Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет364/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Инфекциялар –
біріншілік және екіншілік иммундық жетіспеушіліктің (цитостати-
калық ем және гранулоцитопения) салдарынан пайда болатын, ЖЛ-дің заңды асқынулары 


546 
болып келеді. Әсіресе, нейтрофильдер саны 500 мкл-ден нейтропения қауіпті болып 
келеді. Сондықтан нейтропениямен қосраланған қызба активті инфекцияға қарсы ем 
тағайындаудың көрсеткіші болып келеді. Цитостакилық кешенді ем фонында қан құю 
вирусты гепатитті жұқтырумен ғанпа қауіпті емес, сонымен қатарвирустардың герпес 
тобын және кандидалармен ауырып қалу қаупіде туады.
Клиникасы.
Ауру ағымын 5 кезеңге бөледі: 
бастапқы; 
өршу; 
сауығу (ремиссия); 
қайталау (рецидив); 
терминальды; 
Бастапқы 
кезең клиникалық белгілерінің көп полиморфизімен сипатталады. Бірақ 
басым көрінетін белгілеріне жалпы интоксикация (жайсыз көңіл-күй, тәбет төмендеу
шаршау); тері жамылғысының бозғылттығының үдемелігі, дене қызуының кезеңді 
жоғарылауы, сүйек, буындағы белгісіз ауырсынулар, лимфа түйінінің ұлғаюы тән. 
Өршу кезеңі.
Бұл кезеңде ауру көрінісі әртүрлі және организмнің барлық маңызды 
жүйесін қамтиды. 
Негізгі белгілер кешендері: 
- айқын интоксикация белгілері (дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, ұйқышылдық
дене салмағын жоғалту). 
- Геморрагиялық синдром (қан ағу мен қан құйылулар). 
- Анемиялық синдром (тері мен кілегей қабаттардың тез бозаруы, эритроцит пен гемо-
глобин деңгейінің азаюы, тромбоцитопения, лейкоцитоз) 
- Сүйек тінінің зақымдалуы (білезік, табандардың ісінуі, сүйектерде ауырсынулардың 
күшеюі, полиартрит көрінісі, жүрісінің өзгеруі, сүйектің сынуы). 
- Пролиферативті синдром (бауыр, талақ, барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы – лимфо-
аденопатия). 
Осы кезеңде жүрек – тамыр және тыныс алу жүйесі жағынан да айқын өзгерістер 
көрініс береді (жүрек ұшы мен негізінде систолалық шу, жөтел, ентігу және т.б.). 
Асқазан-ішек жолы бойынша функциялық өзгерістер байқалады (ішінің ауыруы, 
тәбетінің төмендеуі, дискинезия, құсу және т.б.). 
Сауығу (ремиссия) кезеңі
. Қазіргі емдеу әдістерін қолдануға орай лейкоз 
ағымында жақсару кезеңдері анықталынған. Толықтай ремиссия кезінде клиникалық 
көріністер жойылады, қан анализі жасына сай болады. Жартылай сауығу кезінде 
клиникалық белгілері жойылады, ал шеткі қан көрсеткіштерінде, тек олардың жақсарғаны 
ғана байқалады.
Қайталу (Рецидив)
кезеңінде лейкоздық процесстің клиникалық көрінісі мен қан 
анализіндегі өзгерістер қайтадан пайда болып, үдейді. 
Терминальды кезеңде
аурудың барлық басты көріністері анық байқалады, ішкі 
мүшелерде қайтымсыз өзгерістер дамып, өлімге әкеледі. Жиі балалар қан кетуден өледі. 
Диагностика. 
Жедел лейкозды анықтау үшін шеткі қан анализі, миелограмма, 
цитохимиялық зерттеулер жасалады. 
Басты гематологиялық белгісі: шеткі қан анализінде жетілмеген патологиялық бласт 
клеткаларының пайда болуы анемия, тромбоцитопения. Лейкоцит деңгейі жоғары немесе 
төмен, ЭТЖ жоғары болады. Лейкозға күмән туса стернальды пункция жасалып
миелограмма тексеріледі.
Ажырату диагнозы
. Жедел лейкозды бактериялық инфекцияларда, дәрілік 
ауруларда, улануларда кездесетін лейкемодиты реакцялармен жырату қажет болады. 
Лейкозға қарағанда басқа ауруладра айтарлықтай пролиферативті синдром, сүйектердің 
зақымдалуы болмайды, гемограмма мен миелограммада бласт және аралық жасушалар 
болмайды. Кейде инфекция-лық мононуклеозбен ажырату қиынға соғады. Мононуклеозға 


547 
арнайы мононуклеарлар тән болып келеді. Кезкелген ажыратуға қиын болғанда 
миелограмма жасалып, соның нәтижесіне жүгініп, диагноз мәселесін шешеді.
Емі 
балаларға арналған арнайы онкогематологиялық бөлімдерде жүргізіледі. Біздің 
елімізде бұндай аурулар Алматы қаласында орналасқан ҚР ДСМ Педиатрия және Балалар 
хирургиясы Ғылыми орталығындағы онкогематологиялық бөлімшеде емделсін деген (кво-
та беріледі) нұсқау бар, жол қаражаттарын жергілікті бюджет көтереді. Жедел лейкоздар-
ды емдеу емнің үздіксіз барлық медициналық хаттамаларды аяқтағанша жүргізіледі. 
Қазіргі заманғы лейкоз емінде басты орынды лейкоз жасушаларын жою алады. Қа-
зіргі таңда ауру ағымына байланысты балалардағы лейкозды емдеудің әртүрлі схемалары 
жасалды. Лейкозға қарсы препараттар алты фармокологиялық топқа біріктірілген: антиме-
таболиттер (метотрексат, 6-меркаптопурин, цитозинарабинозид); алкилдеуші қоспалар 
(циклофосфан, миелосан); өсімдік алколойдтары (винкристин); ферментті препараттар (һ-
аспарагиназа); ісікке қарсы антибиотиктер (рибомицин); гормондар (преднизолон). Негізгі 
ем жалпы әлдендіретін және симптоматикалық терапия фонында жүргізіледі. Қазіргі кезде
бірнеше модификацияланған хаттамалар (ALL, BFM, COALL) қолданылады.
ЖЛ емі бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші ремиссияны индукциялау ісіктік жасуша-
ларды жоюға бағышталады, бластық жасушалардың 90% жойылады. Толық клиникалық-
гемотологиялық ремиссияға 95% балаларда қол жеткізіледі. Қалған басқа ісіктік 
жасушаларды келесі ем бағытталады: консолидация (ерте интенсификациялау) - 
ремиссияны бекіту; алдын-алу немесе ОНЖ зақымдалуын арнайы емдеу (интратекальды 
метотрекст, цитарабинді преднизолонды жалпы жүйелі химиотерапиялық ем фонында, 
кейбір аруларда ОНЖ сәулелендірумен бірге, жіберу); кеш интенсификация 
(реиндукция) және қолдаушы ем.
Лимфобласты емес жедел лейкозды емдеудің жедел лимфобласты лейкозды емдеудің 
айырмашылығы жоқ. Алғашқы ремиссияға 80-85% науқастарда қол жетеді, бірақ 5 жыл 
бойына 40% науқаста сақталып қалады. Жоғары қауіпті топтағы науқастарға бірінші 
ремссияда сүйек миын трансплантация жасау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет