Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Эритроциттердің ӛндірілуі реттелуінің бҧзылыстары



Pdf көрінісі
бет359/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Эритроциттердің ӛндірілуі реттелуінің бҧзылыстары. 
Эритроциттердің ӛндірілуі реттелуінің бҧзылыстары мына 
жағдайларда байқалуы мҥмкін:
♣ созылмалы уыттанулар немесе аурулар (туберкулез, 
жҧқпалы аурулар, қабыну ҥрдістері т. б.) кездерінде 
макрофагтар мен Т-лимфоциттердің белсенділігі тӛмендеуінен 
гемопоездік цитокиндердің ӛндірілуі азаюдан; 
♣ 
аденогипофиздің, 
қалқанша 
бездің, 
атабездің 
қызметтері тӛмендеуі нәтижесінде;
♣ 
бҥйрек 
аурулары 
және 
басқа 
жағдайларда 
эритропоетиннің аз тҥзілуінен. 
Созылмалы қабыну кездеріндегі анемиялар. 
Қатерлі 
ӛспелер, созылмалы қабынулар (остеомиелит, ӛкпе іріндігі, 
туберкулез, пиеолонефрит т. б.) кездерінде: 
● 
макрофагтар 
мен 
Т-лимфоциттерде 
ӛндірілетін 
цитокиндер сҥйек кемігі қызметін ҧзақ мерзім арттырудан, 
артынан эритропоэздің тежелуі байқалады; 


427
● бҧл кездерде әсерленген бір ядролы фагоциттер темір 
иондарын артық байланыстырып алады. Ӛйткені созылмалы 
қабыну кезінде макрофагтардан босаған интерлейкин-1 кӛптеп 
қанға тҥседі де, нейтрофилдерден лактоферрин босауын 
арттырады. Ол бос темір иондарын бір ядролы фагоциттерге 
тасымалдайды. Содан темірдің тапшылығы байқалады 
● бір ядролы фагоциттер созылмалы қабынулар кездерінде 
эритроциттердің артық ыдырауын туындатуы ықтимал. Осыдан 
эритроциттердің орташа тіршілік ҧзақтығы қысқарады. Осы 
кӛрсетілгендердің нәтижесінде созылмалы қабыну анемия 
дамуын туындатады. Бҧл анемиялар гипорегенерациялық, 
нормоциттік немесе микроциттік анемияларға жатады. 
Тапшылықты анемиялар
Эритроциттердің 
ӛндірілуіне 
қажетгі 
заттардың 
жеткіліксіздігінен 
тапшылықты 
анемиялар 
дамиды. 
Бҧл 
анемиялардың ішіндегі кең тарағандары: 
● теміртапшылықты анемиялар;
● витамин В
12
-тапшылықты және фолий қышқылы тапшылықты 
анемиялар;
● нәруыздар тапшылықты анемиялар - организмде (ашығу, 
ас қорыту ағзаларының аурулары, қатерлі ӛспелер т. 
б.кездеріндегі) 
нәруыздардың 
тҥзілуі 
бҧзылыстарынан 
дамиды. 
Сол себептен ҧзақ мерзім ашығудан немесе 
нәруыздары аз тағаммен сапасыз қоректенуден (жас балаларда 
нәруыздық-калориялық 
жеткіліксіздік 
кезінде), 
кейін 
анемиялар жиі дамитыны белгілі. Сонымен бірге, организмде 
нәруыздардың тҥзілуі азаюынан және оның артық ыдырауына 
әкелетін барлық дерттер кездерінде гемоглобиннің тҥзілуі 
мен қан жасушаларының ӛндірілуі тӛмендеуінен анемиялар 
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет