Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет19/106
Дата04.01.2022
өлшемі2,43 Mb.
#10219
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   106
Көрнекілік ұстанымы

Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды орын алады, тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады.


К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма сөзді лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он рет айтқаннан бір рет нақтылы көрсеткеннің пайдалы екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолдануы қажет.
Көрнекілік принципі оқушылардың қазақ тілінен берілген білімді көрнекілік арқылы оқытуға бағыт береді. Ең алғаш оқытудағы көрнекілік туралы айтып, құнды пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан "Алтын ережесінде": "...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғыза білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын..." - деген болатын /Я.А.Коменский. "Ұлы дидактика"/. Оқушы казақ тілінен берілген білімді /схема, таблица, плакат, сурет т.б./ көріп қана қоймайды, арнаулы сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады. Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.
Жаратылыс көрнекілігі. кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.

Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.

Экранды - динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.

Дыбысты           техникалық       көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер,  радиоқабылдағыштар жатады.

Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет