Пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет14/40
Дата22.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#175157
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
takirov adebiet (1)
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, конспект лекции а қша несие банк(каз), 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3)
Негізгі әдебиет
1.
 
[1.7:2]; 2.[1.7:4].
Қосымша әдебиет: 
1.
 
[1.7:1]; [1.7:8.12].
 
 
№9 лекция тақырыбы:
Драматургия. Драматургия поэтикасы. 
ІХ апта. 2 кредит-сағат.
Лекция тезисі: 
С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ж. 
Шанин, Қ. Кемеңгеров драмалық мұраларының оралуы, М. Әуезов 
«Қаракӛз» трагедиясының отыз тӛрт жылдан соң «Қараш-қараш» 
жинағында (1960) жариялануы, «Еңілік-Кебектің» таңдамалы 
шығармалары V томында (1956) соңғы нұсқасының берілуі, ХХ 
томдықтың ХІ томында (1981) қайта басылуы, «Хан Кене» 
драмасының (1983) жарық кӛруі қазақ драма ӛнерінің жанрлық 
жүйесін, тарихи бастаулары мен кӛркемдік дәстүр ұласуын 
байыпты зерттеуге жол ашты. Білікті ғалымдар шоғыры 
қалыптасып, ұлттық драма ӛнері табиғатын ғылыми негізді 
саралауда С. Ордалиев, Р. Нұрғалиев, Н. Ғабдуллин, Р. 
Рүстембекова, Ә. Тәжібаев, М. Дүйсенов, Е. Жақыпов зерттеулері 
тың ізденістер арнасын қалады.Қазақ кеңес драматургиясы С. 
Ордалиев тарапынан алғаш зерттеліп, «Қазақ драматургиясының 


38 
 
очеркі», «Конфликт және характер» еңбектерінің ӛзегіне алынды. 
Қазақ кеңес драматургиясы очеркінде К. Тоғысов, Б. Серкебаев, 
И.Меңдіқанов, Қ. Кемеңгеров пьессаларының зерделенуін баса 
кӛрсетеміз.Қазақ драматургиясын кешенді зерттеуде Р. Нұрғалиев 
монографиялары ерекше аталады. «Трагедия табиғатында» М. 
Әуезовтің «Абай», «Шолпан» журналдарындағы кӛсемсӛздері, 
әдеби зерттеулеріне қатысты алғаш құнды деректер беріліп, 
шығармашылық шырғалаңдары мен шеберлік қырлары зертхана 
тұрғысынан талданды. Белгісіз болып келген қолжазба, пьеса 
нұсқалары мұрағат материалдары негізінде сараланды. Бұл ретте 
Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» поэмасы негізінде: «Еңлік-Кебектің» 
барлық нұсқаларын салыстыра қарастыруы ғылыми батылдық еді. 
«...Ақтабан шұбырындыдан кейін қазақтардың Сырдан кетіп, Шуға, 
Арқаға қарай аууы, оның ішінде Тобықты, Матай руларының 
Шыңғыстау ӛңірін қалай қоныс еткендігі сӛз болады. Бұл поэма да 
Кебекті таныстырудан басталған. Бұрынғы варианттарда жоқ 
ерекшелік - жас батырдың портреті», – деп түйген ғалым ақын 
поэмасын талдауымен негізгі арқауы бір оқиға тақырыбынан 
туындаған түрлі жанрдағы туындылардың композициялық, 
сюжеттік желісіндегі ортақ және даралық кӛркемдік сипаттарды 
жан-жақты зерттеуде соны қадам жасады. Е.Лизунованың 
«Мастерство Мухтара Ауэзова» еңбегінде 
«Еңлік-Кебек», 
«Қарагӛз» 
драмалары 
шолу 
тұрғысынан 
қарастырылып, 
идеологиялық сипатта сыналғанын ескерсек, Р. Нұрғалиев зерттеуі 
трагедия жанрын «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», «Қаракӛз», 
«Түнгі сарын», «Абай» шығармалары негізінде алғаш жүйелі 
саралау, драма табиғатын әдеби-теориялық талдауымен ұлттық 
әдебиеттану жетістігі болуымен бірге атқарылар маңызды істердің 
әдіснамалық бағытын айқындады. Ж. Шанин режиссерлік қыры, 
суреткерлік шеберлігі «Талант тағдыры» кітабына арқау болса
«Күретамыр», «Айдын» зерттеулерінде қазақ драматургиясының 
жанр жүйесін, поэтикасын екшеуде типологиялық зерттеу әдісі 
ұштастырылып, ұлттық трагедия, комедия, драма табиғатын 
айқындауда әдеби-теориялық тың тұжырымдар жасалды.Жекелеген 
дарындар драматургиясын, соның аясында ұлттық драма ӛнерінің 
дамуы мен қалыптасуын саралай зерттеу бағыты жаңа ӛріс алды. 
Н.Ғабдуллиннің «Ғабит Мүсірепов – драматург» зерттеуінде «Қыз 
Жібек», «Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», 


39 
 
«Аманкелді», «Болашаққа аманат» пьессаларының кӛркемдігі 
талданып, драматургия туралы сын пікірлері екшелсе [54], қазақ 
кеңес комедиясын зерттеген Р. Рүстембекова Б.Майлин 
драматургиясын қарастырды. Қазақ драматургиясының дамуы мен 
қалыптасуы хақындағы Ә. Тәжібаев монографиясында ұлттық 
драма ӛнерінің халықтық бастауларынан бастап, классикалық 
үлгідегі туындылар туып, дәуірмен бірге ӛрістеуі және ӛзге елдер 
әдебиетімен байланысы, ал қазақ драматургиясының жанр, стиль 
мәселелері М. Дүйсенов зерттеуінде Ә.Тәжібаев пьесалары 
негізінде жан-жақты талданды. 
Драматургия бастауларын, дәстүр негіздерін эпостық 
туындылармен сабақтастықта қарастыру ғалымдар назарынан тыс 
қалмады. М. Әуезов, Ж.Шанин, С. Камалов эпостық негіздегі 
пьесалары Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға» еңбегінде 
зерттелді. Сондай-ақ театр ӛнерінің тарихы, ұлттық драма ӛнерінің 
қалыптасу белестері қамтылып, драматургия мен театр, ӛнер 
қайраткерлері 
шығармашылық 
портреттері 
сомдалған 
Қ. 
Қуандықовтың «Тұңғыш ұлт театры», «Театрда туған ойлар», Б. 
Құндақбаевтың «Уақыт және театр», Ә. Сығаевтың «Сыр сандық 
(Театр туралы толғаныстар)» еңбектерінің маңызы зор. Ал «Қазақ 
театр тарихы» атты ұжымдық екі том ұлттық драматургия сыны 
мен теориясын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді. 
Қорыта айтқанда, драма ӛнерінің ұлттық негіздері мен тарихи 
бастаулары, жанрлық жүйесі мен поэтикасы кешенді зерттелді. 
Алаш арыстары мұрасының оралуымен ұлттық драматургияны 
талдау жаңа арнаға ойысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет