Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет389/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Лабораториялық әдістер:
қандағы тестостеронды анықтау, кетостероидтардың 
және олардың фракцияларын несеппен тәуліктік бөлінуін зерттеу. 
Қыз балалардада гипогонадизм біріншілік немесе екіншілік болуы мүмкін. 
Біріншілік гипогонадизм себептері әр түрлі: 
-
туа пайда болған генетикалық аномалиялар (Шерешевский-Тернер синдромы); 
-
туа пайда болған аналық бездің жетілмеуі; 
-
инфекция әсері (туберкулез, сифилис, эпид.паротит); 
-
иондаушы сәулелер әсері; 
-
аутоиммунды аурулар; 
-
қайсы-бір ауруларға байланысты анабезді алып тастау. 
Біріншілік гипергонадотропты гипогонадизм – бұл туа пайда болған жетілмеуден 
немесе ЖТН-лік кезеңде зақымдалудан аналықбездің қызметінің төмендеуі. Осы кезде 
аналықбезден өндірілетін әйелдік жыныс гормондары болмайды, сондықтан организм 
анабездерді ынталандыратын гипофиздық гормондары гонадотропиндерді өндіру арқылы 
компенсация-лауға тырысады. Сонымен, қанда гонадотропиндер – лютеиндуші және 
фолликулды ынталандырушы гормондардың мөлшері көп, ал керісінше әйелдік жыныс 
гормондары – эстрогендер концентрациясы аз. Эстрогендердің жетіспеушілігі сүт 
бездерінің және жыныс мүшелерінің атрофиясын немесе жетілмеуін тудырады. Егер туа 
пайда болған осындай жағдай немесе ерте балалық жаста пайда болса, екіншілік әйелдік 
жыныс белгілері (сүт бездері, әйелдік тип бойынша түктену, әйелдік бейне бойынша 
майдың жинақталуы) дамымайды. Қыз балаларда аналық бездің зақымдалуы ерте балалық 
кезде пайда болса, әдетте қасағаның түктенуі сирек, сүт безі, жатыр, аналықбез, қынап 
жетілмеген болады. 
Әйел гипогонадизмінің бірден-бір басты симптомы – аменорея. Денесі евнухоидты 
пропорция, жамбасы тар, бөксесі тегіс болады. Егер ауру жасөспірімдік кезеңде пайда 
болса, дамып үлгерген жыныстық белгілер сақталады, бірақ етеккір жоғалады, әйел 
жыныс мүшелерінің тіні жұқарады және атрофиялық процесске ұшырайды. Ересек жаста 
дамыған ауруда қанқа диспропорциясы болмайды. Жыныс мүшелерінің жетілмеуі айқын 
емес. Екіншілік аменория туындайды, сирек вегетоневроздың әртүрлі белгілері 
байқалады. 
Диагнозды қоюға қанда жыныс гормондарының (эстрогендер) мөлшерінің күрт 
төмендеуі, гонадотропиндердің (ЛГ, ФЫГ) құрамының жоғары болу көмектеседі. 
Ультрадыбысты зерттеуде жатыр көлемінің кішіреюі, кішірейген анабез анықталады. 
Рентгендік зерттеуде остеопороз немесе өсудің және сүйек дамуының тежелуі табылады. 
Біріншілік гипергонадотропты гипогонадизмнің емі медикаментозды болып келеді. 
Әйел жыныс гормондарымен (этинилэстрадиол) орын басушы ем тағайындалады. Етеккір 
тәрізді реакция басталғанда, эстрогендер және гестагендер құрамды аралас ішетін 
контрацептивтер тағайындайды (силест, Диане-35, триквилар, тризистан). 
Аналық бездің екіншілк гипофункциясының себебі гипоталамусты-гипофизарлы 
жүйенің аурулары болуы мүмкін: ісік, Шиен синдромы, акромегалия, жайылмалы уытты 
жемсау, гипотиреоз және т.б. 
Аналықбездің екіншілік гипофункциясының клиникалық көрінісі толығымен 
негізгі ауруға байланысты және басқада гипоталамустық гипофизарлық бұзылыстармен 
қатар жүреді. Бұлар семіздік немесе күрт арықтау, қантсыз диабет, гипофизарлы нанизм, 
гипотиреоз болуы мүмкін. Бұнда гипогонадизм көп симптомдардың бірі болып қалады. 
Бас миының ісігін жоққа шығару үшін неврологиялық, офтальмологиялық зерттеулер, 
бассүйек рентгенограммасы, ЭЭГ, компьютерлі томография жүргізу керек. Гормондық 
диагностика қан сары суында гонадотропты гормондар (ЛГ, ФЫГ) деңгейін анықтауға 
негізделген. 
15.7.2. МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ (МБЖЖ) 


587 
Әдетте жыныстық жетілудің басталу уақыты қыз балаларда 10-12 жас, ер балада 12-
14 жас. 
Егер жыныстық жетілудің алғашқы белгілері уақыттан 2 жыл ерте байқалса, онда 
жыныстық жетілудің жылдамдағанын көруге болады (тектік-конституциональды 
себептерге байланысты жылдамдауы, патологиялық жағдай деп саналмайды). 
Уақытынан бұрын жыныстық даму – қыз балаларда жыныстық жетілудің басталуы 8 
жасқа дейін, ер балаларда 10 жасқа дейін байқалады. 
Уақытынан бұрын жыныстық дамуды 3 түрге бөледі: 
1)
Шынайы МБЖЖ – гонадотропты және жыныс гормондарының жоғары 
секрециясымен жүретін гипоталамо-гипофизарлы-гонадты жүйенің ерте белсенділігіне 
байланысты. Себебі гонадотропты гормондардың секрециясының тежелуі және күшеюі 
арасындағы тепе-теңдікті бұзатын ОНЖ-нің органикалық зақымдалуы (жарақат, 
инфекция, ісіктер). 
2)
Жалған МБЖЖ: 
-
анабезінің, атабезінің немесе бүйрекүсті безінің гормональды белсенді ісіктерімен 
жыныстық гормондардың шамадан тыс өндірілуінің салдарынан; 
-
бүйрекүсті безінің андрогендерінің көп өндірілуімен жүретін бүйрекүсті безі 
қыртысының туа пайда болған дисфункциясы. Андрогендердің көп болуы 
гонадолиберин және гонадотропты гормондардың кері байланыс ұстанымы бойынша 
секрециясын басады; 
-
Лейдиг клеткасының тұқым қуалауға байланысты гиперплазиясы; 
-
гонадотропинді секрециялайтын бауыр ісіктері, олар уақытынан бұрын жынстық 
дамуды туғызады, бірақ бұл кезде гипоталамо-гипофизарлы жүйе өзгермеген күйде 
қалады; 
3)
МБЖЖ-ң толық емес түрлері:
-
телархе – пролактинның өндірілуінің күшеюінен немесе эстрогендердің транзиторлы 
секрециясы әсерінен кеуде бездерінің оқшауланған үлкеюі; 
-
адренархе – бүйрекүсті безі андрогендерінің белсенді секрециясына байланысты 
екіншілік түктенудің оқшауланған дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет