II бөлім. Дидактика
217
3. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;
4. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін
және дағдыларын бекітуге
арналған тапсырмалар;
Осы аталған тапсырмалар түрлерінің әрқайсысы жеке, не топтық сипатқа
ие, яғни, оқушы тапсырманы жеке орындайды, не топпен орындайды.
Тапсырмалар оқушының орындай білу мүмкіндіктеріне қарай қүрылуы керек.
Белгілі бір уақыт арасында: 1 сынып - 1
сағатқа дейін
2 сынып - 1,5 сағатқа дейін
3-4 сыныптар - 2 сағатқа дейін
5-6 сыныптар - 2,5 сағатқа дейін
7 сынып - 3 сағат
8-11 сыныптар - 4 сағатқа жуық.
Бағдарлама-
ларды күрделілігі жағынан А,В,С, әртүрлі сабақты тақырып бойынша жоспар-
лағанда, оқушылармен семинар-сабақтарда жүмыс жасау кезінде қолдану
мақсатында “минимум-максимум“ үстанымы негізінде қүрастырады да,
барлық
оқушыларға міндетті ең аз мелшердегі тапсырмалар бөліп көрсетіледі. Ең көп
мөлшердегі тапсырмалар жеке оқу пәндеріне қызығушылық білдірген, тиісті
қабілеттері бар балаларға арналған.
Алайда үй жүмысы мәселесі соңғы онжылдықта
педагогикалык баспасөз-
дерде өте өткір мәселе болып отыр. Яғни, үй жүмысының қажеті жоқ, бәрі
сабақ уақытында үйретілуі қажет деген пікірлер бар.
Бүл пікірлердің жаны бар, ақиқат нәрсе екені сөзсіз. Егер үй тапсырмасы
сабақ үстіндегі мүғалімнің
айтқанын жаттаумен, тармақшасын оқумен, сыныпта
шешілген типтегі есептер шығаруға, бір ережеге
арналған жатығулардың
түрлерін орындауға арналса, онда қазіргі мектептегі оқыту жүйесінде үй
тапсырмасына орын жоқ болып шығады.
Кез келген үй тапсырмасын сыныпта орындалған тапсырмамен салыстыр-
ғанда оқушыны танымдық әрекеттің жаңа деңгейіне шығара алатын, оның
білімге қүмарлығын
ынталандыратын, жаңаны тануға үмтылуын қажет ететін
болуы керек.
Бүның себебі: Кез келген үй тапсырмасы оқушыны кез-келген кедергіге дайын
түратындай деңгейге жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: