Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет382/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

си-буграмин, теронак, фепранон және 
басқа.) 
ұсынылады. Болашақта қолдануға тиімді болып, ішекте липидтардың ыдырауын және 
сіңірілуін тежейтін дәрілер саналады. Осы дәрілердің өкілі
ксеникал (орлистат), 
липазаны тежеуші, ол майлардың сіңірілуін 30% тежейді. 
Ересек адамдар үшін, құрамында ферменттер (трипсин, липаза) бар «майды 
жағушы» 
дәрілер 
жасалып 
шығарылуда. 
Олардың 
«жағушы» 
әсері 
тағам 
ингридиенттерінің ішекте сіңірілу жылдамдығынан, олардың ферменттік ыдырау 
жылдамдығы жоғары болуына байланысты организмнен шығарылады. Балаларға оларды 
қолдануға болмайды, өйткені қадағалаушы зерттеулер әлі жүргізілген жоқ. 
Майды пайдалану шектелген субкалориялық диетадағы балаларға А, Е, Д витамин-
дерін тағайындаған жөн. Дислипидемияда және бауырдың липодистрофиясында липо-
тропты дәрілер тағайындалады: 20% холин хлорид ертіндісі 1 ш.қ. күніне 3 рет, липамид 
0,025г күніне 3 рет 3-4 апта бойы, эссенциале 1 капсуладан күніне 3 рет 20-30 күн бойы. 
Семіздік кезінде жылдың салқындау мезгілінде шипажайлық ем жақсы нәтиже 
береді, өйткені жоғарғы күн инсоляциясы семіздіктің өршуіне және күшейуіне ықпалын 
тигізеді. Семіздігі бар балаларды емдеуде психотерапия маңызды болып саналады. Ең 
бастысы баланың дене салмағын азайтуды, қоректенуді шектеудің, дұрыс тәртіпті қатаң 
орындаудың, дене шынықтырумен шұғылданудың қажетілігіне сендіру. 
Балалардағы семіздікті зерттеуші американдық ассоцияциясы семіздікпен ауыратын 
балаларда дене массасын 5-10% төмендету шынайы және дұрыс деп санайды. Семіздіктің 
осындай деңгейде төмендеуі липидтердің көрсеткішінің айқын жақсаруына, қандағы 
глюкоза және АҚҚ деңгейінің жақсаруына әкеледі. Кейбір сарапшылар емнің бірінші 
жылында балалардың дене салмағын 20% шамасында төмендету тиімді деп есептейді. 
Емнің соңғы мақсаты дене салмағының қалыптадан 10% артық салмаққа жету, бірақ 19%-
дан жоғары болмауы керек. 
15.5. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ 
15.5.1. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ (АДДИСОН
АУРУЫ) 
Біріншілік гипокортицизмнің негізгі себебі – бүйрекүсті безі қыртысының 
аутоиммунды деструкциясы болып табылады. Қосымша себептері – туберкулез, 
бүйрекүсті безі қыртысының туа біткен гипоплазиясы, ісіктер, амилоидоз және т.б. 
Аурудың негізгі белгісі, биологиялық әсері бар бүйрекүсті безі қыртысында әр түрлі 
стероидтардың өндірілуінің төмендеуі болып табылады. 
Бүйрекүсті безі қыртысының созылмалы жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері, без 
жасушаларының 90% бұзылғанда білінеді. Бірінші кезекте глюкокортикоидттардың 
жетіспеушілігі айқындалады. Гипокортицизмнің туа біткен түрі өмірінің алғашқы 
айларынан біліне бастайды. Аутоиммунды адреналитте аурудың басталуы 6-7 жастан 
кейін байқалады. Тәбеттің болмауы, дене салмағының жоғалуы, астения тән болады. Жиі 
диспепсиялық бұзылыстар, себепсіз құсулар, іш аймағында және белде ауырсынуылар 
байқалады. Біріншілік гипокортицизмге тән, ауыз кілегей қабатының және тері 
жамылғысының қоңыр түсті болуы. Екіншілік гипокортицизм кезінде гиперпигментация 


574 
болмайды. Жүрек тондары тұйықталған, ЭКГ-да Т-тісшесі вольтажының төмендеуі, 
изоэлектрілік сызықтың S-T сызықтан төмендеуі және өткізгіштіктің баяулауы байқалады. 
Қанның максималды және минималды қысымы төмендеген. Қанда лимфоцитоз, 
эозинофилия, эритроциттер саны мен гемоглобиннің азаюы анықталады. Көмірсу, май, су-
тұз және ақуыз алмасуы тарапынан бұзылыстар анықталады. Негізгі алмасу төмендеген. 
Қандағы қант деңгейі қалыптадан төмен немесе соған жақын, қант қисықы сызығы 
гипогликемиялық сипатта болады. Бұл жағдай глюкокортикоидтардың төмендеуімен 
байланысты контринсу-лярлы әсерінің болмауымен түсіндіріледі. Қанда натрий мен хлор 
азаяды, калий жоғарлайды. Қандағы несеп қышқылы және азот қалдығы жоғарлауы 
мүмкін, 17-кетостероидтардың бөлінуі төмендейді. Су жүктемелерінде бүйрекпен судың 
бөлінуі бұзылады. 
Ауру өршіген кезде немесе жедел инфекция қосылатын болса аддисондық 
күйзелістер дамуы мүмкін. Бұл криздер адам өміріне үлкен қауіп төндіретін жедел бүйрек 
жетіспеушілігі симптомдарымен сипатталады. Күйзелістер науқастың жағдайының күрт 
нашарлауымен, құсу, лоқсу, іш өту, адинамия, дегидратация, жүрек-қантамыр 
жетіспеушілігімен және басқа да симптомдармен көрініс береді. Егер уақытында немесе 
жеткілікті ем қолданылмаса өлімге алып келуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет