Негізгі әдебиет:
1.
[1.7:2]; 2. [1.7:4].
Қосымша әдебиет:
1.
[1.7:9]; 2.[1.7:10].
№8 лекция тақырыбы:
Поэзия. Ӛлең сӛздің теориясы.
36
ҮІІІ апта. 2 кредит-сағат.
Лекция тезисі:
Әдебиет теориясының ӛзекті арналарын
байыпты талдаудың ғылыми әдіснамалық негіздері қазақ ӛлең
құрылысы, ӛлең сӛздің тарихы мен теориялық негіздері, поэма,
ұлттық поэзия кӛркемдік дамуының тарихы, халық ӛлеңдерінің
жанрлық сипаты мен генезисі, поэзия тілі, мелодикалық-
интонациялық құрылысы, қазақ ӛлеңінің тарихи дамуы, жекелеген
ақындар стильдік ерекшелігі мен поэтикасы, сатиралық жанрлар
сынды тың тақырыптар зерттелген монографиялармен іргесін
барынша бекітті. Осынау күрделі әдеби-теориялық мәселелер Ә.
Нарымбетов, З. Ахметов, М.Базарбаев, Б. Уахатов, Қ.Ӛмірәлиев, М.
Хасенов, Т.Әбдірахманова, К.Қамбаров, С. Негимов, Т.Қожакеев
еңбектерінің ӛзегіне алынды.Ә. Нарымбетов («Қазақ совет
поэмасы», «Қазіргі қазақ поэмасы») әдебиетте орын тепкен
сюжетті-эпикалық,
лирико-публицистикалық,
очерк-поэма,
драмалық поэма, циклді поэмаларды айқындаса, К. Қамбаров
(«Ерлік эпосы») Ұлы Отан соғысы тақырыбында қалам тартқан
ақындардың кӛркемдік ізденістерімен қаһармандық-тарихи, әскери
(батальондық)-эпикалық, романтикалық-реалистік, лирикалық-
эпикалық, лирикалық-философиялық, лирикалық-публицистикалық
поэмалар туғанын анықтады.Қазақ поэзиясы кӛркемдік дамуының
тарихи белестерін әдеби дәстүдің қалыптасуы мен жаңашылдық
арнасындағы сабақтастық, түр мен мазмұн ерекшеліктері мен
әдебиеттер байланысы тоғысындағы жаңашылдық қырлары М.
Базарбаев зерттеуінің ӛзегін құрады. Ғалымның қазақ поэзиясы
поэтикалық тілін, кӛркемдік әлемін еселеуге айрықша үлес қосқан
Шәкәрім, Шәңгерей, Ғұмар, Бернияз шығармашылығын обьективті
бағалауын баса кӛрсетеміз . Қазақ ӛлеңтану ілімін іргелі
еңбектерімен айқындаған З. Ахметов зерттеуінде ӛлең сӛздің
бейнелеу құралдары, халық поэзиясы тілі, Абайдың тіл ұстарту
ӛнегесі, поэзия тілінің біздің дәуірімізде ӛркендеуі, қазақ ӛлеңі
құрылыс-жүйесі, ӛлшем-ӛрнектері, оларды түрлендіріп қолдану
үлгілері кешенді талданды. Қазақ ӛлеңтану ілімінде орналасу
тәртібіне орай ұйқасқа ат қойғанда, атау тудырғанда кезекті
ұйқасты айқас ұйқас, қаусырма ұйқасты орама ұйқас деп атайды.
Зерттеу ӛлең сӛздің теориялық мәселелерін, поэтикалық
заңдылықтар табиғатын дәстүр мен жаңашылдық бірлігінде терең
талдауымен құнды. Ол халық ӛлеңдері, ХV-ХІХ ғасырлардағы
37
қазақ поэзиясы тілін зерттеудегі келелі мәселелерге қозғау салды.
Б.Уахатовтың «Қазақтың халық ӛлеңдері» монографиясы «Лирика»
тарауында жанр эволюциясы, поэтикалық ерекшелігі генезисімен
байланыста қарастырылды. Ал «ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ
поэзиясының тілі» зерттеуінде Қ. Ӛмірәлиев поэзия тілінің
лексикасы, әр алуан фразеологиялық топтары, грамматикалық
формалары, синтаксисі және ӛлең ырғағы мен ұйқасы, инверсиясын
тіл білімі және әдебиеттанумен ұштастыра сараласа, С. Негимов
қазақ ӛлеңінің мелодикалық-интонациялық құрылысы, дыбыстық
жүйесі, ырғақтық кестесі, ұйқас табиғаты, сӛз әуенділігін
қарастырып,
қазақ
ӛлеңінің
филогенезін
тұңғыш
рет
зерттеді.Жекелеген
дарындар
шығармашылығын
теориялық
талдаудағы ізденістер жаңа еңбектермен толығып, Иса ақындығы
мен
стильдік
ерекшелігі
М.Хасенов,
Қасым
поэтикасы
Т.Әбдрахманова монографияларының арқауын құрады.
Түйіндей айтқанда, қазақ поэзиясының тың жатқан сан алуан
әдеби-теориялық мәселелерін нақты зерттеу монографиялық
еңбектермен ғылыми шешімін тауып, ізденіс арнасын тереңдетуде
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |