Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет379/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

бұл тері асты шелмайы және организмнің басқа да жерлерінде майдың 
шектен тыс жиналуы, нәтижесінде дене салмағының қалыптадан 10% және одан да көп 
жоғарлауы.
Семіздік жеке ауру болуы немесе басқа аурулардың белгісі ретінде 
айқындалуы мүмкін. Себептері болып эндокринді бездер қызметінің бұзылуы және ОНЖ 
зақымдалуы табылады. 
Балалар мен жасөспірімдердің семіздігі қазіргі денсаулық сақтаудың өзекті 
мәселесінің бірі болып саналады. Бүкіл әлемде семіздігі бар балалар саны тоқтаусыз өсіп 
келеді және әр үш онжылдық сайын екі есе жоғарлап отыр. Қазіргі кезде дамыған елдерде 
15% жасөспірімдер семіздікпен ауырады, ал 25%-ға дейін дене салмағының шамадан тыс 
артуы байқалады. Семіздік ауылдықтарға қарағанда қала балаларында жиі дамиды. Қала 
балалары аз қимылдайды және жоғары калориялы тазартылған тағамдармен жиі 
қоректенеді. Кіші жастағы балалар тобында семіздік қыз балалар мен ер балаларда бірдей 
жиілікте кездеседі. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында қыз 
балаларда басым (2:1) кездеседі. 
Семіздік балалық шақта дамып, бірнеше онжылдықтар бойы сақталады. Семіз 
балалардың 80% жуығында ересектік кезінде де семіздік сақталады. Атеросклероз, 
жүректің ишемиялық ауруы, гипертония ауруы, қант диабеті, бауыр және өт қабы 
аурулары қалыпты салмақты адамдармен салыстырғанда салмағы артық адамдарда 3-9 есе 
жиі кездеседі. 


569 
Семіздіктің морфологиясы.
Май тіні адипоциттерден тұрады, оның саны адамның 
өмірінің барлық мерзімінде ұлғайып отырады. Әсіресе құрсақішілік кезеңде және өмірдің
алғашқы 3 айлығында белсенді жүреді. Адипоциттер мөлшері туғаннан бастап 6 
жасқа дейін қалыпты жағдайда 3 есе жоғарлайды. Адипоциттер мөлшерінің ұлғаюы
жасөспірімдік кезеңде де жалғасады. 
Қазіргі кезеңде, семіздік кезінде май жасушасының санының жоғарлауы мен
қатар, оның өлшемдерінің де ұлғаятындығы белгілі. Адипоциттер саны семіздіктің 
тұрақты факторы болып табылады, ол ем әсерінен өзгермейді. Ал, адипоциттер
өлшемдерінің ұлғаюы – лабилді фактор, яғни емнің әсерінен май жасушаларының
өлшемдері кішірейеді. Осыған байланысты семіздікті 2 типке бөледі: гиперциллюларлы 
(көп жасушалы) және гипертрофикалық типтері. Гиперциллюларлы тип – бұл семіздікте 
май жасушасының саны жоғарлайды, өлшемі өзгеріп отыруы мүмкін. Гипертрофиялық
типінде – адипоциттердің саны қалыпты, бірақ өлшемі үлкен болады. Семіздігі бар
балаларда май жасушасының ғана өлшемі ұлғаймайды, саны да жоғарлайды, яғни
гиперцеллюлярлы семіздік болады, ол ерекше тұрақты ағымммен сипатталады. 
Балалардағы семіздікті бағалау әдістері.
Әдетте салмақ балалық шақта процен-
тильді кестелермен бағаланады, 85-95 аралығындағы процентилдегі дене салмағы шама-
дан тыс артық салмақты, ал 95-ті процентилден жоғары – семіздік деп бағаланады. Дене 
салмағының жасына байланысты қалыпты шамадан жоғарлауы былайша болып 
бөлінеді: 

15-25 % - 1-ші дәрежелі семіздік. 

26-50% - 2-ші дәрежелі. 

51-100% - 3-ші дәрежелі. 

100% жоғары - 4-ші дәрежелі. 
Қазіргі кезде дене салмағының индексі (Кетле индексі) туралы түсінік ұсынылды. 
ДСИ келесі формула бойынша есептеледі: ДСИ = дене салмағы (кг)/дене ұзындығы 
(метр
2
) . 
<18,5 ДСИ – дене салмағының жетіспеуі 
18,5-24,9 – қалыпты дене салмағы 
25 - 29,9 – артық салмақ 
30-34,9 – I дәрежелі семіздік 
35-39,9 – II дәрежелі семіздік 
40 және жоғары – III дәрежелі семіздік 
Әдетте ДСИ (Кетле-2) жастан және одан ересек балалардағы семіздікті бағалау үшін 
қолданылады. 
Семіздікті сонымен қатар трицепс және бұғана асты аймақтарындағы тері 
қыртысының қалындығымен бағаланады. Бұл әдістің жетіспеушілігі – науқастың бой 
ұзындығы есепке алынбайды. Трицепс аймағындағы тері қыртысының қалыңдығының 
бұғана асты қыртысына қатысын орталық типті семіздікті бағалау үшін қолданылады. 
Балалар мықын және сан шеңберін өлшеу, іш қуысының май тіндерін жанама бағалауда 
мәлімет береді. Висцералды майдың жиналуы семіздікте қосымша аурулардың дамуына 
маңызды қауіптілік факторы болып табылады. 
Семіздіктің жалпы қабылданған жіктемесі жоқ. Тәжірибелік жұмыста жиі Д.Я. 
Шурыгин жіктемесі қолданылады: 
I. Бірін шілік семіз дік түрлері:
1)
алиментарлы-конституциональды 
2)
нейроэндокринді: 
а) гипоталамо-гипофизарлы
б) адипозогенитальды дистрофия; 
II.
Екіншілік семіздік түрлері:
1)
церебралды; 
2)
эндокринді: 


570 
а) гипотиреоидты; 
б) гипоовариальды; 
в) климактериялы; 
г) бүйрек үсті безілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет