40
/
бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері
Ол себептердің бірітиісі -
қоғамның даму тенденцияларының, ондағы
өмір жағдайларының өзгеруі, идеологиялық бағдарлардың ауысуы.
Осыларға
сай білім беру мақсаттары өзгереді, ал соларға сәйкес оның мазмүны, білім
беру әрекетінің әдістері, ғылыми талдау объектілері және көптеген басқа
нәрселер өзгереді.
Жақын әрі көкейкесті мысал. 1960 жылдары пайда болған демократия-
ландыру мен гуманитарлық ойлау тенденциялары педагогикадағы түлғалық
тәсілдің, кейінірек түлғалық бағдарлық білім түрінің қалыптасуына алып
келді. Осындай бағдар жаңа ғылыми мәселелер
мен практикалық міндеттерде
көрініс тапты. Қоғамда және білім беруде осы тенденциялардың дамуына
байланысты пайда болған мэселелердің толық болмағанымен, жалпы сипатта-
масы осы. Бүл ең алдымен, оқушы түлғасының қалыптасуына өз кесірін
тигізетін беделдік үлгісінен бас тарту,
демек оның жан-жақты дамуына,
мәселелік оқуына бағдарлану болып табылады. Адамның әлеуметтік қызметін
түсінуде гуманистік нүсқауларды, сондай-ақ педагогика ғылымы мен
практикасын философиялық және әдіснамалық ойластырудан өткізуге көңіл
аударуды іске асыратын жалпы орта білім мазмүнын қүрастыруда мәдениет-
танулық тәсіл маңызды мәнге ие болып отыр.
Оқытудағы шектен тыс интеллектуалдылықтан қүтылу қажеттілігі, жалпы
адами қүндылықтарды бекіту педагогика ғылымының
мәселелерін жаңаша
ойластыруға жетелейді. Алғашқы жоспарға түтас оқу-тәрбие үрдісінің теория-
лык негіздерін жасау және оқытудың мазмүны, әдістері мен үйымдастырылуы
сияқты үғымдарды жасауға қатысты оқытудың тәрбиелік қызметін жүзеге
асыру мәселелерін зерделеу енгізіледі. Әрине, практикада осыларға сәйкес
жүмыстар жүреді. Егер біз үнемі барлық жағдайда барлық сүрақтар шешімін
әуелі теориядан және сонан кейін ғана практикадан күтетін болсақ, ол бір
өрескел жәйт болар еді. Педагогикалық зерттеудің бір көзі - коғамның
әсерімен және педагог-практиктердің уақыт талабын ескеруінен туындаған
практикадағы өзгерістерге талдау жасау. Педагогикалық қарым-қатынастың
демократиялық сипаты, балаларға гумандық
қатынас ойламаған жерден, яғни
министрліктің бүйрығымен немесе ғалымдардың талап етуінен пайда бола
алмайды.
Ғылым мен практиканың байланыс жүйесінің өрлеуін тоқтатуға мүмкіндік
бермейтін
екінші себеп
- білім беру үрдісінің мақсаты мен нәтижелері
арасындағы үзіліс, сәйкессіздік. Ондай жағдай мақсат өзгергенмен педаго-
гикалық жүйе бүрынғыша қалғанда, әрекеттің нәтижесі оның мақсаттарымен
сәйкес келмегенде, өзінің күткен ойынан шықпаудан басталады:
білім беру
жүйесінен өзгерек, жағдайға үйлеспейтін мамандар даярланып шығады. Мүн-
дай сәйкессіздікті көпшілігі сезінеді де, олар педагогтарға өздерінің орынсыз
талаптарын қояды: теоретиктерге және практиктерге педагогика ғылымы
өмірден қалып отыр, ал мектеп болса нашар оқытады және тәрбиелейді.
Ғылымдағы
олқылықтар
және
практиканың
“қиын”
мәселелері
осы
кемшіліктерді жоюға жеткізетін, ғылыми қүралдарды жасауға итермелейді.
Білім берудің мақсаттары өзгергенде педагогикалық теорияның болжам-
дық қабілеті ерекше анық көрінеді. Педагогика ғылымы алдына педагоги-
калық әрекеттің мақсаттары мен нәтижелерінің
сәйкестігінің ең жоғарғы
деңгейіне жету үшін жаңа жағдайда педагогикалық жүйенің қалай болатынын