332
бҧрынғы даму дҽрежесіне
алып беру емес, қайта мыңдаған жылдық халықтық ҥлгі-ҿнеге, салт-дҽстҥрлерді
бҥгінгі ҿркениеттілікке сай кҽдеге асыру; дҥниетанымызды кеңейту, ойымызды ҿсіру, алдыңғы қатарлы азамат
тҽрбиелеу»- деп орынды тҧжырым айтып кеткен болатын [2].
Жалпы алып қарасақ, кҿп халықтардың ҧрпақ тҽрбиесі туралы ойлары мен пікірлері ҧқсас келеді. Баласының
бойында адамгершілік қасиеттерін жоғары деңгейде қалыптастырып, елінің мақтанышы болғанын қаламайтын
ата- ана жоқтың қасы.
Бірақ, соңғы кезде ҽлеуметтік желіден, газет беттеріндегі мақалалар мен теледидардан кҿрсетіліп
жатырған жаңалықтарды, сюжеттерді, кҥнделікті ҿмірде кездесіп жатырған жағдайларды талдар болсақ, біздің
педагогикалық, ҧлттық, рухани тҽрбие беру жағынан ақсап жатырғанымыз кҿрініп тҧрады. Ғалым, профессор
К.Ж.Қожахметованың сауалнама негізінде жҥргізген зерттеулерінде: «Мҥмкін болса, басқа елде тҧрар ма?»-
едің деген сҧраққа берген жауаптарын талдағанда 17%
оқушыны Отанында ҧстап тҧрған ештеменің жоқтығын
жазған. Бҧл қазіргі кездегі ҿте кҥрделі мҽселелердің бірі- мектеп пен қоғамдағы патриоттық тҽрбиенің
деңгейінің тҿмендеп кеткендігін байқатады [4].
Еліміздің бірлігін, жас ҧрпақтың руханияттылығын ойласақ, отбасы мен білім беру ордаларындағы
тҽрбие ҥрдісінің қҧрылымын, ҧлттық педагогиканың енгізіліп, назарға алынуын қадағалау қажет екендігі айдан
анық.
Жас жеткіншектерді патриоттыққа тҽрбиелеуде, ел намысын сақтап, Отанын ҽрқашанда қорғауға, туған жеріне,
еліне деген сҥйіспеншілік сезімін оятуда ауыз ҽдебиетінің, атап айтсақ, мақал-мҽтелдердің, батырлар жыры мен
аңыздардың, тарихи тҧлғалардың ҿмір жолдарының қҧндылығы мен тҽрбиелік маңыздылығы орасан зор.
Ауыз ҽдебиеті ҿмірдің айнасы, тҽрбиенің таптырмас қҧралы. Осы райда, кемеңгер жазушы М.Ҽуезов: «Біз ауыз
ҽдебиетін зерттей отырып, халық
санасындағы отаншылдық сезімді, халық ҧғымындағы адамгершілік
гуманизімді, халықтың қанатты ҥміті – оптимизмді, сол халықтың ҿткендегі ҿмірі, аңсау –арманы, ҽдеп-ғҧрпын,
халықтың ҧжымдық тҽрбиесінің жемісін кҿреміз». Ата-бабаларымыз кҥмбірлеген кҥміс кҥйімен сыбызғы
сырнай ҥнімен, ҽн-жырымен, мақал-мҽтел, шешендік сҿз, ертегі, айтыс ҿлеңдерімен сан ғасыр бойы ҿз ҧрпағын
ҿнегелі де ҿнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тҽрбиелеп келгені тарихи шындық.
Сонымен халықтық педагогиканың тамаша идеялары мен дҽстҥрлерін сақтап, ҧрпақтан-ҧрпаққа жеткізуде
халықтың ауызекі шығармашылығы айрықша рҿл атқарған [3].
Қазақ халқында ҿз елін, туып ҿскен жерін адалдықпен сҥюі,
ерлікпен қорғай білуі, ҽр азаматтың
борышы болып саналады. Осы тҧрғыда, тарих қойнауына еніп, ҧмытылып бара жатырған Жалаңтҿс
бабамыздың атқарған жҧмыстары орасан зор. Тҥркі мҽдениетінің тарихында ҿзіндік орны бар, қазақ халқының
ҧлттық батыры, ҽрі қолбасшысы Жалаңтҿс Баһадҥрдің ҿмірі, ҽскери іс-қимыл ҽрекеттері жҽне орта ғасырлық
архитектуралық сҽулет ҿнеріне қосқан ҥлестерін негізге ала отырып,
кешенді тҽсілмен зерттеп, Жалаңтҿс
Баһадҥрдің мҧраларын кейінгі ҧрпаққа жеткізу қазіргі заманның басты талабы болуы тиіс.
Еліміз егемендікке қол жеткізген бҥгінгі таңда, осындай ата-бабаларымыздың кейінгі ҧрпаққа қалдырған мол
мҧраларын жинауға, оларды қайта жаңғыртуға айрықша кҿңіл бҿлініп, 2003 жылы Президентіміз Н.Ҽ.
Назарбаев «Мҽдени мҧра» бағдарламасын жариялады, осы бағдарламаны іске асыруда арнайы «қорлар»
ашылып, бҧрын ҧмытылып қалған тарихи мҧраларымыз қайта жаңғыртылуда.
Ҧлттық тарихымызды зерттеуде Жалаңтҿс Баһадҥрдің жеке ерлігімен қатар ел басқаруға жҽне
қарулы
кҥштерді жасақтай отырып, елді қорғауға, мемлекет қҧрылысына, ҽлем тану мен мҽдениет, ҿнер мҽселелеріне
кҿңіл бҿлгендігі анықталған. Жалаңтҿс тек қазақ халқы емес, ол Орта Азия мен кҿптеген елдерге аты белгілі
кемеңгер қолбасшы жҽне батыр, ҿз дҽуірінің мҽдениетінің озық данагҿйі, ҧлы сҽулет ҿнерінің қамқоршысы,
Самарқанды Тҧран елінің астанасына айналдырған жасампаз жан ретінде танылған.
Сондықтан кейінгі ҧрпақты жан-жақты тҽрбиелеуде даңқты қолбасшы, батыр, Жалаңтҿс батыр сынды
қазақ халқының тарихи тҧлғасын, баба ерлігін, оның дҥние жҥзілік мҽдениетке қосқан ҥлесін негізге алу қажет.
Мемлекетіміздің шаңырағын шайқалтпай, ата- бабаларымыздың қол жеткізген ҧлы жетістіктерін
ҧқыптылықпен сақтап, Қазақстанның тҥтінін тҥзу тҥтетеміз десек жҽне сол игі істердің барлығына мҧрындық
болатын, барлық ҿзге ҧлттар мен ҧлыстарды ҿз тҿңірегіне топтастырып ҧйытқы болатын, Отанына атын беріп
отырған қара шаңырақ иесі – қазақ халқы дейтін болсақ, осы кҥннен бастап ең алдымен, ҿз бабаларымыздың
отаншылдық тҽрбиесін қолға алуымыз керек. Сондай саналы ҧрпақ тҽрбиелегенде ғана, «елім
дейтін бала
шықпақ» ҿз елінің шынайы иесі қалыптаспақ.