Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет371/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Инсулин дәрілері: 
1. Өте қысқа және тез әсерлі (Хумулин Р., Актрапид МС, Актрапид НМ, 
Инсуманрапид және басқалар). Әсерінің басталуы 0,5-1 сағ, шыңы – 1-3 сағ, ұзақтығы – 6-
8 сағ (2,5-4 сағ). 
2. Әсері орташа ұзақтықтағы (Хумулин Н, Хумулин НПХ, Протафан МС). Әсерінің 
басталуы – 1,5-2 сағ., шыңы – 4-12 сағ., ұзақтығы – 18-24 сағ. 
3. Ұзақ әсерлі (Хумулин ультралент, ультратард НМ). Әсерінің басталуы 4-5 сағ 
кейін, шыңы – 8-14 сағ, ұзақтығы – 24-36 сағ. Ұзақ әсерлі дәрілердің ішінде Лантус 
дәрілеріне артықшылық беріледі, өйткені ол адам инсулинінің аналогы. Лантус ертінідісін 
тері асты шел май қабатына енгізгеннен кейін қышқылдығына байланысты 
бейтараптандыруы реакциясына түсіп микропреципитаттар түзіліп, олардан бір қалыпты 
және ұзақ әсер ететін азғантай көлемде үнемі инсулин бөлінеді. Ол бір сағатта шыңсыз 
әсер ете бастайды, ұзақтығы 24 сағат. 
Қазіргі кезде тез әсерлі инсулин өндіріледі – ультрақысқы әсерлі «Хумалог». 
Әсерінің басталуы 10-20 мин, шыңы – 1-3 сағ, ұзақтығы – 3-5 сағ. Жоспарланған уақытта 
тағам қабылдаудан бас тартқан ерте жастағы балаларға қолданылады. Оны тағам 
қабылдар алдында немесе тамақ ішкеннен кейін енгізеді. 
Инсулинді енгізу кестесі. 
Алдымен емдәм (диета) тағайындалады, содан кейін инсулин таңдалып алынады. І 
типті қант диабеті бар науқастарды емдеудің жалпы белгіленген стратегиясы болып 
қарқынды инсулинмен ем жүргізу, яғни β-жасушалары сияқты инсулиннің физиологиялық 
секрециясын имитациялайтын инсулинді енгізудің көп ретті тәртібі саналады. 
Физиологиялық жағдайларда инсулиннің базалды секрециясы үздіксіз жүреді (тағам 
болмаған кезде, және түнде) және сағатына 1бірлік инсулинді құрайды. Тамақ ішкен кезде 


557 
инсулиннің ынталанған секрециясы пайда болады, әрбір 10 гр көмірсуына шамамен 12 
бірлік инсулин өндіріледі. Бұл инсулиннің қиын кинетикасына ұқсау үшін қарқынды 
инсулин емі қолданылады, оны базисті-балюсті ем деп те атайды. Бұл кезде: фондық 
инсулинемия ұзақ әсерлі инсулиннің 2 рет енгізуімен сүйемелденеді, ал әрбір тағам 
қабылдау алдында қысқа немесе өте қысқа әсерлі инсулин егіледі.
Инсулинді енгізудің басқа әдістері: 
1)
күніне инсулинді 2 рет шаншу: тәңертеңгілік ас алдында тәуліктік дозаның 2/3 бөлігі 
және кешкі ас алдында тәуліктік дозаның 1/3 бөлігі – қысқа әсерлі инсулинді және 
орташа әсерлі инсулинмен қосарланып енгізіледі. Әрбір енгізудің 1/3 дозасын қысқа 
әсерлі инсулин, 2/3 орташа әсерлі инсулин құру керек. 
2)
Қысқа әсерлі инсулин мен орташа әсерлі инсулиннің комбинациясы таңғы ас алдында 
тәуліктік дозаның 50% құрайды. Кешкі ас алдында қысқа әсерлі инсулиннің тәуліктік 
дозасының 10%, ал ұйқтар алдында орташа әсерлі инсулиннің тәуліктік дозасының 
40% құрайды. 
3)
Орташа әсерлі инсулин ұйқы алдында тәуліктік дозаның 30-40%, қысқа әсерлі инсулин 
негізгі тағам қабылдау алдында енгізіледі. 
Инсулиннің дозалары туралы айтқан кезде, оның өмір бойы тек қана бір дозаны 
қабылдауға болмайды. Олардың мөлшері науқастың өмір сүру жағдайына қарай жиі 
өзгеріп отырады. Инсулиннің дозасын дұрыс таңдау үшін негізгі критерия болып, 
гликемия көрсеткіші саналады. 
Инсулинмен емдеудің асқынларуы:
1. Аллергиялық реакция. 
2. Инсулинге резистенттілік 
3. Инсулиннен кейінгі липодистрофиялар 
4. Гипогликемиялық жағдайлар 
Гипогликемия
– қандағы глюкоза мөлшерінің 3 ммоль/л ден төмендеуі. Ол 
инсулиннің артық дозасын енгізгенде, немесе организмнің глюкозаны өте көп мөлшерде 
жарататын физикалық жүктеме кезінде глюкозаның аз түсуінен дамиды. 
Гипогликемия – кенеттен немесе бірнеше минут ішінде пайда болады. Аяқ-қолдар-
дың дірілдеуі, тахикардия, салқын тер, әлсіздік, ашығу сезімі, іштің ауырсыну пайда 
болады. Ауыр жағдайларда мазасыздық, агрессивттік, кейін ұйқышылдыққа ауысатын 
қозумен, афазиямен, тонико-клоникалық құрысумен, ес жоғалтумен сипатталады. 
Егер осы симптомдар пайда болып және баланың санасы әлі айқын болса, оған тәтті 
шәй беру керек. Естен танумен өтетін ауыр гипогликемияда: қантамырға глюкагон 10 
жасқа дейінгі балаларға 0,5 мг, 10 жастан асқан балаларға 1 мг, көктамырға 20% глюкоза 
енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет