Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет367/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына. 
Анемия көптеген мүшелер мен жүйелердің жағдайына әсер 
етеді, көбіне басқа дәрумендер мен минералдардың , атап айтқанда кальцийдің,
фосфордың жетіспеушілігімен қосарланады да баланың өсуі мен дамуын бұзады, тістердің 
кеш шығуына әкеледі.
Тромбоцитопения мен тромбоцитопатия балада петехиальды немесе төк түсті ұсақ қан 
кетумен , кілегей қабатынан үлкен қан кетулермен білінеді. Жарақаттарда қан кету бірден 
басталады және ұзаққа созылады, себебі гемостаздың бірінші звеносы зақымдалады.
Коагулопатиялар- гемостаздың екіншілік звеносының мүкістігіне байланысты 
бұзылыстар. Қан кету гематомды сипатты, қанағу кейінге қалдырылған болып келеді. 
Тромбоциттер саны қалыпты болғандықтан олар біріншілік мүкістік гемостазын 
қамтамасыз етеді. Қан ұю фаторларының жетіспеушілігі гемостаздың екіншілік 
звеносының және тромбының бектілуінің (фиксациясының) бұзылуына әкеледі, біріншілік 
тромб 30-40 минуттан кейін бұзылады, ұзақ қан кету басталады. Жарақатталған жерлерден 
және кілегей қабаттардан көпкүндік қан кету байқалады.
Тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатияларда жиі мұрыннан, қызыл иектен, тіс 
жұлғанда қан кету байқалады.
Коагулопатияларда кейінге қалдырылған ұзақ қан кетулер тіс, әсіресе үшінші азу тістерін, 
жұлғанда, қуыстық ота жасағанда байқалады. Балада ауыз қуысында манипулыция 
жасағанда-тіл жүгеншігін қиғанда тіс жұлғанда және т.б. - қан кетуге бейімділік 
байқалғанда, педиатрлармен кеңесіп, гемостаз жүйесін тексеруді ұсыну қажет. 
Тромоцтопенияда тамырлардың тарылуына ықпал ететін жергілікті заттар 
пайдаланылады. 100 мг/кг мөлшерінен көктамырға немесе әр 4-6 сағатта (24 г/тәул.-ке 
дейін) ε-аминокапрон қышқылы ауыз қуысыынан қан кетуді емдеу үшін және тіс суырар 
алдында профилактикалық мақсатта қолданылады. Сонымен қатар жергілікті 
гемостатикалық губкалар қолданылады.
15. ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ 
Балалық шақтағы эндокриндік патологиялар, ересек адамдардағы сықылды
гипоталамо-гипофизарлық орталықтың, сонымен қатар, шеткі бездердің зақымдалуынан 
пайда болуы мүмкін. Ересектерге қарағанда, балаларда ішкі секреция бездерінің 
зақымдалуы, олардың өсуі мен дамуына тікелей әсер етеді. Тек эндокриндік ауруларды 
балаларда ерте анықтап, мерзімінде дұрыс емдегенде ғана балалардың қалыпты, дұрыс 
дамуын қамтамасыз ету мүмкін болады.


552 
15.1. ҚАНТ ДИАБЕТІ 
Ауру туралы алғашқы рет 3,5 мың жыл бұрын ежелгі Египтте «Папирус Эберсте»
айтылған. Біздің заманымыздың басында рим дәрігері Аретеус Каппадокийский «сифон» 
немесе «ағу»-ды білдіретін «диабет» атауын енгізді. Ол «Диабетпен ауыратын 
науқастарда су организмге бір жағынан кіріп, екінші жағынан ағып шығады» деп жазды. 
ДДҰ мәліметті бойынша әлемде 150 млн астам адам осы аурумен ауырады, және болжам 
бойынша 2010 ж таман бұл сан 220 млн-ға дейін жетеді деп болжануда. Оның ішінде қант 
диабетімен ауратын балалар мен жасөспірімдер 5-10% құрайтындығын, ал солардың 
арасында 1-ші типті қант диабеті - 54% болатындығын ескеру қажет.
Қант диабеті – 
абсолютті және салыстырмалы инсулиинің жетіспеушілігіне 
байланысты, зат алмасудың бұзылысына алып келетін ауру. 
Балаларда қант диабеті эндокринологиялық жүйелер патологиясының арасында 
бірінші орын алады.
Қант диабеті 2 негізгі типке бөлінеді: инсулин тәуелді (І тип жасөспірімдік) және 
инсулин тәуелсіз (ІІ тип ересектерде). Балаларда І тип жиі кездеседі. 
Этиологиясы.
Себебі дұрыс анықталмаған. Тұқымқуалаушылық, вирусты инфекция, 
аутоиммунды бұзылыстар осыған алып келеді. Қауіпті факторларға күйзеліс жағдайлары, 
физикалық жарақаттар, тамақ құрамында көмірсулардың көп болуы, семіздік, гиподина-
мия, глюкокортикоидты гормондар және диуретиктермен тиімсіз ем қолдану жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет