Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет381/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Патогенезі.
Тіндерде липогенез және липолиз процесстері жүйкелік және нейроэн-
докринді механизммен реттеледі. Бұл барлық механизмдердің реттеушісі гипоталамустың 
артқы ядросы – өзіндік тағамдық орталық, тіндерден импульсті қабылдап, оны бас 
миының қыртысына жібереді. Бұл адамның тағамдық тәртібін, ашығу және тою сезімдерін 
анықтайды. Май тіні ақуыз-лептинді синтездейді (грек сөзмен «лептос» – әдемі, жұқа), 
лептин адипоциттерде түзіледі, қанға түсіп, гипоталамус құрылымына әсер етеді де 
тәбетті төмендете отырып, тою сезімін күшейтеді. Мида басқа ақуыз – нейропептид G 
түзіледі және қорланады, лептинге қарама-қарсы ол ашығу сезімін күшейтеді. Қалыпты 
жағдайда «лептин – нейропептид G» жүйесі сәйкестік жағдайда жұмыс жасайды, ал 
патологияда бұзылады, жиі, сол кезде булимия және анорексия дамиды. Семіздік кезінде 
май тінінің адренорецептор-ларының симпатомиметиктерге сезімталдығы (адреналин 
және норадреналин) төмендейді. Осының салдарынан гипоталамус ядросы май тінінен 
шыққан қанығу белгісіне – лептиннің түсуіне жауап бермейді, керісінше қуатты жинау 
және липогенез процестерін күшейтетін нейропептид G түзілуі жалғаса береді. 
Семіздіктің дамуында, вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі 
тонусының, симпатикалық бөлімінен басым болуы салдарынан липолиздің төмендеуіде 
маңызды орын алуы мүмкін. Бұл инсулин түзілісінің күшеюне алып келеді. Инсулин май 
тіндерінде триглицеридтердің синтезделуін бейімдейді. Майдың шектен тыс жиналуы 
гипоталамус қызметінің өзгерісіне, АКТГ секрециясының жоғарлауына және 
гиперкортицизмге, басқа эндокринді бездер қызметінің қайта құрылуына әкеледі. 
Эндокриндік аурулар кезінде симптоматикалық семіздік май ыдыратушы гормондар 
(тироксин, трийодтиронин, глюкагон және т.б.) өнімінің жеткіліксіздігіне байланысты, 
липолиздің төмендеуіне алып келеді. Бұл май қорын қуат көзі ретінде жеткіліксіз 
пайдаланылуына себебкер болып табылады. 
Клиникасы.
Семіздік кез-келген жаста дамуы мүмкін. Жиі өмірінің бірінші жылында, 
5-6 жаста және жыныстық жетілу кезеңінде байқалып дами бастайды. Шағымдары 
сезімдіктің түріне және ұзақтығына, айқындығынан, сонымен қатар қосымша аурулардың 
болуымен бай-ланысты. Массивті семіздік кезінде науқасты әлсіздік, ұйқышылдық, 
апатия, тез шаршағыштық, жоғары тершеңдік, бас айналу, бас ауру, ентігу, жүрек тұсында 
ауырсыну мазалайды. 
Экзогенді-конституциональды семіздік кезінде май салмағының артуы 50% (1-2 
дәрежелі семіздік) артпайды, сау балалармен салыстырғанда өсу шапшаңдайды және 
«сүйектік» жетілуі жеделдейді. Жиі беті диспропорционалды сипатта болады. Семіздік 
бар көптеген балаларда қол басы салыстырмалы түрде үлкен емес, саусақтары – конус 
тәрізді. Әдетте балаларда genu varum немесе genu valgum қалыптасады. 
Майдың жиналуы әдетте біркелкі болады, бірақ аурудың үдеуі бойынша май ішінде, 
кеуде де, мойында, арқасында және белінде жиналады, жиі сүт бездері аймағында май 
тінінің артық дамуы байқалады, ақ және ақшыл қызғылт жолақтар түзіледі. Майдың 
таралуына байланысты семіздік абдоминалды («жоғарғы типті семіздік», «андроидты») 
және бөксе- санды («төменгі типті», «гиноидты семіздік») болуы мүмкін. Бірінші 
жағдайда май кеуде де және іш қуысында басым жиналады, ал гиноидты түрінде – бөкседе 
және санында жиналады. 
Терісі ылғалды, тер шығару бездерінің қызметі күшейеді. Жиі экзема, пиодермия 
дамиды. Семіздігі бар балалардың барлық жүйелері мен мүшелері зақымдалады. Бірінші 
ретте жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалады. Семіздігі бар балалалар мен жасөспірімдердің 
80%-да артериалды гипертензия болады. Артериалды гипертензияның дамуына май 
тінінің таралу типі әсер етеді. Андроидты семіздік АҚҚ жоғарлауына бейімдейді. 
Тыныс алу мүшелері жағынан – семіздікке байланысты ұйқы кезіндегі апноэ ауыр 
бұзылыстардың бірі болып саналады. Түнгі сағаттардағы гипоксия өмірге қауіпті аритмия 
және жүрек жетіспеушілігіне алып келеді. Семіздігі бар балалардың үштен екісінде 
ұйқының бұзылысы байқалады. Соның ішінде олардың жартысында ұйқы кезінде апноэ 
байқалады, 5%-да ол ауыр сипатта білінеді. Ұйқысының жарты уақыты бойы, дене 


572 
салмағы қалыптыдан 200% және оданда артық балаларда, қанның өттегімен қанығуы 90%-
дан төмен. Морбидті семіздігі бар балалардың 40% орталық гиповентиляция белгілері 
болады. Семіздігі бар балаларда жиі бауыр ауруларды диагностикаланады. 20% артық 
балаларда майлы гепатоздың эхо-графиялық белгілері анықталады. Шамамен 6% салмағы 
артық балалардың және семіз балалардың 10% трансферазалардың деңгейі жоғарылайды. 
Семіз ер балаларда жыныс мүшелері пропорционалды емес кішкентай, жиі жыныс мүшесі 
май тініне «батып кеткен», жыныстық жетілуі өте кеш дамиды. Әдетте қыз балаларда 
сыртқы жыныс мүшелерінің ерекшелігі болмайды, менархе мерзімінде немесе ерте баста-
лады. Лабораториялық мәліметтер: қанда гиперхолестеринемия, β-липопротеиндердің 
және бос майқышқылының мөлшері жоғарлайды. Жиі көмірсу алмасуының бұзылыстары 
байқалады. 
Емі.
Семіздікті емдеу өте қиын мәселе. Семіздік әкелетін факторларды жою оңай 
емес, олар ұзақ сақталып, аурудың қайталауына жағдай туғызады. Семіздікті емдеуді 2 
негізгі сатыға бөлуге болады: дене массасын азайтуды қамтамасыз ету және қол 
жеткізілген тиімді нәтижені ұстап тұру қажет. Семіздіктің емі кешенді түрде жүргізілуі 
керек. Емдеудің толық бағдарламасына, калоражды шектеу, тамақтану мәдиниетіне 
тәрбиелеу (жеке және өтбасы), мінез-құлықты, физикалық жаттығулар, дәрәлермен емдеу 
(көрсетілім бойынша) кіреді. 
Семіздіктің негізгі емі емдәм тәртібі. Тағамдық емді ұйымдастырғанда көптеген 
жалпы ұстанымдарды сақтау керек. Көлемі бірдей тағамды екі-үш рет қабылдау, көлемін 
азайтып 5-6 рет қабылдағанмен салыстырғанда майдың қор болып жиналуына себепкер 
болатындығы анықталған. Сондықтан семіз адамдардың тамақтануы 5-6 рет аз порциядан 
болу керек. 18
00
ден кейін қабылданған тамақ май түрінде қорға жиналады, яғни тәуліктің 
бұл кезеңінде липосинтез липолизден басым болады. Семіз балаларды тәбеті жоғары 
болғанда, тамақты қабылдау жылдамдығы баяу болу керек, сол кезде тою сезімі аз тамақ 
қабылдағаннан кейінде дамиды. Емнің негізігі ұстанымы – тағамдық мәзірдің тәуліктік 
энергетикалық құндылығын төмендету болып саналады. Ересек балаларды бөтен, 
кішкентай балаларға да аз және жоғары калориялы тағамдарды ажыратуды үйрету керек. 
Осындай науқас балаларға қабылдауға тиым салынбайтын тағамдар, тою сезімін 
қамтамасыз етуі керек (майлы емес ет, балықтарды пайдалану), тәттілерге қажеттілікті 
қанағаттандыруы (жеміс-жидектермен, қант алмастыр-ғыштармен шай ішу), асқазанда 
тойғандық сезімін сезіндіруі (көк өністер арқылы) қажет. Тамақтану мәзірі термогенезді 
күшейтуші (көк шәй, кофе, газдалмаған минералды су, теңіз өнімдері) липолитикалық 
қассиетті (қияр, ананас, лимондарға) тағамдарға бай болу керек. Диетада ақуыз мөлшері 
жасына сәйкес болу керек, тәуліктік мөлшерде ақуыздың 60-70% жануар текті болу керек.
Баланың тәуліктік
рационында көмірсуларының жалпы мөлшері жас нормасынан 
(семіздіктің дәрежесіне байланысты) 25-50% азайтылады. Құрамында жеңіл сіңірілетін 
көмірсулары, яғни қант, варенье, джемдерді, кондитер және макарон өнімдерін, ұнтақ 
жарманы, тәтті қосылған сусындарды, қоюланған шырындарды шектейді. Семіздіктің 
ауыр дәрежелерінде барлық жармалар, нан тағамдары, картоп емдәмнен алынып 
тасталады. Балалардың емдәміне көк-өністер және жеміс-жидектер кіргізіледі. Майлар 
бала рационы калориясының тек 30-35% қамтамасыз етуі керек. Мүлдем малдың майын 
және гидрогенизацияланған майларды (сиыр, шошқа, қойдың майларын, маргаринды) 
алып тастау керек. Күн сайын балалардың ас мәзіріне өсімдік (жүгері, күнбағыс) 
майларын қосқан жөн. 
Емнің маңыздысы болып, баланың қозғалыс тәртібін ұйымдастыру саналады. 
Бұлшықетті шынықтыру оның атрофиясын азайтады, май қорларындағы майдың тарап 
кетуіне және дене салмағының төмендеуіне себепкер болады. Суда жүзу және 
велоспортпен әдетте науқас балалар жақсы қиындықсыз шұғылданады және бұл 
жаттығулар организмнің қызып кетуіне жол бермейді. Семіздіктің ауыр түрлерінде 
алғашқысында емдәм, ал кейін дене массасы азайып, тұрақтанғанда физикалық 
жаттығулар тағайындалады. Толық балаларға спорттық жарыстарға қатынасуға болмайды, 


573 
олардың жұмыс жасау қабілетінің төмендігін, жүрек-қантамыры жүйесінің шектеулі 
мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Мектепте олар дене шынықтырумен арнайы бағдарлама 
бойынша шұғылдануы керек. 
Дәрімен емдеу тек семіздіктің ауыр түрінде қолданылады. Аноретиктерді қолдану, 
олар-дың жағымсыз әсерлерінің айқындығына байланысты талас тудыруда. Оларды өте 
сақтықпен, егер баланың ашқарақтық сезімін тежей алмаған жағдайда, сондай-ақ диета 
емнен және емдік денешынықтырудан нәтиже болмағанда қолдануға болады. 
Анорексигендік әсері бар дәрілер-дің ішінде, тою орталығына әсер ететін және тағамға 
деген қажеттілікті азайтушы дәрілер (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет