Гипоксия (оттегілік ашығу) - тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігімен және оның тіндерде тотығу-тотықсыздану серпілістерінде пайдаланылуы бұзылыстарынан дамитын біртектес дерттік үрдіс.
Гипоксия – бұл биологиялық тотығудың шынайы және салыстырмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын жағдай.
Гипоксияның жіктелуі (И.Р. Петров бойынша)
1. Экзогендік
Нормобариялық
дем алатын ауада рО2 → гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз.
дем алатын ауада рО2 → гипоксемия, гиперкапния, метаболиттік және газдық ацидоз.
Тыныстық гипоксия
өкпе вентиляциясының бұзылуы
өкпе перфузиясының бұзылуы
өкпеде оттегінің диффузиясының бұзылуы
Гемдік гипоксия
анемиялар (қанда гемоглобиннің азаюы)
гемоглобиннің әсерсізденуі (СО-мен немесе метгемоглобин түзушілермен улану)
оксигемоглобиннің диссоциация сызығының жылжуы
Қанайналымдық гипоксия
Жалпы (жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары)
Жергілікті (шеткері қанайналымының бұзылыстары)
Тіндік гипоксия
Химиялық заттардың әсерінен тыныстық ферменттердің әсерсізденуі
Ферменттер түзілуінің төмендеуі (гипо- және авитаминоздар)
Тотығу мен фосфорланудың ажырауы (митохондрий мембранасының зақымдануы, тіндерде Са2+, бос май қышқылдарының, тироксиннің артуы)
Субстраттық гипоксия Себептері: жасушада биологиялық тотығу субстраттарының жеткіліксіздігі. Клиникалық тәжірибеде глюкозаның жиі жеткіліксіздігі туралы болып отыр. Бұл жағдайда оттегінің жасушаларға тасымалдануы бұзылмаған. Субстраттық гипоксияның патогенезі биологиялық тотығу үрдісінің күшейген тежелуімен сипатталады.
Зорығулық гипоксия Себептері: тіндердің, ағзалардың немесе жүйелер қызметтерінің айқын немесе/және ұзақ көтерілуі. Бұл жағдайда оттегі мен субстраттардың қарқынды жеткізілуі олардың қажымға мұқтаждығын, оны қолдануын қамтамасыз ете алмайды.
Гипоксияда ағзалар мен жүйелер қызметтерінің, зат алмасуының бұзылыстары
Орталық жүйке жүйесі
Бас ауыру, эйфория (тежелу үрдістерінің бұзылуы), қимыл тепе-теңдігінің бұзылуы, қимылдық мазасызданулар, құрысулар, (ми қыртысының қыртыс асты орталықтарға тежеу әсерінің әлсіреуі), кома (ми қыртысы, қыртыс асты, ми бағанасының қызметтері тежеледі), ми тіні мен қабықтарына ошақты қан құйылулар, ми қыртысында, мишықта, қыртыс асты ганглийлерде құрылымдық өзгерістер
Жүрек-қан тамыр жүйесі
миокардтың қозғыштығы, жиырылғыштығы, өткізгіштік қасиеттерінің бұзылыстарытахикардия, аритмиялар, қанайналымының орталықтануы, жүрек қызметі мен тамырдың межеқуатының төмендеуі
Тыныс алу жүйесі
Тахипное, үзілістік тыныс (тыныс алу орталығының зақымдануы), өкпеде іркілулік құбылыстардың дамуы, ұяшық – қылтамыр мембранасының қалыңдауы
Асқорыту жүйесі
Асқорыту сөлдерінің бөлінуі азаюы, асқазан-ішек жолдарының қимылының тежелуі, бауыр қызметінің бұзылысы, бауыр бөліктерінің орталығында жасушалардың өлімі дамуы мүмкін
қан түзуші тіннің гиперплазиясы, эритропоэздің артуы
Гипоксияда зат алмасуының бұзылыстары: Қажым түзілуінің төмендеуі, гликолиз бен гликогенолиз үрдістерінің әсерленуі, сүт қышқылы мен пирожүзім қышқылының жиналуы, метаболиттік ацидоз.
Организмнің оттегілік баланс көрсеткіштері
Көрсеткіші / Параметр