Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы



бет18/106
Дата04.01.2022
өлшемі2,43 Mb.
#10219
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106
Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да ғылыми фактілерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми принципке негізделеді. Профессор Ә.Исабаев: «Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет: Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші сынып оқушыларына берілетін және онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды – вокализм деп, дауыссыз дыбыстарды – консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды – дифтонгит деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол сынып деңгейіне ғана сиятын терминдерді ғана пайдалануға болады», - дейді.Сонымен қатар меңгерілетін тақырыптарды өзіндік белгілерінің, анықтамалар мен ережелерінің, берілетін практикалық дағдылардың дәл, анық болуы мектеп оқушыларының тілдік материалды жан-жақты түсінуіне септігін тигізеді. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыптың) ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту арқылы жүргізеді. 
  Жүйелілік ұстанымы

Қазақ тілін оқытуда оқытушының бірінші басшылыққа алатыны - әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада берілген материалдың орналасу жүйесі бастауыш сыныпта, орта және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан байып отырады. Мысалы: 6-сыныпта «Зат есім» тақырыбы бойынша алдымен анықтамасы, сұрақтары, мағыналары, түрлері оқытылса 7-сыныпта «Зат есімнің түрленуі» тақырыбымен толықтырылады. Яғни, зат есімнің көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуімен сабақтастырылады. Бағдарламада көрсетілген тәртіптелген өзара байланысты білім жүйесі ғана жас ұрпаққа іс жүзінде пайда келтіріп, әрі қарай білімді терең игеру жүйесіне түседі. К.Д.Ушинский: «Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық билік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білімге толы бас, ішінде барлық заттары шашылып жатқан, онан қожасының өзі де ештеңе таба алмайтын қоймаға ұқсайды, ішінде білімсіз жүйесі ғана бар бас, барлық жәшіктеріңде жазуы бар, ал жәшіктері қаңырап бос жатқан дүниеге ұқсас». /К.Д.Ушинский: «О преподавании русского языка. Соч. 5, М.: Изд-во, АПН РСФСР, 1949, ст. 355/. К.Д.Ушинский жүйелілік қана өз білімімізді толық меңгеруімізге мүмкіндік береді деп санаған. Бірімен-бірі байланыспаған әр түрлі мәліметтердің үзінділері түріндегі білімнен адам өзіне керегін тез таба да, пайдалана алмайды деген болатын. Сондықтан оқушыға оқытылуға тиісті тілдік мәліметтер әбден ойластырылған, тілдің табиғатына сай, олардың бір-бірімен байланыстылығының негізінде берілуі керек.


Жүйелілік принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. 

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет