Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет68/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96
Байланысты:
Диссертация

3.9 
Пробиотикалық 
препараттың 
сынамалық 
партиясын
бұзаулардың диарея кезіндегі шаруашылықта қолдану
Қазіргі уақытта мал шаруашылығына келтірілген залал бойынша төлдің 
аурулары сиыр маститтерінен кейін екінші орында тұр. Ас қорыту және тыныс 
алу жүйелерінің аурулары жиі тіркелуде. Олардың пайда болуына себеп 
болатын факторларға аналық мал басын толық емес азықтандыру, төлді 
ұстаудың 
қанағаттанғысыз 
жағдайлары, 
босандыру 
бөлімшелерінде 
ветеринариялық-санитариялық нормалардың сақталмауы жатады. Жас төлдер 
морфофункционалды қатынаста жетілмеген, стресстің әсеріне төзімсіз болып 
туылады. 
Іс жүзінде барлық жаңа туған бұзаулар жұқпалы емес аурулармен 
ауырады. Бұл аурулардан бұзаулар барлық өлгендер мен қаза болғандардың 
95-98%-ын құрайды, олардың жартысына жуығының (48%) өлім себебі 
асқазан-ішек жолдарының аурулары болып табылады. 
Аурудың алдын алу және бұзауларды антибиотиктердің көмегімен 
емдеу оң нәтиже бермейді. Бұл қолданылатын препараттарға төзімділіктері 
бар төлдердің диареясының туындауына қатысатын микроорганизмдердің 
көпшілігіне байланысты. Сонымен қатар, антибиотиктер иммунитет 
тапшылығының пайда болуына әкелетін дисбактериоздар тудырады. 
Сондықтан жануарларға зиянсыз, тиімді және қымбат емес жаңа 
препараттарды іздеу қажеттілігі туындайды. 
Мал дәрігерлік қызметтің ішек инфекцияларына қарсы жаппай 
вакцинация жүргізу, белгілі антибиотиктерді қолдану сызбасын жетілдіру 
және жаңа антибиотиктерді іздеу бойынша салып жатқан күш-жігеріне 
қарамастан, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан туындаған төлдердің 
аурулары мен өлуі жоғары болып қалып отыр. 
Соңғы жылдары мал шаруашылығы мен балық шаруашылығында емдеу 
құралдарын аса қатаң, неғұрлым ұтымды қолдану қажеттігін куәландыратын 
дәлелдемелер көп пайда болды. Ғалымдардың көпшілігі жануарлардың өсуін 
ынталандыру үшін антибиотиктерді пайдалануға тыйым салатын жаңа 


131 
заңнаманы шығаруды талап етеді. Бұл мал азығындағы антибиотиктер 
сезімтал бактериялардың өсуін басады және бәсекелес, жиі вирусты 
микроорганизмдердің тез өсуіне ықпал етеді, олардың адам ағзасына түсуі 
емдеуге келмейтін ауруды тудыруы мүмкін. Сондықтан пробиотиктерді мал 
шаруашылығы мен балық өсіру тәжірибесіне енгізудің маңызы зор [112]. 
Оған қоса, мал шаруашылығы фермаларында бұзаулардың асқазан-ішек 
жолдарының аурулары үлкен зиян келтіреді. Нәтижесінде мал шаруашылығы 
кәсіпорындарында бұзауларды өсіру кезінде тиімді және қолжетімді 
құралдарды іздеу қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта олар тиімді, қауіпсіз 
препараттармен қамтамасыз ету бойынша жетіспеушілікті сезінуде. 
Сондықтан бүгінгі таңда дәрі-дәрмектерді, атап айтқанда отандық өндірісті 
іздестіру ветеринария саласындағы ең өзекті мәселе болып табылады 
[113,114]. 
Пробиотикалық препараттар композицияларының терапевтік тиімділігін 
зерттеу мақсатында тәжірибеге «Қарақожа-Ата» шаруа қожалығының жаңа 
туылған 15 бас бұзауы пайдаланылды. Бақылау тобының ауырған бұзауларын 
емдеу шаруашылықта қабылданған антибиотиктер мен сульфаниламидтермен 
жүргізілді (Қосымша Г). 
Терапиялық тиімділікті зерттеу үшін бақылау тобының бұзаулары 
шаруашылықтың негізгі рационына сәйкес азықтандырылып және 
шаруашылықта қабылданған схема бойынша ем алды, 1-ші тәжірибелі топтың 
бұзаулары негізгі рационға қоса күніне 2 рет төл басына сүтпен қоспада 10 г 
дозада №1 композициядағы пробиотикалық препаратын қабылдады. Осындай 
сызбанұсқа бойынша 2-ші тәжірибелі топтың бұзаулары күніне 2 рет 10 г 
дозада «Экопробиотик» препаратын алды.
Бұзауларды тәжірибе басында және соңында өлшедік. 
Кесте 30 – Бұзаулардың сақталуына препараттың әсерін зерттеу нәтижелері.
Көрсеткіштер 
Топтар 
1-бақылау: НР 
2– 
тәжірибелік 
топ:НР+ №1 
композициял
ы препарат 
3- тәжірибелік топ: 
НР+ 10 г/гол 
мөлшерінде 
«Экопробиотик» 
препараты 
Тәжірибе 
басындағы 
бұзаулар саны 



Тәжірибе 
соңындағы 
бұзаулар саны 



% мөлшермен сақталу 
қатынасы 
80.0 
100,0 
100,0 


132 
Емдеу кезінде бұзаудың сауығуы біртіндеп орын алды. Екінші күні 3-ші 
тәжірибелі топтың бұзауларында диареяның клиникалық белгілерінің азаюы 
байқалды. Дәл осындай көрініс тәжірибенің 4-ші күнінде 2-ші тәжірибелі 
топтың бұзауларында орын алды. Екі тәжірибелі топтың бұзауларында толық 
клиникалық сауығу тәжірибенің жетінші күнінде байқалды. Бақылау тобында 
4 бұзаудың толық сауығуы 9-10-шы тәулікте диареяның қайталануымен қатар 
байқалды. Бір бұзау тәжірибенің бесінші күнінде құлап түсті. 
Осылайша, сүт қышқылды бактериялар негізінде құрастырылған 
пробиотиктердің 2 композициясын 10 г/гол дозада алған бұзаулардың тірі 
салмағының орташа тәуліктік өсімі бақылаудағыдан 25,8 және 29,4 % - ға 
жоғары, ал сақталуы екі тәжірибелі топта да бақылау тобында 80,0% болса, 
толығымен 100,0% - ды құрады. 
Тәжірибе 
барысында 
препараттардың 
малдардың 
өндірістік 
көрсеткіштеріне әсері анықталды.
Кесте 31 - Бұзаулардың салмақ қосуына препараттардың әсерін зерттеу 
нәтижелері
Көрсеткіштер 
Топтар 
1-бақылау: НР+ 
шаруашылықтың 
қабылданған емдеу 
шаралары 
2-тәжірибелік 
топ: 
НР+10 г/гол 
мөлшерінде 
№1 
композициялы 
препарат 
3-тәжірибелік топ: 
НР+10 г/гол 
мөлшерінде 
«Экопробиотик» 
препараты 
Тірі салмағы, кг 
тәжірибе басында 
33,0 
32,6 
31,5 
Тәжірибе 
қою 
кезеңіндегі өсімі, кг 
50,0 
54,0 
53,5 
Тәжірибе 
қою 
кезеңіндегі орташа 
тәуліктік өсімі, г 
- % бақылау тобына
425 
100,0 
535 
125,8 
550 
129,4 
Бақылау тобында көптеген бұзауларда диарея клиникасы байқалды. 
Екінші топтағы жануарларда ас қорыту қызметінің бұзылуы анықталды,бірақ 
аурудың ауыр ағымы тек екеуінде ғана анықталды. Үшінші топта диареяның 
жеңіл түрі тек бір бұзауда ғана орын алды. Препаратпен емделгеннен кейін 
барлық жануарлар 3-4 күнге сауықтырылды. 
1-ші бақылау тобының орташа салмағы 33 кг, 2-ші тәжірибелі топта– 
32,6 кг, 3-ші тәжірибелі топта – 31,5 кг құрады. 
Бақылау тобында көптеген бұзауларда диарея клиникасы байқалды. 
Екінші топтағы жануарларда ас қорыту қызметінің бұзылуы анықталды,бірақ 
аурудың ауыр ағымы тек екеуінде ғана анықталды. Үшінші топта диареяның 


133 
жеңіл түрі тек бір бұзауда ғана орын алды. Препаратпен емделгеннен кейін 
барлық жануарлар 3-4 күнге сауықтырылды. 
Барлық кезең ішінде бұзауларға бақылау жүргізілді: клиникалық 
тексеру, сауығу мерзімі, тірі массасының өсуін анықтау. Емдік-алдын алу 
тиімділігін бағалау үшін критерий ретінде клиникалық, гематологиялық және 
физиологиялық-биохимиялық көрсеткіштер қолданылды. 
Тәжірибенің басында бұзауларда тежелу, тәбеттің төмендеуі, диарея, 
дене қызуының жоғарылауы байқалды, іш қабырғасының пальпациясы кезінде 
ауырсыну 
анықталды. 
Нәжіс 
пен 
патологиялық 
материалдарды 
микробиологиялық зерттеу кезінде ішек таяқшаларының штаммдары бөлініп 
алынды. 
Препараттың салмақ қосуы мен сақталу нәтижелері 30 және 31 
кестелерде көрсетілген.
Алынған мәліметтер «Экопробиотик» препаратын қолдану бұзау 
диареясында жоғары терапиялық тиімділікке ие және клиникалық 
көрсеткіштердің қалыпқа келуіне ықпал ететінін растайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет