Педагогикалық технологиялар институты


Абай шығармаларындағы рухани – имандылық тәрбиесінің мазмұны мен негізгі қағидаларын тәжірибеге енгізу жолдары



бет8/20
Дата11.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#110758
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
А. Құнанбаев шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбиелік негізі

2 Абай шығармаларындағы рухани – имандылық тәрбиесінің мазмұны мен негізгі қағидаларын тәжірибеге енгізу жолдары


2.1 Абай шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбие берудегі қажеттілігі мен мүмкіндіктері
Жалпы, біз Абай мұрасындағы имандылық тәрбие идеяларын сөз етпес бұрын, ең алдымен, Абайдың терең мазмұнды хақихаты, яғни, діни көзқарасы туралы мәселеге қысқаша тоқталып өткенді жөн көрдік. Себебі, біз алдыңғы тарауымызда, Абай үшін дүниеге көзқарастың діни және ғылыми жолдары қатар қарастырылып, «иман» түсінігі оларды біріктіретін «рухани көпір» ретінде, қызмет етеді деп атап көрсетксн едік. Ал, бүл «рухани копірсіз» Абайдың рухани-имандылық тәрбие идеяларының мән-жайын терең түсіну қиын.

Бұдан біз, М.Әуезов Абайдың дінге көзқарасының: бірінші ұлттық; екінші жалпыадамзаттық дәрежедегі екі жағы бар екендігініне айрықша мән бергендігін байқаймыз.

Жалпы, бұл мәселенің өзі пәлсапалық сипатқа ие күрделі тақырып болғандықтан, біз көбіне бұл туралы айтылған ой- пікірлерді топттастыра отырып, сонан соң қорытынды жасайтындығымызды ескерткіміз келеді.

Мәселен, ислам дінінде иман келтіріп, мұсылман атану үшін Алланың бір, пайғамбардың хақтығын мойындау шарт. Абай бұл шартгы бұзбаған: «Алл аның, пайғамбардың жолындамыз, ынтамызды бұзбастық иманымыз - деуі оған дәлел.

Мұны кезінде М. Әуезов те байқап, Абай өлеңдерінің бірқатарына пәлсапалық талдаулар жасаған. Оны:

Көңілге шек шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, - дегенде Абай шариғат ойланбай илан дегеніне қарсы шығып оған өз уәжін яғни, илану үшін ойланам деуінен айқын аңғарамыз. Немесе, Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес... Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Оның айтуынша, өлмейтұғын ой менен өшпейтін сөз, өнер мұра қалдырған адам өлмейді екен. Бұл жерде Абай адам жаратылысы туралы дуалистік көзқараста.

Бұл келтірілген талдау-пайымдаудың өміршендігі, оның дінге деген солақай саясаттың үстемдік құрып тұрған кеңестік кезеңнің өзіндс шындыққа айналуында еді.

Жалпы, Абай «алланың ғылымынан» бас тартпағанымен, діни схоластикаға да бой алдырмаған, ислам канондарын ақыл сынынан өткізе отырып қабылдаған [47,10].

Сондай-ақ, Абай имандылық және адамгершілік философиясын дамытты. Өйткені, адам проблемасы оның дүниетанымының өзегі болды Абайдың адамы, оның Адам туралы теориясы - Адам табиғатын гуманистерше түсінудің, түсіндірудің бір көрінісі.

Ақын пікірінше, адамның ең үлкен парызы, міндеті қажыға бару емес, адамгершілігі мол адам болу; сөйтіп, құдайды, иманды, дінді әділеттілікке, шындыққа, адамгершілікке бара бар тепе-тең етіп түсіну болып табылады.

Сонымен, біз жоғарыда айтылған әдеби, тарихи және пәлсапалық ой-тұжырымдар мен Абай шығармаларындағы рухани-имандылық ой-пікірлері негізінде өз ойымызды былайша жинақтаймыз:

- Абай ең алдымен діннің адам мен қоғам үшін атқаратын өнеге - тәлімдік қызметін көре білген хакім үстаз; Абайдың бұл жолдағы ұстанатын негізгі қағидаты - «Дінге де жақсы - білгендік» деп аталады.

  • Екіншіден, Абай: «Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады?» деу арқылы ғылымның дінге тәуелді болмауын, оның өзі ақыл-ойдың жемісі деп қарайтын «якини иман» иесі. Оның өкілдеріне Абай хакимдерді жатқызып, оларды «адамға» пайда келтіруші» кәміл мұсылмандар деп дәріптеген. Абайдың ойынша, олар «адам ұлының сырына (өмірінің) жетсе де, діннің хақ тануға жете алмағандар».

Үшіншіден, хакім ұстаз үшін «дін ісі», «құдай ісі» ұғымдары екі басқа нәрселер. Оны: «Дін ісін, құдай ісін айыра алмас» және «Оның діні, құдайы... бәрі-мал» т.б. пайымдауларынан керуге болады. Біздің түсінігімізде, Абайға дін үгітінен қажеті - имандылық тәрбиесі болса, құдай ісін шығыс пәлсапасындағы «ақылақ» мәселесімен үштастыра отырып, иманигүлді болудың бірінші сипаты ретінде таратады. Ол туралы кеңірек кейін тоқталамыз. Абайдың діни бағыттағы тұтынған негізгі қағидаттарының біз анықтаған қысқаша мазмұны осындай.

«Иманигүлдің» түп мазмұны хакім ұстаздың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты өлеңінде былайша берілген: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті! Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тахкик біл. Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл.Сонымен, Абай ұғымындағы иманигүл - үш сүюден: бірінші -Алланы, екінші - адамзатты, үшінші - әділетті сүюден түрады. Бұлардың әрқайсысы күрделі пәлсапалық тұжырымдар. Алайда, «Абайдағы философиялық көзқарастың көбі адамгершілік мәселесіне тірелетін» болғандықтан, оларға жеке-дара тоқталған абзал.

Сондай-ақ, «Абай ұғымында Алланы сүю адамның жеке басындағы асыл қасиеттерді қастерлеу, адамгершілікті негізгі қағидаға айналдыру, ал ол үшін ең алдымен өзіңді-өзің тазалауың қажет. Алланы сүю ізгілікке байланысты жол. Өзің күнә арқалап тұрып Алланы сүйе алмайсың, алдымен күнәңнен арыл, өзіңді-өзің ыластан аршы, одан әрі барып хақ жолына түс. Бұл жолға түссең, бойындағы қуатың, ақылың, сезімің өріс алмақ, санаң сәулеленбек.

  • «ақын Алланы сүю арқылы, оның сүйген құлы - Адамды сүюге шақырады, имандылықты, мейірбандықты, биік адамгершілікті күйттейді».

  • «қысқасы, шындықты мойындау, Алланы мойындау. Бұл Абай гуманизмінің көзі. Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты - адамға адамшылық жасау.

Алла ішімді айтқызбай біледі ойла,

Бендесіне қастықпен кінә қойма.

Распенен таласпа мүмин болсаң,

Ойла, айттым, адамдық атын жойма! ». Бұл орайдағы Абай ойы шығыстық ғұлама Дауани пікірлерімен астасып жатқандығын байқаймыз. Абайдың ақиқат туралы танымы - Алла туралы танымға келіп тіреледі. Екеуі де хақиқатты Алланың ақ жолы деп біледі. Дауани «Ахлақ-э Жалали» кітабында «Алла адамға ақыл, парасат берді, адамдарды басқа мақұлықтардан жақсы көрді, сондықтан, алла адамзат үшін ең қасиетті нәрсе деп саналады.

Бұлардан түйетініміз: Алланы сүю мәселесі ислам дінінің енуімен байланысты келе жатқан таным-нанымның ең зоры, адам баласын түзу жолға жетелейтін, сол жолға жүруге тәрбиелейтін бірден-бір рухани күш. Біздіңше, оның мәңгілігі - жас ұрпақты имандылық, адамгершілік мұраттарға апарар ең басты қағидаттар мен қасиеттер жиынтығының адамдар табынатын бейнесі рухани символы болып келгендігі және бола беретіндігінде деп білеміз.

  • Сондай-ақ, Абайдың педагогикалық ұстанымдарының бір қырын танытатын мына пікірдің де маңызы ерекше:

  • Ақылмен ойлап білген сөз,

  • Бойыңа жүқпас сырғанар.

  • Ынталы жүрек сезген сөз,

  • Бар тамырды қуалар, - деп адам тәрбиесінің темірқазығын жүрекпен байланыстырады.

  • Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Абай шығармаларындағы имандылық ой-пікірлерінің өзегі - «иманигүл» болса, оның тағы бір аты - «толық адам» деп аталады.

Сондықтан, өзі атап корсеткен имандылық ізгі қасиеттерге әркімнің ие болу мүмкіншілігі, өзіне байланысты деген қорытындыға келеді. Осы мақсатқа орай, ол имандылықтың түп-негізін ұлттық тәлім-тәрбиенің өзекті саласы - өзіндік тәрбие мәселесімен тығыз байланыста қарайды:

Сенбе жұртқа, тұрсада қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап» [48,214].

Баланың жеке басының белсенділігін арттыру арқылы өзіндік тәрбие беруге ұмтылдыру - Абай көздеген имандылық тәрбиенің бастысы болып табылады.

Хакім ұстаз ойынша, бала күндегі «білсем екен» деген ынта-жігер өшпеген адам, сол қасиеті зорайтқан адам ғана өзін-өзі тәрбиелеуде жетістікке жетуі мүмкін. Оның алғашқы шарты -баланы естілікке ұмтылдыра білуге байланысты. Себебі, еш адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, коріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды тани келе, білгені, көргені көп болған адам білімді болады.

Одан әрі, Абайша, есті адам болу дегеніміз - дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білу. Ол жаман мен жақсыны айыра білуге, өзіндік дүниетанымның дүрыс қалыптасуына көп байланысты.

Өзіндік тәрбиедегі өзекті мәселе деп Абай жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауын қарастырады.

Біздің ойымызша, Абай айтқан осы имандылық қасиеттер бойында түгел адам, билік иесі болуға да лайық. Адам жанының тазалығы үнемі сақталуы үшін Абай сол қасиеттің зоры -«ақылдың», «жүрек әміріне» бағынуын қалайды. Басқаша айтқанда, ол адам иманигүлді болуы тиіс.

Абай көздеген рухани-имандылық тәрбиесі бізді өткен тәжірибемізде жіберген қателік-біржақтылықтан сақтандыратын бірден-бір дұрыс жол екендігін ұғындыру әр ұстаздың парызы болуға тиіс. Бұл проблеманы теориялық тұрғыда зерттеу жұмысының нөтижесі төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

- біз анықтаған Абай түсінігіндегі педагогикалық мәні зор негізгі ұғымдар: Алла. Қоғам. Адам. Тәрбие. Осы мәңгілік ұғымдар арқылы Абай қалдырған парасат-пайымдық, өсиет-нақылдық, өнеге- тағылымдық рухани имандылық идеялары мен биік мұраттары тек бүгінгі күннін ғана өзекті мәселесі болып табылмайды, сондай-ақ ол, келешекке де мол бағышталған;

Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбиесінің қазақстандық ұландар үшін алатын маңызы зор.

Өйткені, Абай ұғымындағы «имандылық» ұғымының да жалпыадамзатқа тән мүддені көздеуі, біздің ұрпақ тәрбиелеудегі ортақ міндеттерімізді қанағаттандыратыны сөзсіз. Осы мүдделерге сәйкес, біз ұсынғалы отырған сабақ жоспарлары Қазақстан Республикасында тұратын ұлтымыздың ертеңгі болашағы оқушыларды Абай мұрат еткен «толық адам» рухында тәрбиелеу мақсатына орай, «Абай ізбасарлары», ал олар ұстанатын ұранды Абай мұрасындағы асыл ойлармен ұштастырып қарағанды жөн көрдік. Қазақы танымдағы бұл құбылыс нәтижесінде ислам мен қазақ әдет-ғұрып заңдары бірін-бірі толықтырып, бұрынғыдан да кемелдене түсті.

Біздің ойымызша, бұл айтылған ой-тұжырымдар қазақ халқының дінге қатынасын айқындайтын гумандық ұстанымдардың өз ерекшеліктерін танытса керек. Себебі, «қазақ халқы көшпелі дәстүрін сақтағандықтан, ислам дінінен де өзіне қажетті жағын талдап, таңдап ала білген».

Сонымен, Абайды дүниеге келтірген халықтың болмьгс-бітіміне сай, оның дінді ұстанудағы өз ерекшеліктерінің бар болуы ежелден келе жатқан құбылыс екендігі белгілі болып отыр. Сондықтан, халықтық салт-санаға осындай басты ерекшеліктердің енуі заңды деп есептесек, Абайдың бұл мәселеге көзқарасын одан бөліп қарау қиянат болған болар еді. Бұны өз кезінде М. Әуезов: «Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттық, халықтық ақын немесе «Абай тәрбиесінің тағы бір ерекшелігі - ол өзін шығыс «адамы едім», «мұсылман едім» деп, дін тұсауына бағындырмаған. Халқына үлгі, тәлім етіп айтқанда, өлеңінде Толстой, Салтыков-Щедринді ұсынғаны сияқты, ауызша өсиетте де Аристотельді, Белинскийді қоса айтады. Ұлттық діндік тар көлемде әсте қалмайды»,- деп атап көрсеткен еді.

Бұдан біз, М. Әуезов Абайдың дінге көзқарасының: бірінші ұлттық; екінші жалпыадамзаттық дәрежедегі екі жағы бар екендігініне айрықша мән бергендігін байқаймыз.

Жалпы, бұл мәселенің өзі пәлсапалық сипатқа ие күрделі тақырып болғандықтан, біз көбіне бұл туралы айтылған ой- пікірлерді топтастыра отырып, сонан соң қорытынды жасайтындығымызды ескерткіміз келеді.

Мәселен, ислам дінінде иман келтіріп, мұсылман атану үшін Алланың бір, пайғамбардың хақтығын мойындау шарт. Абай бұл шартты бұзбаған: «Алл аның, пайғамбардың жолындамыз, ынтамызды бұзбастық иманымыз [48,248] - деуі оған дәлел.

Бірақ, пәлсапашы Ғ. Есімовтың пайымдауынша, Абай дүниетанымында Алланың орны бір басқа, пайғамбар орны бір басқа. Ақын мәңгілік туралы, өмір мәні туралы сөз қозғағанда тарихта аты-есімі бар жеке адамдарды негізге алмайды. Ол мәңгілік ұғымдарды қолданады. Олар Алла мен Адам, яғни Ислам дініңдегідей, Алла-Расул-Адам болып келмейді, мұнда ортадағы буын жоқ. Бұл діндегі демократия. Адам дамуындағы кедергілерді жою. Алла шексіз, оны танымақ болсаң, өзіңді де шексіз дамыта бер, сонда адамдық атыңды жоймақ түгіл, кәміл мұсылман болғандығың » [49,81].

Одан әрі, автор Абай Алланың сүйікті құлы болуға фаталистік мәнде емес, адамның бостандығы үшін шақыратындығын атап келе, оның өзі, адамға тән қасиеттерді дамытқанда ғана болатынын ұлы ақын білген,- деп атап көрсетеді.

Ал, ірі ғалым Ә. Қоңыратбаевтың мына тұжырымы да осы ойды дамыта түседі: «... Абайдың отыз сегізінші, қырық үшінші сөздерінің бас тақырыбы алла емес, адам бойындағы табылмаған қасиеттер.

Діңді Абай антропология теориясымен түсіндіреді. Өйткені, адам құдайды өзіне ұқсатып жасаған, сондықтан негізгі жаратушы адам, ол өзін аллаға ұқсатуға тиіс» [50,329].

Жалпы, Абайдың бұл ой-көзқарастарының ғылыми мәнін туралы Ғ. Есімов пікіріне тағы бір оралудың кезі келіп отыр. Өйткені, Абайдың имандылық көзқарастарына объективтік тұрғыдан пәлсапалық талдау жасаған тұңғыш ғалым болғандықтан, біз оның: «... Алла туралы ақын пікірінің ислам дініндегі негізгі қағидаттармен қабыспайтын жерлері көп. Қайшылықтың мәні сонда ислам діні ауқымында екі мәселенің басын ашып қарастыруымыз керек. Олар - діни идеология мен діни философия. Абай діні идеологиядан аулақ, сондықтан оның көзқарасын діни философия жағынан іздеу керек» деген пікірін басшылыққа аламыз.

Мүны кезінде М. Әуезов те байқап, Абай өлеңдерінің бірқатарына пәлсапалық талдаулар жасаған. Оны:

Көңілге шек шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, - дегенде

Абай шариғат ойланбай илан дегеніне қарсы шығып оған өз уәжін яғни, илану үшін ойланам деуінен айқын аңғарамыз. Немесе, өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес... Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Оның айтуынша, өлмейтұғын ой менен өшпейтін сөз, өнер мұра қалдырған адам өлмейді екен. Бұл жерде Абай адам жаратылысы туралы дуалистік көзқараста. Одан әрі:

Міні қайда екенін біле алмассың Терең ойдың телміріп соңына ермей, - деп Абай адамдағы адамдық қасиеттің ең зоры ой дегенге саяды. Еңдеше, бірінші дәрежеде тұратын - деп дін үгіттесе, Абай одан кетіп «Мен ойлаймын, сол себепті бармын» деген Декарттың идеалистік философиясына көбірек жақындайды.

Бұл келтірілген талдау-пайымдаудың өміршендігі, оның дінге деген солақай саясаттың үстемдік қүрып түрған кеңестік кезеңнің өзінде шындыққа айналуында еді.

Жалпы, Абай дінінің шындығы кеңестік дәуірде өз бағасын алған деп айтуға негіздер көп. Оның тағы бір дәлелін сол кезде жарық көрген Ғ. Ғабдуллин мен А. Ысқақовтың «Қазақ ағартушы-демократтарының дін туралы пікірлері» атты еңбектен айқын көруге болады.

Бұлардың тұжырымы бойынша, Абайдың дінге көзқарасы деизмнің төңірегінде дамиды. Деизм (латынның деус-құдай) деген сөзінен шыққан. Деистердің пікірінше, (Д. Локк, И. Вольтер, Ж. Руссо) дүниені алғаш жаратқан құдай. Құдай Будда - Христос сияқты жеке адамға ұқсамайды. Құдай барлық нәрсенің бастамасы ғана, ол барлық нәрсені ақылға сыйымды етіп, бірін-бірімен байланыстырып жаратқан, бірақ табиғаттың, қоғамның адамның күнделік іс-әрекетіне араласпайды. Барлық діндердің (Буддизм, иудаизм, христиан және ислам) бұлжымайтын негізі - жан мәңгі өлмейді, бұл дүниеден басқа о дүние бар; онда ұжмақ пен тозақ бар дегенге жын мен шайтанға, періпітелер мен пайғамбарларға деистер сенбейді. Олар діннің бәрін рационализм тұрғысынан сынайды, дін иелерінің надандығы мен сәуегейлігін, жатып ішерлігі мен тоғышарлығын әшкерелеп, ой еріктілігін, ар азаттығын, ғылымның дінге тәуелді болмауын талап етеді, сол үшін күреседі.

Жалпы, Абай «алланың ғылымынан» бас тартпағанымен, діни схоластикаға да бой алдырмаған, ислам канондарын ақыл сынынан өткізе отырып қабылдаған.

Сондай-ақ, Абай имандылық және адамгершілік философиясын дамытты. Өйткені, адам проблемасы оның дүниетанымының өзегі болды Абайдың адамы, оның Адам туралы теориясы - Адам табиғатын гуманистерше түсінудің, түсіндірудің бір көрінісі.

Ақын пікірінше, адамның ең үлкен парызы, міндеті қажыға бару емес, адамгершілігі мол адам болу; сөйтіп, құдайды, иманды, дінді әділеттілікке, шындыққа, адамгершілікке бара бар тепе-тең етіп түсіну болып табылады.

Абайдың діни көзқарастарының табиғатын терең ашып, онын мәнін түсіндіруде бұл ғалымдардың ой-пікірлері біз үшін зор маңызға ие дерек көзі болып табылады.

Біздің байқағанымыз, олардың барлығы ой-түйіндерін Абайдын: «Құдайдың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әр түрлі сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уә һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат құдайға лайық дегендігі... . Сол махаббат пен ғаделетке қарай тартпақпыз. Сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады... . Бүл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил», - деп қарайтын адами қасиетгерді дәріптеуінен аңғарылады.

Бұл жәйт бізге, Абайдың дін туралы түсініктерінің шырқау шегі түіптеп келгенде, өмірлік педагогикалық асыл мұраттармен ұштасып жатқандығын көрсетеді. Абайдың рухани-имандылық тәрбие идеяларына мән беріп, оның діни көзқарастарына кеңірек тоқтала кетуіміздің сыры осында. Себебі, Абай діни көзқарастарының тек «өз заманы үшін» ғана емес, бүгінгі және болашақ заманалар үшін прогрестік мәні зор. Абай ұлттық имандылық қасиеттерден бастап, оны адамзатқа ортақ имандылық, адамгершілік сипаттармен ұштастыра тексереді. Бұл жолда «Адам бол» деген этикалық принцип ұсынып, діннің өзін адамгершілікті адам тәрбиелеудің құралына айналдырмақ болады.

Сайып келгенде, Абай діні М. Әуезов айтқандай: «ақылдың, сыншыл ойдын діні, адамгершіліктің діні». Оның ойынша, ислам діні - догма емес, оны үнемі сыншыл ақылмен, санашылдық пәлсапа талаптарымен үйлестіре, қоғам мен адамға қажетті қағидаттарға негіздеу арқылы дамытуға болады. Бұл орайда, «Абай - мұсылман, бірақ фанатик те емес» деген М. Әуезов пікірі, біз үшін өте маңызды. Себебі, Абай құр ой қуалаушы, құр иланушы емес. Ол өзі тұтқан меженің өмірмен байланысына қатты көңіл бөлуші практик, ақыл-ойдың нәтижесіне сүйенуші ұлы ұстаз. Оның имандылық рухани әлемінің кеңдігі, құндылығының басты сыры осында деп білеміз.

Сонымен, біз жоғарыда айтылған әдеби, тарихи және пәлсапалық ой-тұжырымдар мен Абай шығармаларындағы рухани-имандылық ой-пікірлері негізінде өз ойымызды былайша жинақтаймыз:

- Абай ең алдымен діннің адам мен қоғам үшін атқаратын өнеге - тәлімдік қызметін көре білген хакім үстаз; Абайдың бұл жолдағы ұстанатын негізгі қағидаты - «Дінге де жақсы - білгендік» деп аталады.

  • Екіншіден, Абай: «Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады?» деу арқылы ғылымның дінге тәуелді болмауын, оның өзі ақыл-ойдың жемісі деп қарайтын «якини иман» иесі. Оның өкілдеріне Абай хакимдерді жатқызып, оларды «адамға» пайда келтіруші» кәміл мұсылмандар деп дәріптеген. Абайдың ойынша, олар «адам ұлының сырына (өмірінің) жетсе де, діннің хақ тануға жете алмағандар».

  • Үшіншіден, хакім ұстаз үшін «дін ісі», «құдай ісі» ұғымдары екі басқа нәрселер. Оны: «Дін ісін, құдай ісін айыра алмас» және «Оның діні, құдайы... бәрі-мал» т.б. пайымдауларынан керуге болады. Біздің түсінігімізде, Абайға дін үгітінен қажеті - имандылық тәрбиесі болса, құдай ісін шығыс пәлсапасындағы «ақылақ» мәселесімен ұштастыра отырып, иманигүлді болудың бірінші сипаты ретінде таратады. Ол туралы кеңірек кейін тоқталамыз. Абайдың діни бағыттағы тұтынған негізгі қағидаттарының біз анықтаған қысқаша мазмұны осындай.

Ал, қазіргі қоғамымыздағы діни-ренессанстық өрлеу кезеңінде, халқымыздың талап-мүддесіне сай діни-діли бағыттағы тәліми қағидаттарға сүйенсек, онда оның басты мазмұны төмендегідей:

  • «... Адамның құлық сезімдері күшті болуы үшін, яғни адам ізгі болу үшін жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылуы үшін, адамда дін сезімдері күшті болу керек» .

«Дін - адамды адамгершілікке, имандылыққа, әділеттілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке, қанағатшылдыққа тағы басқа адам бойына керекті жақсы да ізгі қасиеттерге, әдепті істерге тәрбиелеуші... Дін - адамды рухани да, тәни де тәрбиелеуші» - «...Діннен адамдарды бір - біріне қарсы қоятын емес, бір -бірімен табыстыратын бастауларды іздеген абзал», «...қоғамға қажетті діннің адамгершілік қағидалары, имандылық тағылымы, ұлтжандылық тәлімі». Бұл айтылған рухани қағидаттардың бастауы Абайдың имандылық ой-пікірлерінің өн бойында көрініс тапқан. Сондыктан, қазіргі қоғам талаптарына сай халықтық діни-діли ұстанымға, Абай көрсеткен биіктікпен жауап беру, оның ұрпағымын деп есептейтін ұландары үшін басты парыз болмақ. Себебі, «белгілі бір философиялық көркемдік, этикалық идеялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде оның адамдарды имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеудегі ролін жоққа шығаруға болмайды» [51,94].

Қорыта айтқанда, біз Абайдың дін мәселесіне қатысты өзіміз қажет деп тапқан пәлсапалық-педагогикалық қырларына қысқаша шолу жасадық. Келесі зерттеуіміз Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары мәселесіне арналады.

Зерттеуіміздің өзегі - Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеяларын талдай отырып, біз ұлы ұстаз мұрат тұтқан «иманды адам» немесе «толық адам» болудың бірнеше сатысы бар деген ойға келдік. Әрине, Абай оны өзінің шығармаларында жеке-дара арнайы бөліп көрсеткен емес. Бірақ, біз Абайдың ағартушылық, имандылық ой-пікірлерінің өте күрделі пәлсапалық пайымдауларға құрылғандығын ескере отырып, оны педагогикалық ұғымдарға бейімдеу, түсінуді оңайлату, жүйелеу мақсатында осындай шешімге тоқталып, оны кесте түрінде бейнелеп көрсеттік .

Соныменен, Абай имандылық ой-пікірлерінің негізгі түйіні бойынша, «әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз» /. Бұл жердегі Абайдың имандылық ағартушылық ойы ғылыми педагогикадағы адамгершілік сезім мен биік мүұатгарды қалыптастырудағы басты ұғымдар: сенім (иман), міндет (парыз), жауапкершілік (ақылды болу) сияқты ұғымдармен астасып жатыр.

Ал, сол «ақылы бар кісі» тұтынатын иманға иланудың жолы қандай?

Абайша, оның екі түрі бар: 1. Не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылымен дәлел жүргізіп, пайдаға жарату. Мұны Абай якини (шын) иман дейді. 2. Кітаптан оқу немесе молдалардан есту арқылы иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық беріктік таныту. Бұл иманды таклиди (біреуге еріп келтірілген) иман дейді. Басқаша айтқанда, мұның біріншісі - ақылмен сену, екіншісі - сезіммен сену. Абайдың ойынша, иманды болудың алғашқы сатысы осы екі сипатпен сипатталуы тиіс. Бұлардан өзге иман болуы мүмкін емес.

Осы айтылғандарға көз жеткізу үшін абайтанушылар еңбектеріне сүйене отырып, иманның аталған екі түріне жеке-жеке тоқталып көрелік.

Иман түсінігін алдыңғы тарауда толық қарастырғандықтан, біз бұл жолғы талдауымызды якини иман туралы айтылған түсініктерден бастаймыз.

Бұл туралы Ғ. Ғабдуллин, А. Ысқақов өздерінің «Қазақ ағартушы-демократтарының дін туралы пікірлері» атгы еңбегінде: «Якини иман - шын иман, шын нану, сену. Бұл иман ақылдан, дәлелден, ғылымнан туады... . Демек Абайша, шын иман танымнан шығуы тууы керек. Неге сенсең де, соның ішкі сырын, ішкі мәнін біліп сен, тіпті құдайға сенгенде де оған ақыл дәлелі арқылы сену. Бұл жерде Абай «иман» деген діни ұғымға ғылыми және моральдық мән, мазмұн беруге ұмтылады» десе, Ғ. Есімов: «Бұған жету оңай шаруа емес. Терең оқу керек. Ғұлама болу керек. Қазақ арасында ондайлар не жоқ, не жоқтың қасы... Якини иман келтіру үшін логикалық тәсіл арқылы Алланың барлығын ақылмен тану шарт» - дейді. Бұл айтылғандарға толық қосыла отырып, біз якини иманның мәнісі - педагогикадағы танымдық әрекетгерге бастайтын адамдағы зор қасиет ақыл-ой арқылы жүзеге асырылатындығына көз жеткіземіз. Өйткені, адамды ғылымға жетелейтін күш - ақыл десек, шын ақылдылардың иманы Абайша якини, яғни шын иманға ұласуы тиіс. Себебі, имандылықтың діни негізінен бастау алатын иман ұғымына талдау жасағанда, ол ең алдымен құдіретің жетсе, ақылың жетсе осы иманнан айрылма дегенді меңзейді. Сондықтан да, ол якини иманды бірінші кезекке қояды. Біздіңше, бұл иманның басты міндеті - танымдық әрекеттерге батыл бару. Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары мазмұнына пәлсапалық-педагогикалық турғыдан терең талдау жасау бізге төмендегідей түжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

Қоғамға қажеті адамгершілік сезімдері мол, әдепті істергс бастайтын діннің өзекті тәлімдік қағидаттары деп түсінген Абай дінгс де осы тұрғыдан келген үлы ғүлама. Оның бүл жолдағы үстанатын негізгі қағидаттары : «Дінге де жақсы - білгендік»; ғылымның дінге тәуелді болмауын, оның өзі ақыл-ой жемісі деп қарайтын «якини иман» иесі хаким болу; «Абай діні - адамгершілік діні»; Оған дін үгітінен қажеті-имандылық тәрбиесі болса, Алланы сүю «иманигүлді» не «толық адам» болудың бірінші сипаты болып табылады. Сондықтан да Абай мұрат тұтқан «иманды адам» болудың бірнеше сатысы бар.

Абайдың жас ұрпаққа ұсынар имандылық ой-пікірлсрінің шыңы, иманды болудың ең биік сатысы - «иманигүл», ал, иманды адамның имандысы жетер шың - «жәуанмәртлік» үғымы болып табылады. «Иманигүл» - үш сүюден (Алланы, Адамзатты, Әділетті); «Жәуанмәртлік» - үш сипаттан (шындық, ізгілік, даналық) түрады.

Алланы сүю мәселесі қазақ даласына ислам дінінің енуімен байланысты келе жатқан таным-нанымның ең зоры. Оның мәңгілігі жас ұрпақты имандылық, адамгершілік мұраттарға жеткізер ең басты қағидаттар мен қасиеттер жиынтығының адамдар табынатын бейнесі - рухани символы болуында.

Адамзатты сүю - асқақ гуманистік сезімге жетелейді. Абайдың бұл танымы - еш дінге кіріптар емес, адамзатгық мүдеге сәйкестендірілген ерекше таным. Басқаша айтқанда, адамзат ғұламаларының ой-қазығы, адамгершілік мәселесінің нақ өзі. Бұл Абайда адамды бағалау, тәрбиелеу, сүю сияқты өлшемдермен айқындалады.

Абай өзі мұрат тұтқан «толық адамдыққа» жеткізетін ең


басты құнды қасиетке әділетті жатқызады. Хакім ұстаздың тікелей
басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің» зандық,
әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке азаматтық, құқыктық
тәрбие беру ісінде тәліми мәні зор төл құжат болып табылады.
Оның жеке тұлғаны демократиялык құқықтык мемлекеттің
белсенді де саналы мүшесі етіп тәрбиелеуге қосатын үлесі зор.

Біз байқаған Абай түсінігіндегі ұлы ұғымдар: Алла. Қоғам. Адам. Тәрбие. Абайдың бұл орайда қалдырған парасат-пайымдық, өсиет-нақылдық, өнеге-тағылымдық рухани мол мұрасы тек бүгінгі күннің өзекті мәселелер қатарын қүрап қана қоймайды, сонымен бірге келешекке де мол бағышталған.

Әлемдік деңгейдегі хакім ұстаз - Абай есімі тәуелсіз еліміздің рухын биікке көтеретін, соған лайық есім. Абай көздеген ұлы мұраттардың әлемдік ұлы мұраттармен ұштасуы, бүгінгідей көп ұлтты қазақ елінің ұландарын тәрбиелеуге зор ықпал етері сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет