567
(мерказолил) саналады. Ол моно- және дийодтирозиннің өзара әсер ету деңгейінде
тежеуші ықпал етеді. Кәзіргі кезде йод дәрілерін жеке ем түрінде қолданбайды.
Емнің бастапқы кезінде метимизолды тәулігіне 0,5-1,0 мг/кг салмаққа есептеп 2-6
аптаға тағайындайды (жеңіл түрінде – 10-15 мг, орташа ауыр түрінде – 20-30 мг, ауыр
түрінде – 30-40 мг). Тиреотоксикоз азайғаннан кейін және эутиреоз жағдайына жеткесін
дәрінің мөлшерін сүйемелдеуші – жасөспірімдерге 15 мг және кіші жастағы балаларға 10
мг мөлшерге дейін азайтады. Сүйемелдеуші мөлшерді қабылдаудың ұзақтығы аурудың
жеңіл дәрежесінде – 6 ай, орташа-ауыр дәрежесінде – 1 жылға дейін, ауыр дәрежесінде – 5
жылға дейін.
Тиреостатикалық дәрілердің максималды мөлшерінің фонында тиреоидты
гормондардың биосинтезінің біршама тежелуі ықтимал. Сондықтан тиреостатиктерді
қолданғанда 3-ші аптадан бастап, жемсаулыққа әсер
етуді азайту және тиреоидты
гормондар тапшылығын компенсациялау үшін тиреостатиктермен бірге азғантай
мөлшерде тиреоидты дәрілерді (L-тироксин 0,025-0,05 мкг) 2-3 аптаға тағайындап
эутироидты жағдайға жеткеннен кейін біртіндеп азайтып тоғарады.
Тиреостатиктермен емдеуді қалқанша бездің ұлғаюы I дәрежеден артпаса және
тұрақты ұзақ эутиреоз болғанда тоқтатады.
Сүйемелдеуші тиреостатикалық ем алып жүрген науқастарға инфекциялық аурулар
қабаттасқан жағдайда, қысқа мерізімге дәрінің мөлшерін көтеріп, кейін тез алғашқы
мөлшерге ауысу қажет. Метимизолмен емделгенде ретті (аптасына 1 рет) қан анализін
өткізіп
тұру қажет, өйткені дәрі ұзақ тұрақты лейкопения, нейтропения, ал кейбір
науқастарда тромбоцитопенияны, анемияны тудыруы ықтимал.
Қан өндірілу тежелген жағдайда метимазолдың дозасын азайту немесе уақытша емге
үзіліс жасау қажет. Бұл кезеңде гемопоэзді ынталандырушы дәрілермен витаминдер, ал
кейбір жағдайларда глюкокортикоидтар тағайындау керек. Тиреостатикалық дәрілермен
бірге гемопоэзге уытты әсер ететін дәрілерді тағайындауға болмайды.
Тиреостатикалық дәрілермен бірге β-адреноблокаторлар (индерал, анаприлин, обзи-
дан) тағайындалады. Бұл дәрілер адренорецепторлардың катехоламиндерге сезімталдығын
азайтады және белсенді емес реверсиялық Т
3
гормонның түзілуін арттырады.
Науқастарға кеңінен тыныштандырғыш дәрілер мен транквилизаторлар (элениум,
седуксен, триоксазин, бром, валериана) қолданылады.
Жайылмалы уытты жемсаудың орташа және ауыр дәрежесінде витаминдер (А, С, В
1
,
В
2
, В
12
, В
15
), кокарбаксилаза, АТФ, кальций дәрілері тағайындалады.
Жайылмалы уытты жемсаудағы тиреотоксикалық күйзеліс шұғыл емдік шараларды
талап ететін ургенттік жағдай болып есептеледі. Ол шаралар
ең алдымен тиреоидты
гормондардың деңгейін түсіруге, жедел бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігіне, дегидрата-
цияға, гипертермияға, метаболизм бұзылыстарына қарсы күреске бағытталуы керек.
Тиреотоксикалық күйзелісті емдеуді йод және тиреостатикалық дәрілерді енгізуден
бастайды. Метимазолдың бастапқы дозасы ішке 40-тан 80 мг құрайды. Егер жұта
алмағанда зонд арқылы енгізеді. Емдеуде йодит натрий негізіндегі 1% люголды (100-150
тамшы 1000 мл 5% глюкоза ертіндісіне араластырып) көк тамырға тамшылатып немесе
10-15 тамшы ішке әрбір 8 сағат сайын беру нәтижелі болып саналады.
Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне қарсы күрес үшін глюкокортикоидты дәрілер
қолданылады. Көк тамырға тамшылатып гидрокортизонды 50-100 мг аскорбин
қышқылының үлкен дозасымен бірге енгізіледі. Тамырлық жетіспеушілікте ДОКСА
тәулігіне 5-10 мг енгізіледі.
Үлкен дозада β-адреноблокаторлар (10-30 мг ішке 4 рет) немесе 0,1% обзидан немесе
индерал артериалды қысымды және пульсті қадағалап 1,0 мл
бастап көк тамырға
тағайындауға болады. Оларды біртіндеп тоғарады. Ішке 0,1-0,25 мг мөлшерде тәулігіне 3-
4 рет тағайындалады.
Жүрек-қан тамырлық дәрілер (корглюкон, кордиамин) жүрек жеткіліксіздігі
өрбігенде қолданылады. Айқын микроциркуляция бұзылыстарында реополиглюкин,
568
гемодез, плазма инфузиясы ұсынылады. Дегидратацияға қарсы күрес мақсатында 1-2 литр
5% глюкоза ертіндісін физиологиялық ертіндімен қосып тағайындайды. Тамшылатқышқа
витаминдер (С, В
1
, В
2
, В
6
) қосады.
Гипертермияға қарсы физикалық салқындату (магистралды қан тамырларына
мұздатылған қаптар, теріні спиртпен сүрту) әдістер қолданылады немесе анальгин,
парацетамол енгізіледі.
Антибиотиктер тиреотоксикалық криз кезінде инфекцияның алдын алу мақсатында
немесе созылмалы инфекция ошақтары болғанда тағайындалады.
Консервативті емнен нәтиже болмағанда хирургиялық емдеуді қолдану қажет.
Жайылмалы уытты жемсаудың операциялық емге көрсетілімі болып саналады:
1. Консервативты емнен 6 ай бойы нәтиженің болмауы
2. Жемсаудың III және оданда жоғарғы дәрежесінің болуы
3. Қалқанша бездің тінінде түйіндердің болуы
4. Тиреостатикалық
дәрілерді көтере алмау немесе оларға аллергиялық
реакциялардың болуы.
5. Тиреостатикалық дәрілерден ұзақ тұрақты лейкопенияның (2х10
9
/л дейін) болуы.
Операцияның алдындағы дайындықты ауруханада 1-2 ай
бойы консервативті
емдеудің ұстанымдары сияқты жүргізеді. Тиреотоксикоз симптомдарын мүлдем жою үшін
осы емді жүргізеді. Операцияның алдында 2 апта бұрын қан кетушілікті азайту
мақсатында құрамында йоды бар дәрілер тағайындайды.
Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінің алдын-алу мақсатында оташылық
шараның алдында 2 апта бұрын кортикостероидтар, жиі 5-15 мг мөлшерде преднизолон,
ал операцияға бір күн қалғанда – 25-50 мг гидрокортизон беріледі.
Операциядан кейін ерте және кеш асқынулар болуы мүмкін. Жақын күндер мен
айларда өрбитін ерте асқынуларға қан кету, қайырлмалы нервтің парезі, қалқанша маңы
безінің ісінуінің салдарынан гипопаротиреоз, тиреотоксикалық криз. Бір жылдан кейін
оданда кеш асқынуларға аутоиммундық процестердің дамуына байланысты гипотиреоз,
гипопаратиреоз және қалған қалқанша және қалқанша
маңы бездері тіндерінің
склерозының дамуы жатады.
15.4. СЕМІЗДІК
Семіздік –
Достарыңызбен бөлісу: