558
6.
Метаболикалық қышқылдануды 4% натрий гидрокарбонаты ертіндісімен, емнің
бастапқы 4
сағатында, қанның РН-ы – 7,1-ден төмен болғанда түзетеді.
7.
Белгілеріне сәйкес ем.
2 типті қант диабеті
.
Осы уақытқа дейін 2 типті қант диабеті ересектердің ауруы
болып есептелді. Қазіргі уақытта аурудың жиілігі бірнеше есе өсті. Бұны келесі
факторлармен – семіздік,
гиподинамия, тұқым қуалаушылықпен байланыстырады. Бұл
кезде ашқарында 7 ммоль/л жоғары гипергликемия немесе постпрандиалды
гипергликемия болады. Созылмалы гипергликемияның барлығы гликолизденген
гемоглобиннің жоғары деңгейімен дәлелденеді. 1-ші типті қант диабетінен ажырату
диагностикасында мұнда базальды гипергликемия
инсулинсіз қалпына келеді, β-
жасушалық антигенге қарсы антиденелер болмайды.
Қант диабетінің асқынуы
. Ұзаққа созылған декомпенсацияланған қант диабетінде
қан тамыр жүйесінің жайылмалы зақымдалуы – қылтамырлардың базалды мембранасы-
ның қалыңдауынан туындайтын
диабеттік микро-ангиопатия, одан әрі қан тамырлары
қабырғасы-ның гиалинозынан, ағзалардың қызметінің, әсіресе бүйректің, көздің,
аяқтың
дисталды бөлігінің, АІЖ қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары дамиды. Бұл
асқынулар тобы, «кеш асқынулар» – деп аталды. Олар, әдетте ауру басталғаннан 5 және
одан да көп жылдан кейін көрінеді. Балалық шақта қант диабетінің ұзақ уақыт
компенсациясының болмауы, бой өсудің және жыныстық дамудың тежелуіне әкеледі,
диспропорционалды семіздікке (бетінде, кеуденің жоғарғы бөлігінде майдың жиналуы),
гепатомегалияға, ерте тамырлық асқыну – Мориак синдромының дамуына алып келеді.
Инсулин мөлшерінің созылмалы артуы тәбеттің жоғарлауына, бой өсудің күшеюіне
Кушингоид типті семіздікке, гепатомегалияға әкеледі, кетоацидозға, түнде гипогликемия-
лық жағдайға және
таңертеңгілік гипергликемияға, тамырлық асқынуларға (Самодж
синдромына) бейімдейді.
15.2. ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ.
15.2.1. ГИПОТИРЕОЗ
Қалқанша безінің аурулары қазіргі уақытта балалардағы барлық эндокриндік
патологиялардың арасында алдыңғы орынды алады. Осындай жағдайдың болуына, адам-
дардың қоректену сипатының өзгерістері, йодтқа бай тағамдарды
пайдаланудың төмен-
деуі, сондай-ақ үнемі өзгергіш экологиялық және радиологиялық жағдайлар ықпал етеді.
Қалқанша без ауруларының жіктелісі
Балалардың тиреоидты патологиясы алуан түрлі болады. Қалқанша безінің қызметі-
нің белсенуімен (артуымен) немесе әлсіреуімен жүретін аурулардан бөтен, қабыну құбы-
лыстары, ашық және жабық жарақаттары, қатерлі ісіктері мен қауіпсіз ісіктер, кисталар
болуы мүмкін. 1961 жылы қабылданған
ересектерге арналған жіктеліс, педиатрияда да
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: