Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет370/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(134 кесте).
Сонымен қатар 
Еуропада және АҚШ эндокринологтары СГТТ-ны қант диабетінің диагностикасында 
қолдануды тиімсіз деп есептейді.
 
134 КЕСТЕ 
ДИАБЕТТІ ГЛЮКОЗА ТОЛЕРАНТТЫ ТЕСТ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША 
АНЫҚТАУ ШЕКТЕРІ (қандағы қант ммоль/л). 
Көмірсулар алмасуының
жағдайы 
Ашқарынға 
Глюкоза 
бергесін 60 
минуттан кейін 
Глюкоза 
бергесін 120 
минуттан кейін 
Дені сау балалар 
6,7 
10 
6,7 
Глюкозаға толеранттығының 
бұзылуы 
7,1 - 7,2 
10,8 -11,1 
7,9 - 8,3 
Манифесті диабет 
7,2 
11,1 
8,3 
Қант диабетінің ауырлық дәрежесін анықтау

1.
Диабеттің 
жеңіл ағымы
– микро - және макротамырлық асқынулар болмайды. 
2.
Орташа ауыр ағымы
– диабеттік ретинопатияның, пролиферативті емес сатысы. 
Диабеттік нефропатия микроальбуминурия сатысында болады. Диабеттік полинейро-
патия көріністері байқалады. 
3.
 Ауыр ағымы 
– диабеттік ретинопатияның, пролиферативті сатысы. Диабеттік 
нефропатия, протеинурия, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі байқалады. Автономды 
полинейропатия, макроангиопатия көрінісі болады.
І типті қант диабетінің емі. 
Негізгі мақсат – аурудың тұрақты компенсациясын сүйемелдеу және оған қол 
жеткізу. ДДҰ ұсынысы бойынша І типті қант диабетінде көмірсу алмасуы 
компенсациясының шектері (критериялары) болып саналады. 
Компенсацияға қол жеткізу кешенді шаралардан тұрады: 
1. Емдәм (диета). 
2. Инсулинмен емдеу. 
3. Науқасты үйрету және өзін-өзі бақылау. 
4. Мөлшерленген физикалық жүктеме. 
5. Асқынулардың алдын-алу және емдеу. 
Баланың өсуі мен дамуы қалыпты болуы үшін емдәм ақуыз, май, көмірсу бойынша 
теңгерімді болуы қажет. 
Емдәмнің ерекшеліктері: 

жеңіл сіңірілетін көмірсуларды (қант, бал, бидай ұны, ақ жармалар) ас мәзірінен алып 
тастау; 


556 

құрамында тағам талшықтары жеткілікті өнімдерді (қара бидай ұны, тары, сұлы, қара-
құмық жарамалары, көкөністер, жемістер) қолдану. Тағамдық талшықтар глюкозаның 
ішектен жалпы және төменгі тығыздықтағы липопротеидтердің сіңірілуін азайтады; 

тәулік бойына қабылдаған инсулинге сәйкес, көмірсулардың уақытымен және 
мөлшерінің таралуы бойынша бекітілген емдәм болуы қажет; 

ас мәзірін құрған кезде барлық тағамдар 6 топқа бөлінеді (1-топ – крахмалдар, 2-топ – 
жемістер, 3 топ – сүт, 4 топ – көкөністер, 5 топ – ет, 6 топ – майлар); 

өнімдердің эквивалентті алмасуы әр топтың ішінде жекелеген қажеттілікпен жүреді 
(25г нан ½ стакан ботқамен немесе ½ стакан картоп пюресімен алмасуы мүмкін). Бір 
топтың өнімі екінші топтың өнімімен алмаспауы керек; 

полиқанықпаған өсімдік майы мөлшерінің жоғарлауына байланысты жануар майының 
мөлшері азайтылады; 

коректік заттардың оңтайлы құрамы 55% көмірсудан, 30% майдан, 15% ақуыздан 
тұрады. 
Тағамның тәуліктік мөлшерін бөлу. 
Негізгі қабылдау: тәңертеңгілік ас – 25%, түскі ас – 25%, кешкі ас – 20-25%. 
Қосымша қабылдау: екінші тәңертеңгілік ас, бесін ас, екінші кешкі ас. 
Диетаға кеңес берер алдында міндетті түрде калориялық қажеттілікті есептеу керек. 
1 жасқа дейінгі балалардың тәуліктік қажеттілігі 1000-1100 ккал. 1 жастан кейін тәуліктік 
калориялық қажеттілік мына формуламен есептеледі: 1000 + (100 х n) 
n – 10 жасқа дейінгі жасы
10 жастан кейін 200 ккал қосылады. 
Инсулинмен емдеу

І типті қант диабеті инсулинге тәуелді болғандықтан инсулинді енгізу осы 
категориядағы науқастарды емдеудің жалғыз жолы болып есептеледі. Инсулинмен емдеу 
тәртібі жеке таңдалады. Аурудың бірінші жылы тәулігіне 0,25-0,5 бірлік/кг, келесі 
жылдары 0,5-0,7 бірлік/кг енгізіледі. Аурудың пубертатты кезінде немесе, ауру 5 жылға 
созылса – тәулігіне 1 бірлік/кг енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет