Пәні бойынша дәрістік кешен


Астық өнімін тазалау және ұсату



бет40/48
Дата22.01.2023
өлшемі380,59 Kb.
#166069
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Дәрістер жалпы тех

Астық өнімін тазалау және ұсату
Уытты өндіріске әкелмес бұрын оны шаңнан, сабақша қалықтарынан уыт полирлеуші машинада тазартады. Нәтижесінде уыттың сырқы қабаты жылтырап, дәмі таза болады. Арпаны ауада-елеуіш сепараторда қоспалардан тазартады. Металдық қоспалардан магнитті сепаратор немесе магнитті колонкаларда тазаланады. Тазартылған шикізат қсақталуға жіберіледі.
Ұсақтаудың мақсаты – астық шикізатындағы экстрактивті заттарды алуды жеңілдету.
Бұқтыру
Бұқтырудың мақсаты–белгілі температурадағы су және уыттың өз ферменттері көмегімен шикізаттың эктрактілі заттардың ертіндіге ауысуы.
Бұқтыруға алынатын астық шикізатын себінді, ал қажетті мөлшердегі суды – құйынды деп атайды. Су мен астық өнімінің қарымқатынасы 1:4-1:5 шамасында болады. Тартылған астық және су қоспасын – бұқтырма дейді.
Бұқтырманы фильтрлеу
Фильтрлеудің мақсаты–бұқтырманы сұйық бөлігін (сусланы) қатты бөлігінен (үгінді) бөліп алу. Бұл процесс арнайы фильтациялық аппаратта немесе фильтр-престе жүргізіледі.
Фильтрлеу процесі екі стадиядан тұрады: бірінші бірінші сусланы бөліп алады, сосын қатты қалдыққа ыстық су құйып қалған экстракті заттарды шайып алады.
Ашытудан кейінгі сыраның ақшылдануын диатомды фильтрлерде немесе сепараторларда жүргізеді (41 сурет). Араластырғыштан кейін сыра пластинкалы тоңазытқышта 0—1°С-ге дейін салқындатылады және ақшылдануғы жіберіледі. Фильтрлерде фильтрлеуші бөлік ретінде мақта-маталы массаны, диатомит пен құрамында асбеста көп қағаз пластинаны қолданады. Фильтр-престерді ВСП сепараторларымен алмастырады, және сол кезде сыраның жоғалуы 1-ден 0,02%-ке дейін азаяды, бірақ қажетті ақшылдық болмайды, сондықтан оларды пластинкалы филтрлерде қайта фильтрлейді.
Диатомды фильтрлер ең перспективалы, олардың шығыны 0,4%, құрайды. Қондырғы сырада диатомит сеспензиясын дайындау үшін араластырғашты қамтиды. Таза сыраның пайда болғанынан кейін диатомитті суспензияның берілуін тоқтады да, сыраны фильтрлейді. Фильтрлің зарядталусыз жұмысының ұзақтығы 150 сағатты құрайды. Сосын зарядтау жүреді: диатомит судың ағысымен жуылады және оның жаңа бөлігі енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет