Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Балалар психологиясы» 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған студенттер үшін пән бағдарламасы



бет2/3
Дата19.07.2020
өлшемі43,71 Kb.
#74833
1   2   3
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Кулмышева Назым Армысовна, п.ғ.к.

Педагогикалық психология кафедрасы

Байланыс мәліметтері: тел: 30-42-41; № 2 оқу ғимараты, № 308 кабинет

Сабақ өткізу орны - № 308 дәрісхана

Пән бойынша кредит саны - 3
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:

Балалар психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған. Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В.Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің «Бала жаны» атты кітабы – бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Білімалушылардың мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін меңгертіп, мамандыққа сәйкес білім-біліктілік дағдыларын қалыптасыру.

1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:



  • студенттерді психологиялық кәсіби білімдермен қамтамасыз етеді.

  • мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуын, қалыптастыру жай-күйлерін, қасиеттерін жас ерекшеліктерімен салыстыра отырып меңгертеді.

  • оқыту мен тәрбиелеу іс әрекетінде әдіс-тәсілдердің өзекті мәселелерін психологиялық тұрғыда негіздеу.

  • Студенттерге балалардың мектеп жасына дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес, психикалық даму жайында қажетті мағұлматтар беру.

1.5 Оқытудың нәтижелері:


Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:

- білу: Бала психологиясының кезеңдері бойынша сипаттама бере білуге, және алған білімдерін іс- тәжірибеде қолдана алуға үйрету;

- игеру: Әрбір кезеңнің өзіне ғана тән ерекшелігі болатындықтан танымдық үдерісінде жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеріп отыруды;

- ұғып алу: Дамудың әр кезеңіндегі қарым-қатынас, қоғаммен, отбасы мүшелерімен, ұстаздармен, өз құрбыларымен қарым-қатынас ерекшелік түрлерінің бала дамуына әсерлерін анық ұғып алуды.

- түсіну: Білім берудегі психологиялық тәжірибені жүзеге асыруда педагогтармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлаудың тәсілдерін түсіну.

- меңгеру: Балалар психологиясы пәнін меңгеру мақсатында білім беру үдерісінде инновациялық жетістіктерді қолдану;

- орындау: Білім қорларын іс-тәжірибеде жүзеге асыруға жүйелі жоспар құрумен орындай алу.

- қолдана алу: Балалар психологиясы пәнінің іс-тәжірибеде қолдана алуды.

1.6 Пән пререквизиттері:

1.6. Педагогикалық мамандыққа кіріспе

1.6.2 Психология және адам дамуы

1.6.3 Мектепке дейінгі педагогика


1.7 Пәннің постреквизиті:

1.7.1 Өзін-өзі тану.

1.7.2 Этнопедагогика

1.7.3 Қарым-қатынас психология

1.7.4 Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет