Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет362/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жергілікті ем: 
Тері және кілегей абатының бұзылған қан аққан жеріге 
гемостатикалық губкамен тампон салады.
Гематроздарда 3-4 күн (артық емес) буынды иммоблизациялап, эластикалық дәкі 
салады. Буын қатты ауыратын болса, криоципитат жасағаннан кейін буынды тесіп, ішінде-
гі қанды сорып алады. Гематурияда және қайталап байқалатын ІІІ дәрежелі гемофильді 
артропатияларда 2-3 аптаға преднизолон тағайындалады. Гемофильдік артропатиялардың 
осындай сатыларында буынды оталап емдеу (синовэктомия) мәселесін шешу қажет 
болады.
Диспансерлік бақылау
. Гематолог маман мен аймақтық педиатр жүргізеді. Мектепте 
бала жарақатану қаупі болғандықтан дене тәрбиесі сабағынан және алдын ала егулерден 
босатылады. Дегенмен гемофилиямен ауыратын науқасқа физикалық салмақ қажет, 


544 
үйткені ол VIII фактор деңгейін артырады. Тамақтануы дені сау балалармен бірдей. 
Дәрілік шөптрден киікшөп және басқа шөптер сығындыларын қолданады. Интеркурентті 
ауруларда аспирин немесе индометацин тағаындамаған жөн.
Болжамы.
Қазіргі кездегі емдерге сәйкес болжамы айтарлықтай жақсарды, орташа 
өмір сүру ұзақтығы 46 жыл болып келеді. 
14.6. ГЕМОБЛАСТОЗДАР 
Гемобластоздар – 
қан түзу жасушларынан пайда болатын ісіктер
. Оларға 
лейкоздар мен сүйек минынан тыс ісіктер (гематосаркомалар) жатады. Балалар мен 
жасөспірімдер арасында гемобластоздар бірінші орын (44%) алады.
14.6.1. Лейкоз дар – 
сүйек миында патологиялық процесстің біріншілік 
орналасуымен жүретін қан түзу тіндерінің қатерлі ісіктерінің жалпы атауы
. Балалар 
арасында лейкоздар 2 -4 жас аралығында жиі кездеседі. Барлық балалар онкологиялық 
ауруларының 1/3 құрайды. Ер балаларда жиірек кездеседі. Лейкоздарды жедел және 
созылмалы етіп бөледі. Бұл бөлу ағым сипатын, клиникалық ерекшеліктерін, шеткі қан 
морфологиялық құрылымын қамтіды.
Этиологиясы
анықталмаған. Онкогендер болып тәжрибеде жануарларда лейкоз және 
Т-жасушалы лимфома шақыратын, рентровирустарға гомологиялық болып келетін 
жасушалық гендер. Антенатальды кезеңде беріледі, адамдарда трасформацияланған 
мутантты жасушалар пайда болуына, яғни алғашқы қатерлі ісік пайда болуына әкеледі 
немесе адам организмінің қорғаныс факторларымен жойылып жіберіледі, болмаса өсуі 
тежеледі.
Екінші жағдай: транцформацияланған жасушалар клонында екінші мутация жүреді, 
болмаса қорғаныс факторларының әлсіреуіне (перинатальды немесе постнатальды кезеңде 
әкелуі мүмкін) әкеледі. Екінші жағдайға әкелетін себеп вирусты инфекцияларға 
байланысты болса керек. Лейкозбен ауруы мүмкіндігін артыратын факторларға жатады: 
біріншілік және екіншілік иммундық жетіспеушіліктер, апластикалық анемиялар, 
миелодисплазиялар, сәулелендіру, кейбір химиялық заттар (мысалы, бензол), ісіктерде 
цитотоксикалық және ретгенологиялық әсерлер.
Патогенезі.
Лейкомогенздің жалпы қабылданған клондық теориясы бойныша 
барлық лейкемиялық жасушалар, ерте жетілу кезеңінде өзінің жіктелуін тоқтатқан, бір 
негізін салушы жасушалар ұрпағы.
Лейкемиялық ісік-өзін-өзі қолдайтын, қалыпты қан түзілуін тежейді, метастазалады, 
қан жасаушы мүшелерден тыс өседі. Лейкемиялық жасушалар клонының бірі бөлігі 
активті пролиферацияланады, «өсіші фракциясы» болса, екінші бір бөлігі – «мүлгіген 
фракциясы», тыныштық фазасында тұратын жасушалардан тұрады. Лейкоздың 
клиникалық белгілері айқындалған кезде лейкоздық клон саны 10
12
жасушадан тұрады. 
Бұнша жасуша саны жасалу үшін ең болмағанда 1 жыл, ең көп болғанда 10 жыл, орта 
есеппен 3,5 жыл қажет деп есептеледі. Осыған орай, жедел лейкозбен (ЖЛ) ауырған 
блаларда лейкемогенез мехнизмін қозғаушы фактор перинатальды кезеңде әсер ететін 
болса керек деген көзқарас туған. Жедел лейкоздағы сүйек миында ісіктік прогрессияның 
ерекшелігі қалыпты қан түзілудің басылуы болып келеді және осымен шеткі қанда 
анықталатын ЖЛ тән өзгерістер (анемия+нейтропения + тромбоцитопения) пайда болу 
механизмін түсіндіреді. Сонымен, лейкоз патогенезі – клетканың бөлінуінің бұзылуы, 
олардың мамандандырылуы күрт өзгеріп, реттеулерге бой бермеуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет