565
ның жоғарлауы ірі қан тамырларының пульсациясын тудырады. Папиллалық бұлшық ет
тонусы
төмендеген, өкпе артериясы кеңейген. ЭКГ-да жүректің электр өсінің солға
ауытқуы, жүрекшеішілік және қарыншаішілік өткізгіштіктің өзгерісі, миокардтағы
метаболизм бұзылыстарының белгілері байқалады. ЭКГ-ғы дөрекі өзгерістер, жайылмалы
уытты жемсаудың ауыр дәрежеде өтуіне және миокард жасушаларындағы
рецепторлардың катехоламиндерге сезімталдығын арттыратын тиреоидты гормондардың
ықпалына байланысты дамиды.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан өзгерістер, тәбеттің күшейюімен, перистальтика-
ның
артуымен, диспепсиялық бұзылыстармен (іштің кебуі және аурсынуымен)
сипатталады.
Жайылмалы уытты жемсауда, тиреоидты гормондарды глюкоурон қышқылы ұстап
алып және байланыстырып дейодизация жолымен белсенділігін азайтудың нәтижесінде
бауыр салыстырмалы жиі зақымдалады. Аурудың ауыр түрінде сарғаю және гликогеннің
ыдырауынан туындайтын бауырдың майлы тығыздалуының (инфильтрациясының) өрбуі
ықтимал.
Жайылмалы уытты жемсауда көптеген науқастарда көздік симптомдары кездеседі.
Олар ерте біліне бастайды. Оларды дер кезінде аңғару осы ауруды анықтауға көмегін
тигізеді. Көз саңылауының кеңінен ашылу («бадырайған көз») екі жақты экзофтальм
(Дальримпля симптомы) өте тән симптомдар.
Басқа көз симптомдарының арасында нистагм, көзді
жұмғанда қабақтың дірілдеуі
(Розенбах симптомы), қабақты сирек және толық емес қағу (Штельваг симптомы), қабақ
пигментациясының күшеюі (Эллинек симптомы), қабақтың ісінуі (Зенгер симптомы),
көзді қатты жұма алмау (Кохер симптомы), конвергенцияның бұзылыстары (Мебиус
симптомы), күлген кезде көздің жұмылмауы (Браун симптомы). Көз бұлшық еттері
тонусының бұзылыстары Греффе симптомымен сипатталады, яғни көз жанарын төмен
түсіргенде жоғарғы қабақтың, көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы, Кохер
симптомы – тез жоғары қарағанда жоғарғы қабақтың тартылуының артуы.
Көздің мүйізді қабығы мен коньюктивасының жалтырауы (Краус симптомы),
коньюктиваның гиперемиясы (Гольдцигер симптомы), жарықтан қорқу, мүйізді қабықтың
трофикалық бұзылыстары байқалады. Көз түбін қараған
кезде оның торлы қабатты
тамырларының кеңеюі, пульсациясы (Беке симптомы) байқалады.
Ескеретін жәйт кейбір науқастарда көздік симптомдар білінбеуіде ықтимал.
Жайылмалы уытты жемсаудың басқа симптомдары бола тұра, көздік симптомдардың
болмауы, осы ауруды тиреоидты гормондардың деңгейінің жоғарлауымен өтетін басқада
жағдайлардан ажыратуды қажет етеді.
Тиреотоксикозға шектес аутоиммунды аурулар қатарына эндокриндік офтальмо-
патия, претибиалды микседема, қант диабеті жатады. Эндокриндік офтальмопатия
басқалардан көрі жиі жайылмалы уытты жемсауда кездеседі. Ол көз қозғағыш бұлшық
еттің жарғағына қарсы антиденелердің түзілуіне және олардың лимфоцитарлы
тығыздалуына байланысты, осы процесс ретробульбарлы тіндергеде таралады.
Солардың
салдарынан ісік, қабақтың гиперпигментациясы, экзофтальм пайда
болады.
Жайылмалы уытты жемсау кезінде шеткі қанда лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз,
кейде тромбоцитопения, ЭТЖ артуы байқалады. Ал қызыл қан өзгермеген.
Жайылмалы уытты жемсау жеңіл, орташа және ауыр дәрежеде өтеді:
1. Жеңіл дәрежесі науқастың 10% арықтауымен, пульс ырғағының бұзылусыз 100
соқыға дейін жиілеуімен сипатталады.
2. Орташа ауырлықтағы дәрежесіне – 20% дейін арықтау, пульстың 100-120 соққыға
дейін артуы, кейде қан айналысының жеткіліксіздігімен өтетін микрокардиодистрофия-
ның белгілері, нерв-бұлшық ет бұзылыстары,
қанқа бұлшық ет гипотониясы,
астенодепрессивті синдром тән. Т
3
және Т
4
деңгейі 60% дейін жоғарлайды.
566
3. Ауыр дәрежесінде 21%-дан артық арықтау, пульсі минутіне 120 соққыдан көп
болуы, жүрек-қан тамыры жүйесінде айқын өзгерістер, ұстамалы немесе тұрақты жыбыр
аритмиясы, қан айналысы жеткіліксіздігінің II-III дәрежесі, тиреотоксикалық гепатит,
эндокриндік офтальмопатия тән. Т
3
пен Т
4
деңгейі 60% артық жоғарлайды.
Тиреотоксикоздық криз. Жағымсыз факторлар – психо-эмоционалды стресстің,
интеркурентті инфекциялардың, оташылық шаралардың ықпалынан жайылмалы жемсау
тиреотоксикоздық күйзеліспен (кризбен) асқынуы мүмкін. Оның негізі болып, тиреоидты
гормондар деңгейінің күрт
жоғарлауы, симпатоадреналды жүйенің белсенуі, жедел
бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі саналады. Клиникалық көрінісінде жүрек қан-тамыры
жүйесінің бұзылыстарының симптомдары (тахикардия, пульстік қысымның жоғарлауы)
организмнің сусыздануы, гипертермия, азотемия, кетонемия, бүйрекүсті безінің шамасыз-
дық белгілері басым болады. Сарғаю, бауырдың ұлғаюы, сұйық нәжіс пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: