П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р


Білім берудің иегізгі устанымы - оның гуманистік багдары



Pdf көрінісі
бет45/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

Білім берудің иегізгі устанымы - оның гуманистік багдары.
Ол білім беру үрдісінің жеке түлғаға, оның жеке омірі мен мәдениетті 
байланыстыруға, омірге белсенді араласуға қажетті түлғалық қасиеттерді 
толык дамытуға багыттылықты көрсетеді. Бүл ретте білім беру үрдісінің 
маңызды сипаггамасы оған қатысушылардың бір-біріне ізгілікті қатынасы 
түлғаны сыйлау болып табылады.
Білім беруді ізгілендірудің маңызды бөлігі гуманитарландыру болыгі 
табылады. Бүл, біріншіден, барлық оқу пәндерінің мазмүнына адам, адамзат 
және адамилық туралы білімдерді ендіру. Екіншіден, гуманитарлық оқу 
пәндерін (әдебиетті, тарихты, тілдерді, өнерді) оқытуға ерекше коңіл аудару, 
олардың білім берудегі басымдығын мойындау керек. Үшіншіден, осы 
үстанымды жүзеге асыру аясында гуманитарлық емес пәндерді (физиканы, 
химияны, математиканы, информатиканы және т.б.) оқытуды ізгілендіру 
міндеті туындайды. Бүны әрбір пәнде жалпыадамзаттық мәдениеттің бір және 
басқа бөліктерін бөлігі көрсегу арқылы шешуге болады. Осы үстанымға сәйкес


I бөлім. Педагогиканың жалпы иегіздері
37
кез келген оку пәнін окыту оқушылардың шығармашылық қабілетгерін дамытуға, 
сезімдерін және ізгілікті қатынастарын қалыптастыруға бағытталады.
Білім беруді ізгілендіру ең басты және жүйе қүрушы үстаным болып 
табылады. Шын мәнінде, педагогиканың барлық бөлімдері және осы кітаптың 
бүкіл мазмүны осы үстанымды білім мазмүны мен білім беру үрдісінде іске 
асыру тәсілдерін ашып көрсетеді жоне нактылайды.
Келесі бүкіл білім беру үрдісіне тән қазіргі қоғамды ақпараттандыру 
үрдісінің бір бөлігі болып табылатын білім беруді ақпараттандыру үстанымы. 
Біздің дәуіріміз “ақпараттық жарылыспен”, яғни ғылыми, техникалық, мәдени 
ақпарат санының күрт өсуімен сипатталады.
Ақпараттандыруға қажеттілік қолдарымыздың машинамен қарулануының 
(XX ғ. ортасынан бүкіл дене еңбегінің 99%-ы машинамен орындалады) жоне 
басымыздың “қолөнерлік қарулануының” арасындағы бүрын болып көрмеген 
қайшылықта жатыр. Адамдардың ақпаратгық мүмкіндігі күш-жігердің аясы- 
мен шектелмегендіктен, машиналық техниканы шексіз пайдаланатын өндіріс- 
тін энергетикалық мүмкіндігіне сәйкес болудан қалды. Бүл қарама-қайшылық 
ақпараттық дағдарысқа әкелді. Дәл осы қайшылық білімдерді өңдеу және пай- 
далану саласында ақпараттық, компьютерлік технологияларды жасау жолымен 
шешіледі. Мүны үлы ақпараттық төңкерістер тарихында жазу мен кітап басып шы- 
ғарудан кейінгі ақпараттық саладағы үшінші төңкеріс деп есептеуге болады.
Білім беру саласын ақпараттандырмайынша еліміздің экономикасының 
артта қалуының негізі орта жоне жоғары мектепте салынбақ. Бүкіл дүние- 
жүзінде ақпарат саласындағы мүқтаждыққа жаңа сүраныстар білім беру жүйе- 
сін ақпараттық өнімдермен, қүралдармен және технологиялармен байытуды 
кажет етеді. Білім беру жүйесі мекемелеріне микропроцессорлық техникаға 
негізделген ақпараттык қүралдар, ақпараттық өнім және гіедагогикалык техно­
логия ендірілуде. Оқыту үрдісінде компьютерді көп мақсатты пайдалану 
кеңінен орын алуда. Оқыту қызметін атқаратын ақпараттық кеңістік қүру, 
информатика мен есептеуіш техникасын оқыту, жаңа программистерді даярлау -
ақпараттандыру үстанымын жүзеге асырудың кейбір түрлері осы.
Бірақ ақпараттандыру үстанымының бүкіл маңыздылығының өзінде ол ең 
негізгі бағыт - ең басым түрдегі білім беруді ізгілендірумен қарама-қайшы- 
лыққа түспеуі керек. Ақпараттандыру балалардың мектептік өміріндегі 
түлғаға қатыссыз ақпараттың үлесі мен рөлінің өсуі есебінен жай адами 
араласудың мүмкіндігін қысқартуға әкелмеуі керек.
Тірі араласудан виртуалды болмысқа кетудің неге әкелетінін алтыншы 
сынып оқушысы өзінің аңғал өлеңдерінде айтады.
Мүмкін, әрбір бала
Өзінің сүйікті ойыншығын иемденген болар...
... Ал мен болсам баяғыдан
Шусыз компьютермен ойнауды үнатамын,
Маған басқа ештеңе керек емес,
Тек қана ақылды досыммен аралассам болды,
Мен өз “ойыншығымды” сонша жақсы көремін,
Ештеңеге оны айырбастамаймын.
Ол маған қиын өмірде,
“Кімнің кім екенін” ажыратуға көмектеседі.
Бүл әрине, ерте жастықтың армандарынан аспайды. Өмірлік жағдаяттарды 
ажырата білуге ақылды қу машина емес, тірі, ізгілікті және ақылды дос


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет