582
1Ғ.6.3. КЕШ ПУБЕРТАТТЫ СИНДРОМ
Кеш пубертатты синдром –
бұл жыныстық жетілудің және өсудің констит-
уционалды тежелуі.
Әдетте осындай балалардың ата-анасында да
осындай дамудың
ерекшеліктері болады. Балалар қалыпты салмақ – бой көрсеткіштерімен туылады.
Өмірінің 1-ші жылында шамамен 3-4 жасқа дейін өзы құрдастарынан өсу жылдамдығы
көрсеткіштері бойынша кейін қалады. 4-5 жаста өсу жылдамдығы қалыптасады (жылына
5-6 см). «Сүйектік жас» хронологиялықтан шамамен 2 жылға кейін қалады. Әдетте
жыныстық даму және өсудегі пубертатты секіріс мұндай балаларда 2-4 жылға кешігеді.
Сонымен қатар, осыған байланысты кеш пубертатты синдромы бар балалармен аласа
бойлы жасөспірімдер өз құрдастарымен салыстырғанда физикалық дамуда қалыс қалады.
Баланың пубертатты кезеңге кеш қосылуы және өсу аймағының кешірек жабылуы
болжамдық тұрғыдан қолайлы фактор болып табылады. Одан әрі мұндай балалар қалыпты
өседі. Өсудің конституционалды
тежелуі бар балалар әдетте
емді
қажет етпейді.
15.6.4. ЖАНҰЯЛЫҚ АЛАСАБОЙЛЫҚ
Өсудің тежелуінің жиі түрі. Құрдастарының ортасында мұндай балалар әрқашан
аласа бойлы болады. Туылғандағы дене салмағы және дене ұзындығы дені сау балаларға
қарағанда айырмашылығы болмайды. 3-4 жастан кейін өсу қарқыны құрдастарымен
салыстырғанда қалыс қалады (жылына 2-4 см). «Сүйектік»
жас хронологиялыққа сәйкес
келеді, пубертатты кезеңге ену жас мерізіміне сәйкес болады. Мысалы, егер 5 жасар
баланың өсунің ауытқуы азаю жағына қарай 3%-ды құраса, онда оның өсу сызығы
қалыпты қисықтың төменгі шекарасына параллель болады, ал сүйек жағдайы 5 жасқа
сәйкес келеді. Даму ерекшеліктері бар ересек науқастарда
аласабойлылықтың себебі
бастапқыдан бойдың аласа болуы және өсу аймағының жабылуы болып табылады. Кейбір
авторлар жанұялық аласа бойлылық себебі, СТГ-ң шығарылуы және оның синтезінің
конституционалды ерекшеліктері болып табылатындығын жоққа шығармайды. Осыған
байланысты емдеу әрекеті мүмкіндігі жайлы мәселе қарастырылуда.
Баласының өсуі оның ата-анасының өсуімен қалай байланысты екендігін анықтауға
қарапайым формула көмектеседі: ата-анасының бой ұзындығын қосып, егер бала ұл болса
13 қосады, егер қыз болса 13-ті аладыда, соңында 2-ге бөледі. Алынған нәтиже +/– 5 см
шамамен ересектердің бой ұзындығына сәйкес келеді. Егер шамалап алынған бой
ұзындығы есептелген
формулаға сәйкес келсе, онда баланың өсуі тұқымға байланысты
екендігі әбден мүмкін, ал егер болжалған бой ұзындығы есептелгеннен аз болса, онда
дененің қысқаруына басқа факторлардың әсер еткендігін білдіреді.
ҰЗЫНБОЙЛЫЛЫҚ
Ұзынбойлылық –
Достарыңызбен бөлісу: