Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет365/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Симптоматикалық ем.
Тромбоцитопениямен қосарланатын агранулоцитозда 
гемотранс-фузия жүргізіледі. Бұндай жағдайда қан препараттарын құю күнде жүргізіледі. 
Донорды HLA антигендік жүйе бойынша таңдап алынуы керек.
Гемоглобин мөлшері 70 г/л-ден төмен болатын анемияларда эритроцитарлық масса 
құйылады (1 кг салмағына 4 мл есебінен), терең тромбоцитопенияда (10х10 
9
/л-ден төмен) 
және георрагиялық синдромда тромбоцитарлы масса құяды. Промиелоцитарлы лейкозда 
цитостатикалық еммен бірге жаңа мұздатылған плазма, гепарин (200 бірлік/кг тәулігіне) 4 
ретке бөліп енгізеді, қажет болса дозасын жоғарлатады. Терең гранулоцитопения 
байқалатын науқастарға лейкоцитарлық масса (10
10
лейкоцит құяды) құяды.
ЖЛ емдеудің жаңа әдістеріне сүйек майын трансплатанция жасау жатады. Бұл ем 
түрі жедел лимфобласты емес лейкоздарда маңызды болып келеді.
Диета.
Жоғары калориялы болуы тиіс, минералды заттар мен витаминдерге бай болу 
қажет. Гормон тағайындалған кезде рацион калий тұзымен байытылуы қажет. Науқас-
тарды күту кезінде асептикалық жағдай мен емдік – қорғаныс режимін сақтау керек. 
Диспансерлік бақылауды
гематолог, аймақтық педиатрмен бірігіп жүргізіледі. 2 апта 
сайын 1 рет қан анализы жасалад. Климатты өзгертпеген жөн. Бала 6-12 ай бойына алдын-
ала егулерден, дене шынықтырудан босатылады. Баланы физикалық, психикалық 
жүктемеден, жарақаттан, салқындаудан сақтандыру керек. 
Болжамы.
ЖЛЛ-да «стандартты қауіп» жағымды болжам тобын және «жоғары 
қауіп» бөледі. Қазіргі кезде дүние жүзілік ғылыми әдебиеттегі мәліметтер бойынша ЖЛЛ 
бойынша сауығу 50-70%, ал ЖМЛ-да 15-30% құрайды. 


548 
14.6.2. СОЗЫЛМАЛЫ МИЕЛОЛЕЙКОЗ 
Созылмалы миелолейкоздың (СМЛ) ювенильді түрі әдетте, 2-3 жастағы балалар-да 
байқалады және анемиялық, геморрагиялық, интоксикациялқ, пролиферативті синдром-
дарың қосарлануымен сипатталады. Ане мнезінде, жиі ауруханаға түскенде терісінде 
экзематозды бөртпелер байқалады. Шеткі қан анализінде анемия (макроцитозға бейімді-
лікпен), тромбоцитопения, ЭТЖ ұлғаюы және миелобластарға дейін (2-50%, тіптен оданда 
көп) айтарлықтай ығысқан, барлық аралық жасушалармен (промиелоциттер, миелоциттер, 
жас, таяқша ядролы нейтрофилдер) лейкоцитоз, айқын моноцитоз байқалады. 
Сүйек майында – көп жасушалылық, мегакариоцитарлық өсіндінің тежелуі; бластық 
жасушалар көп емес, шеткі қандағы мөлшеріне сәйкес, бірақ олардың анаплазиялық 
белгілері бар. Сүйек майы жасушаларының культурасында Ph
1
-хромосоманың болмауы, 
фетальды гемоглобин мөлшерінің жоғары болуы (30-7-%) бұл лейкоздың ювенильді 
түріне тән лабораториялық белгі болып, осы түрін балаларда миелоидты лейкоздың ересек 
түрінен ажыратуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда 7 жұптың бір хромосомасының 
болмауы анықталады.
СМЛ-дің ересек түрі кейде жоспарлы тексеруде, мектеп жасындағы балаларда 
қан анализін жасағанда анықталады, яғни ауру біртіндеп дамиды. Лейкоздың бұл түрі 
балаларда ювенильді түріне қарағанда екі есе жиі кездеседі. 40% науқас баллада диагноз 
қойған кезде ешқандай клиникалық белгілері болмайды, диагноз гемотологиялық зерттеу 
нәтижесінде қойылады деп есептеледі. Балаларда гепатоспленомегалия байқалады, жиірек 
спленомегалия анықталады. Кейде СМЛ салмақ жоюдан, әлсіздікпен, қызба байқалып, 
дірілдеумен басталады.
СМЛ үш фазаға бөледі: 
1.
баяу, созылмалы (3 бойына созылад); 
2. акселерациялық (1-1,5 жылға созылады), бірақ тиімді ем жүргізілсе ауруды созылмалы 
фазасына ауытыруға болады; 
3. терминальдық өршу (бласты криз), 3-6 айға созылады және әдетте, өліммен аяқталады. 
Әдетте, миелоидты түрі ретінде дамиды, емге беріктігі жоғары болады.
Акселерация кезеңінде 
аурудың клиникалық-гематологиялық көрінісінде шарша-
ғыштық, әлсіздік, іштің үлкеюі, оң жақ қабырға астының ауруы, сүйекті тықылдатқанда 
ауырсыну байқалады. Талақ өте үлкен болады. Гепатомегалия айтарлықтай үлкен болмай-
ды. Лимфоаденопатия сәл ғана көрінеді. Қан анализінде орташа анемия, тромбоциттер 
саны қалыпты немесе аздап көбейген, гиперлейкоцитоз (әдетте, 100х10
9
/л-ден артық) 
табылады. Лейкоцитарлық формулада промиелоциттер, миелоциттер басым болады, бірақ 
миелобластар (5-10% шамасында), метамиелоциттер, таяқшаядролылар және сегментядро-
лылар анықталады, яғни лейкемиялық құлдырау білінбейді. Эозинофильді және базофиль-
ді түрлер қатарыда көп, лимфопения, ЭТЖ жоғарылауы болады. Сүйек майында жасуша-
лық, аздап бласты элементтердің көбеюі, айқын метамиелоцитарлық және миелоцитарлық 
реакция байқалады. Кариотипированияда 95% науқаста 22 тобында қосымша кішкене 
хромосома – филадельфия хромосомасы (Ph
1
-хромосомасы) – анықталады. Ол 9-ші және 
22-ші хромосомалар арасындағы материалдың реттелген транслокация нәтижесі болып 
келеді. Бұл транслокацияда СМЛ дамуын шақыратын протоонкоген тасымалданады. Ph
1
-
хромосомасы ЖЛЛ-да 5%, СМЛ-де 2% жағдайда анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет