Пән: Өзін өзі тану Мектебі: Ә. Молдағұлова атындағы №38мл күні: № : 24 Мұғалімі



Дата08.02.2022
өлшемі21,73 Kb.
#122952
Байланысты:
Габдуллина Нурсауле сабақ жоспары Сүйіспеншілік
Дәрістер жинағы, Журнал жазғы мектеп, Матан УЖ

Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Ә.Молдағұлова атындағы №38МЛ
Күні: _______________
: 24
Мұғалімі: Габдуллина Н.А.
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Жақсы көруді үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық.

Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығын әңгімелей отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушыларға мейірімді болу қажеттілігін ұғындыру.
- Оқушылардың бойында жанашырлық қасиеттерін дамыту.
-Оқушыларды қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)



Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену».




2. Үйге тапсырманы тексеру
№24, Михаил Андриановтың «Шегіргүл мен Бәйшешек» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Шегіргүлден қандай қасиеттерді байқадыңдар?
2. Қалай ойлайсыңдар, адам сүйіспеншіліксіз өмір сүре ала ма? Неліктен?
3. Мейірімділік қандай ғажаптарды жасай алады?




3. Жағымды ой пікір. (дәйексөз)
(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)
Адамның жақсысы - адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.
А.Құнанбаев.

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?



А.Құнанбаев –ағартушы, турашыл, озық ойлы, ұлы ақын.

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
Жаратылыс табиғаты.
Аңыз әңгіме
Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді. Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі: “Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын?” дейді.
Сұрақтар: 
1. Әңгімедегі адам қандай адам?
2. Әңгімеде адам өзінің мейірімділігін қалай білдірді? 
3. Айналадағы адамдарға сүйіспеншілігіңді іспен қалай көрсете аласың?
4. Өздеріңнің өмірлеріңде жанашырлық танытқан кездер кездесті ме? Әңгімелеп беріңдер. 






5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
3-тапсырма: Өздерің жақсы көретін адамдарға арнап сурет салыңдар.
4- тапсырма. Төменде ұсынылған сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.
Мен ата - анамды сүйемін, өйткені.....
Мен отбасымды сүйемін, өйткені.....
Мен Отанымды сүйемін, өйткені.....
Мен мектебімді сүйемін, өйткені.....
Мен әлемді сүйемін, өйткені.............
5-тапсырма. «Жақсылық тамшысы»
Оқушыларға тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тамшылар тақтаға ілінеді.






6. Топпен ән айту
«Көңілді күн».
Әні: Ұ.Жолдасовтікі
Сөзі: А.Дүйсенбі
1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қайырмасы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп келгенімде
Қуандың ау балаша мені көріп.
Қайырмасы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!





7. Үй тапсырмасы.
№25. Ел аузынан «Қарлығаш би» оқып келу. 84 бет.




8. Сабақтың қорытынды сәті.
Оқушылар риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп, жақсылық жасап, жанашырлық танытайық. Кез келген уақытта мейірімді, қамқор бола білейік. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет