Асфендияров 2-том indd


ОҚУ-ТӘрБИЕ ЖӨНІНДЕ БАлАлАр



Pdf көрінісі
бет44/171
Дата11.04.2024
өлшемі1,77 Mb.
#200713
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   171
Байланысты:
asfendiiarov sanzhar shygarmalary tom 2

ОҚУ-ТӘрБИЕ ЖӨНІНДЕ БАлАлАр 
ҮЙІНІҢ МІНДЕТТЕрІ
Балалар панасыздығын Қазақстан негізінде жойды. Қазіргі 
күнде 305 жерден балалар үйлері ашылып, 66000 бала тәрбиеленіп 
отыр. 
Бұл жас өспірімдердің өмірі күндіз-түні балалар үйінде, мек-
теп айналасында өтеді. Сондықтан бұлар жай мектеп балаларына 
қарағанда өзгеше жағдай ішінде болады. Оларға білім беретін де, 
тәрбие беретін де, асырап сақтайтын да интернат-мектеп бола-
ды. Жай мектеп балаларына тәрбиесі де мектеп қолында болған 
мен тұрмыс жағы әзірге ата-аналар қолында, мектеп сыртында 
соңғылардың бірде болмаса, бірде тәрбие жөнінен өзге ықпал 
астында болуы мүмкін. Балалар арқылы мектептің ата-аналарға 
әсері, ықпал жүрсін дегенде осы жағы ескерілген. 
Ал, енді, интернат-мектеп балалар 100% оқытушылар мен 
тәрбиешілер қолында. Жаңағы айтылған реттен интернат-мектеп-
тер қолайлы жағдайда деуге болады. Бірақ мүмкін болған жағдай 
өздігінен жарыққа шықпайды, оның бер жағында бізге толық 
тәрбие орны болғандай интернат-мектептердің тарықы жоқ. 
Әңгіме – интернат-мектептерінің жұмысын оқу жағынан болсын, 
тәрбие жағынан болсын, жазушылық жағынан болсын, – жоғары 
көтеріп, жұмыс сапасын жоғарлату, – жас өспірімдерді социалдық 
құрылыс ерлері етіп, коммунистік тәрбие беріп шығару. 
Осы айтылған міндеттерді толық орындау үшін, бірінші-
ден – балалардың тұрмысын толық жақсарту; екіншіден – оқу 
жасындағылар тегіс оқуға тарту; үшіншіден – оқу-тәрбие сапасын 
көтеру; төртіншіден – интернат пен мектеп үйлерін шын тәрбие 
орны сыйқына келтіріп, жас өспірімдердің ден саулығын сақтау 
үшін қойылатын шарттарды толық орындау.
Жоғарыда айтылған міндеттерді орындауға бүкіл жұртшылық 
жауапты, соның ішінде алдымен халық ағарту орындарымен бала-
лар үйлерінің қызметшілерімен тәрбиешілер жауапты. 
Балалар үйлерін құру жөнінде табыстарымыз мүлде жоқ де-
мейміз. Бірақ олқылықтарымыз көп. Ол қандай кемшіліктер?
Біріншіден – балалар үйлеріне арналған, жіберілген азық-
түліктер мезгілінде алынбайды, алынса тиісті жеріне толық 
жұмсалмайды: суық қол кіріп кететін көрінеді (Шымкент, Келес, 
Әулие-Ата аудандары). 
Екіншіден – балалар үйлері жанынан құрылатын 207 шаруа- 
шылық осы күнге дейін жөнделмеген, әңгіме қағаз бетінен асқан 
жоқ.


138
Балалар үйлерінің жазғы егісі үшін Халық ағарту комиссари-
аты (14600 гектарға жететін) тұқым берілетін қылған. Балалар 
үйлерін басқарып меңгеріп отырғандардың бір зор міндеті осы 
жазғы егіс жоспарын толық орындап шығу. 
Жергілікті жерлердің берген мәліметіне қарағанда балалар 
үйлері балалар, оқуға мына түрде тартылып отыр
Облыстардың аттары
Мектеп 
жасындағы 
балалар саны
Оқуға 
тартылғандар 
саны
%%
есебімен
Алматы қаласы
2215
2313
99,0
Алматы облысы
7038
6355
90,0
Ақтөбе
5764
5384
76,0
Күн Шығыс Қазақстан 8531
5671
66,6
Күн батыс
2674
2630
98,0
Қарағанды облысы
9204
8376
91,0
Оңтүстік Қазақстан
10177
9460
92,0
Барлығы
45603
39092
85,4
Оқу жұмысына тиісінше көңіл бөлінбегендіктен, оқу жасын- 
дағы баларлар оқуға тегіс тартылмай отыр. Тексеру мәліметтеріне 
қарағанда балалар үйлерінде оқу сапасы да кем, мұғалімдері 
жетіспейді. 
Балалар үйінде – тәрбие аса маңызды орын ұстайды. 
Бұл жөнде балалар үйлері төрт аяғынан бірдей ақсап отыр. Се-
бебі тәрбиешілері сұрыпталмаған, көбінің білімі, тәжірибесі жоқ, 
алғашқы кезде кім болса сол тәрбиеші болған. Балалар үйлеріне 
коммунистік тәрбиенің не екенін жақсы білетін адамдар керек. Өзі 
тәрбие жолын білмеген жас өспірімді қалай тәрбие етеді?
Балалар үйлерінің қазіргі негізгі мақсаты есебінде мына 
мәселелерді көрсетеміз: 
Балалар үйінің басқару, тәрбие жұмысын жолға қою мақсатында 
қазіргі күнде – қызмет атқарып жүрген адамдардың арасына табы 
пиғылы жағынан тексеру жүргізіп олардың арасындағы орындай-
тын жарамсыз табы жат адамдар аластау.
Балалар үйлерінің бүгін таңда орындайтын міндеттеріне мы-
налар кіреді:
а) балалар үйлерінің қызметшілері тез арада сұрыпталсын, 
жарамайтындары алыстап шығарылып, олардың орнына жас 


139
өспірімдер арасында коммунистік тәрбиені дұрыс жүргізе алатын 
таңдамалы қызметкерлер берілсін;
б) балалар үйлерінде қоғамдық-көпшілік жұмысты дұрыс жолға 
қою сол жұмыстарды оқу-тәрбие жұмыстарына бағындыру;
с) балалар үйлері шаруашылығын нығайтып өркендету;
д) оқуға тартылғандар арасында оқу сапасын көтеру;
е) балалар үйлерінің меңгерушілері істеген жұмыстарынан 
уақытында есеп беріп тұратын болсын;
м) балалар үйі шын тәрбие ошағы болсын, бұл үшін тәрбие 
жұмысы нағыз коммунистік жолға қойылсын. 
Ауыл мұғалімі. 1934 ж. №6. 7-9 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет