Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет369/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Клиникасы.
Қант диабетінің айқын кезеңіне дейін арнамалы клиникалық белгілері 
білінбейді. Клиникалық айқындалуының «маңызды» белгілері– шөлдеу, полиурия және 
дене салмағының төмендеуімен сипатталады. Аурудың бастапқы кезеңінде тәбеттің 
жоғарлауына және тамақты көп қабылдауына қарамастан салмақ жоғалту байқалады. 
Тәбеттің жоғарлауы (полифагия) – организмге қуат қайнар көзінің түсуін қандай да 
бір мөлшерде күшейтіп және оның глюкозурия салдарынан болдырмауға бағытталған 
компенсаторлық реакция. Бірақ қант диабетінде қуаттың қайнар көзін көбейтуге 
бағытталған тәбеттің жоғарлауы жеткілікті болмайды, өйткені организмнен тамақпен 
түскен глюкоза ғана емес, сонымен қатар глюконеогенез жоғарлауының нәтижесінде 
ақуыздар мен майлардан түзілген глюкозада шығады. Нәтижесінде майлар мен 
ақуыздардың көп ыдырауынан науқас арықтайды. 
Шөлдеудің күшеюі (полидипсия) – организмнің су тепе-теңдігін қалпына келтіруге 
бағытталған компенсаторлы реакция болып табылады. Бірақ, әдетте диурез әрқашанда көп 
болады. Қант диабетінде полурия көлемі 3-4 л –ден аспайды. Полиурияның бірінші 
көрінісі түнгі немесе күндізгі энурез болуы мүмкін. Полиурия нәтижесінде дегидратация 
дамиды. Кілегей қабаттар және тері құрғайды. Қант диабетінде сілекей бездер 
функциясының тежелуі байқалады. Жиі терінің саңырауқұлақты және іріңді аурулары 
қосылады, ал қыздарда вульвит дамиды. Тері-асты шел май қабаты жұқарады, тіндер 
тургоры төмендейді. Әлсіздік күшейіп, жұмысқа қабілеттілік азайады.
Қант диабетінің І-ші типінің 1/3 жағдайында бірінші клиникалық симптомдары – 
диабеттік кетоацидоз белгілерімен айқындалады. 
Диабеттік кетоацидозды 3 сатыға бөледі: 
1-ші сат ы – к етоз – дегидратация фонында организмде кетонды денелердің 
жиналуы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауырсынуын, нәжістің сұйылуын күшейтеді (шын 
мәнінде бұлар токсикалық гастроэнтериттің дамуының көріністері). Бұл кезде кілегей 
қабаттары қанық, тілі құрғақ, қою жабындымен жабылған болады. Жақ доғаларының
қабақтар үстінің, иектің диабеттік қызаруы тән, дем шығарғанда ацетон иісі шығады. 
2-сат ы – кома алд ы – үдемелі дегидратация тұсында метаболикалық қышқылдың 
декомпенсациясымен басталады. Екінші сатының алғашқы клиникалық белгілері – 
Куусмауль тынысы – шулы уытты тыныс. Айқын абдоминалды синдром – іштегі 
ауырсыну, іш қуысы алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы, іш пердесі 
тітіркенуінің оң белгілері анықталып, қайталамалы құсу. Тері жамылғысы мен кілегей 
қабаттардың құрғауы күшейеді және акроцианоз пайда болады, АҚҚ төмендейді, тахи-
кардия пайда болады. Бұл кезде есі сақталған, бірақ біртіндеп сопорозды жағдайға өтеді. 
3-сат ысы – кома – санасы жойылып, рефлекстердің тежелуі, диурездің төмендеуі, 
құсудың тоқтауы, гемодинамикалық бұзылыстардың әрі қарай күшейуімен сипатталады. 
Жедел дегидратация және микроциркуляция бұзылысы белгілерімен қоса науқаста айқын 
шулы тыныс, бұлшықет гипотониясы, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы 
байқалады. 
І типті қан диабетінің диагностикасы

1. Клиникалық белгілері. 


555 
2. Гипергликемия. Қалыпты жағдайда капиллярлы қанда глюкозаның деңгейі ашқарында 
– 3,3-5,5 ммоль/л. Постпрандиалды гликемия (тағам қабылдағаннан 2 сағ кейінгі қан-
дағы глюкоза деңгейі) 7,8 ммоль/л аз. Қант диабеті кезіндегі глюкоза деңгейі – ашқа-
рында 6,1 ммоль/л және одан жоғары. 2 сағ кейін – 11,1 ммоль/л және одан жоғары. 
3. Кетонурия. 
4. Қант диабеті диагнозын нақты қоюда басты болып, қанда аутоантиденелердің 
анықталуы. 
Егер капиллярлы қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 6,1 ммоль/л-ден кем болса 
және глюкозаны перооральды енгізгеннен кейін (1,75 г/кг) 2 сағ соң 7,8-11,1 ммоль/л 
деңгейінде болса, онда глюкозаға төзімділіктің бұзылысы анықталады. 
Ашқарында гликемия бұзылысы: ашқарыңда қант 5,6 ммоль/л-ден көп, бірақ 6,1 
ммоль/л-ден аз, ал 2 сағ соң 7,8 ммоль/л-ден аз. 
Біздің елімізде әлі күнге дейін аурудың жасырын сатысына дейінгі диагностикасын 
жүргізуде стандартты глюкоза толерантты тест қолданылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет