Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет59/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 
 
3.5 
Штамм клеткаларының адгезивті қасиеттерін in vitro 
жағдайында Caco-2 клеткалық моделін қолдана отырып анықтау 
нәтижелері 
Микроорганизмдердің адгезиясы микроорганизмдердің қасиеттеріне және 
сорбенттің ерекшеліктеріне, иммобилизация процесі жүргізілетін ортаның 
құрамына және жасушалардың адсорбент бетімен байланыс жасау мүмкіндігін 
анықтайтын жағдайларға байланысты болады. Адгезиялану қабілеті өсінді 
жасына және оның даму фазасына байланысты өзгеруі мүмкін, оған тасушының 


110 
рецепторлық учаскелеріне жасушаларды бекітуді қамтамасыз ететін адгезиндер 
(ақуыздар, көмірсулар немесе липидтер молекулалары) оқшаулануы мүмкін 
беткі қосалқылардың, фимбриялардың, өсінділердің болуы қолайлы.
Адгезия құбылысы микробтық жасушаларды қатты беттерге бекіту 
(иммобилизация) негізінде жатыр. Осылайша алынған «клетка-тасымалдаушы» 
кешендері соңғы жылдары биотехнологиялық процестерде қолданылатын 
биокатализаторлардың түрі ретінде кеңінен таралған. 
Сүт 
қышқылды бактериялардағы адгезиндерді анықтау ерекше 
қызығушылық тудырады, өйткені ол адам мен жануарлар үшін пайдалы 
микроорганизмдердің физиологиясын зерттеуге жаңаша қарауға мүмкіндік 
береді, бұның теориялық және практикалық маңызы зор.
Сүт қышқылды бактериялардың ішектің қабырғасына бекітілу қабілеті 
таяқша тәрізді түрлерде фимбриялардың және шар тәрізді микрокапсулалардың 
болуына байланысты болып келеді. 
Кейбір деректерде 
Lb.fermentum
жоғары адгезивтілік қасиет көрсетсе,ал 
басқа 
зерттеулер 
нәтижелері 
Lb.salivarius, 
Lb.casei
немесе 
Lb.plantarum,Lb.fermentum
-нан артықшылығын көрсетті. Осыған ұқсас адгезивті 
бағалаудың әртүрлі әдістерін (адгезия объектісі эритроциттер, энтероциттер, 
колоноциттер, буккальды эпителиялар), микроорганизмдер экологиясының 
ерекшеліктерін (ішек, жыныс биотоптары, ауыз қуысы штаммдары) 
пайдаланумен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан лактобациллалардың 
адгезивті, отарлаушы қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші олардың 
персистенциясының ұзақтығы,эксперименталды жануарлардың және адам 
ағзасының шырышты қабығының белгілі бір биотопын қоныстандырған кезде 
тірі қалу мүмкіндігі бар. 
Өсінділердің адгезивті белсенділігі микробтардың субстратта бекітілуін 
қамтамасыз етеді, кейіннен көбеюде және биологиялық белсенді заттардың 
бөлінуімен, бұл патогенді бактериялардың басылуында көрінеді, яғни АІЖ 
антагонистік белсенділігі адгезивті қасиеттерге байланысты. Адгезивті 
қасиеттерге ие өсінділер АІЖ-да ұзағырақ сақталады, сәйкесінше бөгде 
бактерияларға қарсы тұра алады. 
«Микробиоценоз және пробиотиктерді құрастыру» зертханасында бөлініп 
алынған өсінділер клеткаларының адегивтік қасиеттерін анықтау мақсатында 
Шығыс Финляндия Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау және 
клиникалық тамақтандыру институтына» стерильді жағдайда жеткізілді. In vitro 
жағдайында штаммдардың адгезивті қасиеттері Caco-2
торшасының торша 
моделін қолдану арқылы 2016 жылдың мамыр айының 23-31 аралығында 
аталмыш институттың «Миробиология» зертханасында жүргізілді.
Бұл зерттеу жұмысында физиологиялық-биохимиялық қасиеттері 
бойынша жоғарғы көрсеткіш көрсеткен 
Str.thermophilus
042k-2

Lc.lactis
010k

Lb.acidophilus
021ch-4

Lb.bulgaricus
08ch-1

Lb.acidophilus
015k - 1
штаммдары 
қолданылды. Оқшауланған бактериялардың аденокарцинома Caco-2
(ATTC 
HTB-37) адам эпителиальды колоректальды жасушалық сызығын ұстану 
қабілеті оң бақылау штаммы - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет