Педагогика



бет54/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018

Дәріс 27. Оқыту әдістері


Жоспар

  1. Әдіс туралы жалпы түсінік

  2. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері

  3. Оқыту әдістерінің ерекшеліктері

  4. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі

  5. Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістері



Мақсаты: оқыту әдісіне тұтас педагогикалық үдерістің компоненті ретінде анықтама беру, қазіргі заманғы дидактикадағы оқыту әдістеріне сипаттама беру.


Негізгі ұғымдар: әдістер, оқыту тәсілдері, әдістемелік тәсілдер, оқыту құралдары, оқыту әдістерін жіктеу.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы - ақиқатқа, шындыққа жету жолдары дегенді білдіреді. Сонда оқыту әдістері дегеніміз - оқытудың мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Оқыту әдістері мұғалім мен оқушының бірлесе жасайтын әрекеті. Педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен БІД-ны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды» - деп жазылған (ПЭ. 2-том, М. 1965, 812 бет). Ал философиялық сөздікте: «Әдіс, дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері» деп жазылған (Ф.сөздік, М. 1963, 272 бет). Әдістің бөлігі тәсіл деп аталады. Сонымен бірге мұғалім оқу құралдарын пайдаланады.


Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар мыналар:

    • оқытудың міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс;

    • оқытудың тәрбиелік мәнін арттыруға көмектеседі;

    • мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыруға міндетті;

    • оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруы тиіс;

    • Мұғалім әдістерді қолдануда озат іс-тәжірибелерді пайдалануы керек;

Оқыту әдістері педагогикада әлі толық зерттеліп болмаған тақырыптардың бірі. Сондықтан оларды топтастыруда әр түрлі пікірлер қалыптасқан:

  • Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер).

  • Оқытудың мақсаты мен міндеттеріне қарай (М.А.Давыдов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина).

  • Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский).

  • Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг).

  • Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь).

  • Білім берудің көздеріне қарай (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант).

  1. Оқыту процесінде жиі қолданылатыны білім берудің көздеріне қарай жіктелуі:

  1. Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

  2. Көрнекі әдістер: демонстрация және иллюстрация.

  3. Практикалық әдістер: лабораториялық, практикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығу жұмыстары, ойындар.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқыту әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Мұғалімнің әдістерді таңдауы мына шарттарға байланысты:

  • Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері;

  • Сабақтың мақсаты мен міндеттері;

  • Қолда бар көрнекі және техникалық құралдар;

  • Мектептің географиялық орны;

  • Мұғалімнің шеберлігі;



Бақылау сұрақтары

    1. Оқытудың әдістері мен тәсілдерінің ара қатынасы?

    2. Оқыту әдістерінің дидактикалық, технологиялық, психологиялық аспектілері

    3. Оқыту әдістеріне сипаттама



Әдебиеттер
1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.
3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
5. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003
6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет