581
Соңғы жылдары ДНК-рекомбинатты технология негізінде дайындалған хуматроп
(фирма Eli Lilly) дәрісі қолданылады. Оны қолданғанда жағымсыз әсері сирек кездеседі,
өйткені ол тазартылған дәрі, СТГ сияқты кестемен қолданылады – 0,06 мг/кг
мөлшерде
теріасты немесе бұлшықетке ұзақ (жылдар) қабылдайды. Басқа дәрілерден: Нордитропин
(фирма Novo Nordisk), Генотропин (фирма Farmacia Apjohn), Сайзен (Arec Serono)
қолданылады.
Гипофизарлы нанизм емінде анаболикалық стероидтар (метандростенолон,
ретоболил және т.б.) кеңінен қолданылады. Емдеу кезінде бала құнды тағамдар,
витаминдер, биоынталандырғыштар, ферменттер, кальций, фосфор және симптоматика-
лық дәрілік заттар қабылдауы керек. Сонымен алдында айтылғандай айқын өсудің тежелуі
балалардың басым көпшілігіне тиреоидты, жыныстық гормондардың, жетіспеушілігі және
басқа да анаболикалық гормондардың негізінде дамиды.
Туа пайда болған гипотиреозға «сүйектік» жастың және өсудің тежелуі тән болады.
Туа
болған
гипотиреоздың,
соматотропты
жеткіліксіздігі
бар
науқастардан
айырмашылығы, өсудің диспропорционалды тежелуі ерекше орын алады және аурудың
негізгі клиникалық симптомдары анықталады.
Гипогонадизм және жыныстық дамуы тежелген науқастарға «сүйектік» жастың және
өсудің тежелуі тән. Алайда бұл симптомдар жасөспірімдік жаста ғана өзіне назар аудара
бастайды. Балалық шақта «сүйектік» жасы және өсу тездігі әдете хронологиялық тәртіпке
сәйкес келеді.
Өсудің айқын тежелуі, этиологиясы әр түрлі уақытынан бұрын жыныстық жетілуде,
Иценко-Кушинг
синдромында, ұзақ уақыт глюкокортикоид дәрілерін қабылдаған
науқастарда байқалады. Бірінші жағдайда – бұл эпифизарлы саңылаудың уақытынан
бұрын жабылуы, екінші жағдайда катаболикалық әсер көрсететін глюкокортикоидтардың
деңгейінің жоғары болуы. Өсудің тежелуінің осындай жолдарын анықтау қиындық
туғызбайды, өйткені бірінші кезекте клиникалық көрінісінде негізгі ауруға тән
симптомдары білінеді. Жиі өсудің тежелуі бар науқастарда эндокринді бездер
қызметтерінің
бұзылу белгілері болмайды, яғни көптеген балаларда өсудің тежелуі
эндокриндік емес факторлардан туындауы ықтимал (нанимзмнің эндокринді-тәуелсіз
варианттары). Осы топтан примордиалды нанизмге назар аударғанды жөн көрдік.
15.6.2. ПР ИМ ОРДИАЛ ЬДЫ НАНИЗМ
Примордиалды деген ұғым –
Достарыңызбен бөлісу: