562
• Гипотиреозы бар балалардың дене пропорциясы емдеусіз хондродистрофиялық сияқты
кейіпке жақындайды, бет сүйектері дамуының қалыс қалуы (кең, түсіп кеткен кеңсірік,
гипертелоризм, еңбектерінің кешігіп жабылуы), тістерінің кеш шығуы және ауысуы;
• балаларда кардиомегалия, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚҚ төмендеуі,
пульстік
қысымның азаюы, брадикардия анықталады
• туа біткен гипотиреоз бар балалардың даусы жіңішке, дөрекі, жиі мұрын-ерін үш
бұрышының цианозы, стиридорозды тыныс байқалады;
• іштің кебуі, кіндік жарығы;
• қалқанша без көп жағдайда анықталмайды (даму ақауы болғанда) немесе керісінше
ұлғаюы мүмкін (тұқым қуалайтын тиреоидты гормондардың синтезінің бұзылыстары).
Диагностикасы.
Ауруды ерте диагностикалау мақсатында
ең нәтижелі әдіс болып,
қазіргі кезде туа біткен гипотиреозды анықтау үшін ЖТН-ге скрининг тексеруді жүргізу
саналады. Скриниг туа біткен гипотиреозды өмірінің алғашқы айларында анықтауға
мүмкіншілік туғызады. Ол бала қанында ТТГ анықтауға негізделген. Нәресте өмірінің 4-5
күндері (ерте емес), ал шала туылғандарда 7-14 күндері, арнайы қағазға қан тамшысын
тамызып, кейін сары суын бөліп алып, ТТГ-ның деңгейін анықтайды. Қанды ерте алуға
(нәрестелерде перзентханадан ерте шығаруға байланысты) болмайды, өйткені тексеруде
жиі жалған оң мәнді нәтиже беруі мүмкін.
Тексерудің нәтижесінде ТТГ деңгейінің 20 мк бірлік/мл аз
болуы қалыпты болып
саналады, осы деңгейден жоғары болғанда, қанның барлық үлгілерін қайта тексеруден
өткізеді. ТТГ деңгейі 50 мк бірлік/мл жоғары болуы гипотиреозға күмән туғызады, ал
деңгейі 100 мк бірлік/мл жоғары болуы аурудың бар екендігін айқын көрсетеді.
Науқасты гипотиреозға тексеру жоспарына міндетті түрде кіру керек:
-
қан сарысуында Т3 және Т4 болуын анықтау;
-
қанды клиникалық тексеру (гипотиреозда нормохромды анемия анықталады);
-
қанды биохимиялық тексеру – гиперхолестеринемия және қанда липопротеидтердің
жоғары болуы 3 айдан асқан гипотиреозы бар балаларға тән;
-
ЭКГ – брадикардия түрінде өзгерістер және тісшелердің вольтажның төмендеуі;
-
Кәріжілік-білезік буының рентгенограммасы – сүйектену
ядроларының пайда
болуының кідіруі, олардың асимметриясы пайда болуының бір ізділігінің бұзылуы.
Тек 3-4 айлығында айқындалады;
-
Қалқанша бездің УДЗ.
Емі.
Емнің негізгі әдісі, тиреоидты дәрілермен өмірлік орынбасу емі болып
саналады. Бұл дәрілерге L-тироксин, трийодтиронин, тиреотом, тирекомб, эутирокс
жатады. Таңдаулы дәрі болып синтетикалық L-тироксин саналады.
L-тироксинде әсер
етуші зат болып левотироксин натрий саналады. Осы дәрі адамның табиғи гормоны
тироксинге ұқсас болғандықтан синтетикалық дәрілерден артық болып есептеледі. Бұдан
басқа оны қабылдағаннан кейін қанда «қор» жинақталады да, қажет болған жағдайда
тироксиннің дейодталу жолымен оның үшйодтытиронинге айналып пайдаланылады.
Сонымен, қанда үшйодтытирониннің шыңдық, ең жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуын
болдырмауға болады. Барлық тәуліктік мөлшерін ертеңгілік астың алдынды 30 минут
бұрын ерітпей азғантай көлемде сумен қосып қабылдаған дұрыс. Осы кезде дәрінің
физиологиялық деңгейі тәулік бойы сақталады. Дәрінің жеткілікті мөлшерін таңдау әрбір
науқастың жағдайына және тиреоидты жеткіліксіздіктің дәрежесіне байланысты.
Бастапқы мөлшері тәулігіне 10-15мкг құрайды, кейін мөлшерін көбейте отырып қолайлы
мөлшерге жеткізеді. Дәрінің тағайындалған
мөлшерінің сәйкестігіне, науқастағы гипо-
немесе гипертиреоздың белгілерінің жоғалуы, ТТГ деңгейінің қалыпқа түсуі дәлел бола
алады. Ескеретін жәйт, орынбасу емін бастағаннан кейін Т4 деңгейі 12 аптадан кейін, ал
ТТГ-34 аптадан кейін қалпына келеді.
Емдік шаралар кешеніне витаминдерді, емдік дене тәрбиесін (ЕДТ), уқалау, ақыл-
ойдың қалыс қалуын түзетуші дәрілер енгізілу керек. Мейлінше ерте басталған орынбасу
емі аурудың ақырына қолайлы әсерін тигізеді.