Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет104/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
211 
- Сен анау шоқ талдың түбіне барып, мені аңды! Аздан соң Тоғжанды алып 
қашам! - деді де, қайта салды. 
Абай тал арасында тұрып, Тоғжанның «қолды болуын» тосты. Көп күткен 
жоқ, Ербол алып қашты. Бірақ бұл жолы «қой» алу оңай болған жоқ. Көп 
ішінен, әсіресе, Керімбала қатты айғайлап ұмтылды. Тоғжанды Абай тұрған 
жақтан басқарақ бір ағашқа апарып, оған да бірдеңе айта салып, Ербол қайта 
шауып кетті. 
Абай бұл кезде Тоғжанның, жанына қалай жеткенін білген жоқ. Екеуі 
қалың ағаштын арасында, ай сәулесі үзіліп түсіп тұрған бір алаңқайда кездесті. 
Бір-біріне ұмтылып келгенде, Тоғжан жылап жіберіп, Абайдың құшағына кіре 
берді. Жасқа толған көздерін сүйген жігітін төсіне басып, тұрып қапты. Екі 
иығы шошынып қысылғандай, дірдір етті. 
Абай: 
- Тоғжан, жыламашы! - деп, шашынан ғана сүйіп, қатты құшақтап қысып 
тұрғанда, Тоғжан басын жоғарырақ көтеріп: 
- Көрісейікші бір! Сағындым! - деді . Дәл осы уақытта: 
- Тоғжа-а-н! Қайдасың? Қасқырға берер Тоғжаным жоқ! Жүр, - деп 
айғайлап, күліп жүгіріп келе жатқан Керімбаланың даусы естілді. Абай 
Тоғжанды асығып қысып, бір-ақ сүйді. Қызарып толқыған ыстық бетінен сүйді. 
Керімбаланың жақындап қалған сыбдыры естілгенде, Тоғжанның бөркін түзеп 
кигізді де: 
- Ертең тос! Есебін тауып көреміз! Келемін! - деді. Қалың жапырақ 
арасынан түскен ай сәулесі теңгедей бір жарығын Тоғжаннын он көзіне түсірді. 
Кірпігінде үлкен бір тамшы жас іркіліп тұр екен. Қастарына Керімбала жүгіріп 
келгенде, екеуі жай ғана қатар тұрған. Керімбала әдемі ақ тістерін ақсита күліп, 
бөркін шекесіне салып, бар денесімен бұраңдап, ойнай келіп: 
- Е-е, мұнда ма едіңдер? Қозымды қасқыр жей ме десем, қойдың өзінің де 
жегісі келе ме, қалай? - деп, барынша шаттанып күліп, Тоғжанның иығына 
бетін басты. 
Жазықсыз ерке қыздың күлкісі сияқты. Бірақ мынандай, ойдағысын 
ірікпейтін Керімбала, қазір айтқанын көпке де айтуға мүмкін. 
Абай соны ойлап: 
- Жала жаппаңыз, Керімбала! Басымызға күн туып, қолды болған соң, бізде 
не жазық бар?! Амал қане? Мұңымыз бір болғандықтан кездесіп тұрмыз! - деді. 
Керімбала күлкісін тыйған жоқ: - Әй, білмеймін, кімге салсақ та, құлқыным 
таза дей алар ма екенсіз, Абай? - деп, сезігін айта бастады. 
Мына сөзі әлгіден де жайсыз. Тоғжан ашумен тыймақ болып: 
- Қойшы, Керімбала! Күлкінің де орны бар ғой. Не деп барасың өзің? - деп, 
ұнатпай қалды. Керімбала Тоғжанға жалт етіп, ренжіп қарады. 
Абай бұл қызды ашумен тыймай, майда мінезбен тыймақ. 
- Керімбала, жұрт аузы жеңіл ғой! Ұшқары қалжың құрбыңа ауыр тиіп, 
жазықсыз жаманат келтіруі мүмкін. Ондай сөзге жұрт алдында сақ болу керек 
емес пе? - деді. 
Керімбала бұл сөзді дұрыс түсініп, қайта күліп жіберді. Қазір ұялып 
күлгендей. Мінезі жақсы, жүрегі таза баланың ұялған күлкісі тәрізді. 
«Тоғжанды ренжіттім бе?» дегендей боп, құшақтай алып, ерте беріп: 


 
212 
- Ал, енді ашуланба! Ендігәрі айтпай-ақ қояйын! - деді. 
Үшеуі де топқа қайтты. Осыдан әрі көптің ойыны созылса да Абай мен 
Ербол бөгелген жоқ. Ертең ерте жүреміз деп, ауыл иелеріне рақмет айтып, асқа 
да қарамай кетіп қалды. 
Келесі күні айтқан сөздерін ақтағандай боп, екі жігіт Бақанасқа кетті. 
Қаратайдың аулына барып түстеніп, кеш батқанша сонда болды да, сол күні 
ымырт жабылып, ел аяғы басылған соң ғана Жәнібекке қайтты. 
Ақырын жүріп, дабырламай келді. Жерқылаң түстес жігіттерді иттер де 
байқамай қапты. Ауылдың шетінде отырған Ербол үйіне жым-жырт кеп түсті. 
Осы түн ел әбден ұйқтаған кезде, Абай мен Ербол үй тонайтын ұрыларша 
жасырынып бұғып, ептеп басып кеп, Асылбек отауының есігіне жетті. Екеуі де 
киіз есікті жамылып тұрып, іштегі ағаш есікті ашудың амалына кірісті. Үй 
ішінде ояу жатқан әйел бар екен. Шолпы сылдыры естілді. Кәрі кісі болмау 
керек. Бұл үйде шолпы тағарлық екі-ақ кісі болуға лайық. Оның бірі - жеңге, 
бірі - Тоғжан. 
Ойлағандай жақын адам жігіттерге: 
- Ақырын! - деп, сыбыр етті де, есікті өзі ашты. Үй іші қараңғы. Жігіттер 
үйге кіргенде, жаңағы дауыс тағы сол сыбырмен: 
- Абай... - деп, дыбыс берді. 
Абай қолын созды. Кимешегі бар жеңге екен. Абайды қолынан ұстап, төрге 
қарай жетектей берді де, артына шала бұрылып Ерболға: 
- Сен қайта бер. Өзі барар! - деді. 
Дұрысы сол еді. Ербол ақырын басып, қайтадан шығып кетті. 
Абайдың ілгері созып келе жатқан оң қолы жібек шымылдаққа тиген кезде, 
алдынан қарсы қозғалып келе жатқан Тоғжанның ыстық саусақтары мұның 
бетіне тиіп еді. Екеуі де шапшаң ұмтылысып кеп, қатты құшақтасты да, ұзақ-
ұзақ сүйісіп, үнсіз жабысып тұрып қалды. Дірілдеген демдері қосылып, ыстық 
еріндері енді айрылмастай табысқанды. 
Тып-тыныш жаздың таңы сары қабақтан баяу атып, түріліп келе жатқан 
шақта Абай мен Ербол Жәнібектен жөнеле берді. 
Азғана жүріп, қарсы қабақтан асты. Ай батқан, жұлдыздар да сиреп, бір-
бірден сөніп жатыр. Боз көденің арасынан үркіп ұшкан торғайлар аспандап ап, 
қалықтап тұрып сайрай бастады. 
Абай жүрегі де сыр мен жырға толы. Жеңіл тымақтың бір құлағын 
жымырайта киіп, сары жорға аттың жайлы бір жүрісіне салып, Ботақанға қарай 
беттеп келе жатып ән бастады. 
Ауылдан бірталай ұзап кеткен соң Абай барлық ашық сұлу даусымен аса 
бір сезімді ырғаққа салып, көп жырлады. Жүрегін толтырған қуаныш та, назды 
мұң мен толқынды ыстық ой да барлық пердесіз, қытықсыз шынын осы әнге 
табыс еткен. Сөз де бөлек... Қайдан шыққан? Қашан айтылған? Қандай нәзік 
жан осындай боп, бар шынымен сүйе білген? Мәлім емес. Шырқап келеді. 
Бір тоқтамай, мүдірмей, соншалық бір шебержүйрік тіл тауып, жыр 
самқайды. 
Қандай жолмен, қанша жүргенін де білмейді. Бір шақта Ботақан ошағында 
отырған ауылдардың төбесі көрінді. Абай сонда ғана әнін тоқтатып, Ерболға 
қарады. 


 
213 
Жолдасы Абай күйін ұққандай боп, жымиып қана күліп, сүйсіне қарап 
келеді екен. Абай атының басын іркіп, тоқтаңқырап тұрып, Ерболды ат үстінен 
құшақтады да: 
- Ербол, сынама мені! Өмірде атын ғана есіткенім болмаса, бақыт деген не? 
Шын шаттық деген не? Дәл осы түнге шейін соларды таныған да, татқан да 
емес ем. Кесін айтасың? Көріп келесің. Жайым, барым сол емес пе? - деді. 
Осы күннен соң, аз уақыт ішінде, Жәнібек жаққа Абай тағы барды. Бірақ өз 
қызығының жақсы дәурені біткен екен... Асылбек, Әділбектер қайтып кепті. 
Келісімен Әділбек суық сөз естіп, сезіктенген бе? Жаман бүлініп, 
жеңгелерін де, малшы-көршілерін де қатты бүріпті. Аулына өлердей сақ аңду 
қойып, әлдекімге өшіккенін айтыпты. 
- Аяғын Жәнібекке қарай басып көрсін! Тірі кетпей-ді! - деп кесесіпті. Жол 
қиындап, жарық айды бұлт басты. 
Онсыз да араздығы көп елдерді енді мынадай іспен өшіктіру, аямастық 
сияқты. Амал құрып, тағы да бір айықпас қасірет келді. 
Осы кезде ел жайлаудан қайтып, ауыл-ауылдың аралары қашықтап кетті. 
Абай өзін өзі не күйде, не деген делсалдық дерт үстінде жүргенін аңғара 
алмай жүрді. Бар дүниеге гүлі солған, шырағы сөнген тұлдырдай қарап, жүдеп 
кетті. 
Әке-шеше өздері ұйғарып, бұйырды да, мұны тағы да қайнына жүргізетін 
болды. Жалыны да жоқ, тілегі де жоқ сұлық көңілмен Абай көне берді. 
Айдалып кеткен кісідей Қарқаралыға кетті. 
Бұл жолы ай жарым жүріп, Ділдәні алып келді. 
Бұл уақыт елдің қыстауға қонатын шағы. Өз ойының әуресімен жүріп және 
қайындап кетіп, Абай ел ішінің жайларынан оқшау қалған екен. 
Осы күзге Құнанбай тағы да бір топ жанды қырына алыпты. Ендігі кезек 
Құлыншақ ауылынікі. Анау кездегі «бәле басы сол» деп, «көшіп кетті, жауға 
кетті» деп, бұларға көптен тісін басады екен. 
Жер жағдайымен күздігүні өз қыстауларына қарай көшкенде, Кұлыншақ 
аулы Кұнанбайдың қасына кепті. Келгенде, былтырғы тобынан жырылып, 
жалғыз ауыл боп кепті. 
Абай қайтып келгенде, Кұнанбай сол Кұлыншақтың Садырбай, Наданбай 
деген екі баласын Жетісуға жер аударып жіберіп, Мұңсызбайды кепілде болсын 
деп, Жақып аулының шетіне қондырыпты. Құлыншақ Манаспенен жалғыз үй 
қалған. «Баламды ұрдың, інімді масқараладың» деп, малдарын да тізіп алып
айып-анжыны да баса салыпты. Ағайын ес жиярлық мезгіл бермей, ара түсердің 
бәріне білдірмей, бір-ақ күннің ішінде осыны етіпті де, баяғысынша түк 
болмағандай «ақсарбасын», «көкқасқасын» айтып, ру басшыларын жиып, 
қонақасысын көпіртіп жүре беріпті... 
Абай қайтып келгенде, жұлысқан тартыс жоқ. Бірақ, ауыл үй, ағайын арасы 
тағы да томсарған наразылыққа, бітеу жараға толы екен. 


 
214 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет