақтарды қалай құру ке-
рек екендігі көрсетіледі.
Оқушылардың
оқу нәтижелеріне тиімді
әсер ету үшін мұндай зерттеулерге негіз-
делген оқу стратегияларын дәйекті түрде
жиі қолданған жөн.