ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»


Тақырыбы: Білім беру процесіндегі зерттеу іскерлігінің элементтері



бет5/34
Дата28.06.2017
өлшемі5,2 Mb.
#20379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Тақырыбы: Білім беру процесіндегі зерттеу іскерлігінің элементтері
Мақсаты: Студенттерге зерттеу жұмысы деген не, зерттеу жұмысын қалай ұйымдастыруға болатыны жөнінде мағұлымат беру.
Дәріс жоспары:

  1. Оқушылар іскерлігінің мотивациясы.

  2. Жоба жүргізудің алгоритмі



Дәрістің қысқаша мазмұны

Мемлекетіміз елімізді ғылыми көркейтер деген үмітпен жас (дарындарға) ғалымдарға үлкен назар аударуда. Оларға түрлі конкурстар, білім сайыстарын ұйымдастыруда. Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамдарының негізгі міндетті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстырып, ғылыми деңгейге көтеру. Оқушылардың өз бетінше ізденіп білім игеруі, мұнда мұғалім оқытпайды, ізденіс-іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар шығармашылық қабілетіне, ғылыми ойлау дәрежесіне, зерттеу жұмысына икемділігі, шешендік шеберлігіне қарай іріктеп алады.

Оқушылардың жобаны зерттеу іс-әрекеті – білім көтерудің бір құралы.

Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология, мұнда:

-мұғалім оқытпайды, ізденіс іс-әрекетіне бағыттайды;

- білімді пайдалану және жаңа білімді игеру құралы;

-таным қызметі белсенділігінің оқыту құралы.



Жоба әдісінің мақсаттары:

  • шығармашылық ойлауын дамыту;

  • тәжірибе жинақтау үшін жағдай жасау;

  • жеке қасиеттерін қалыптастыру;

  • бірлесіп жұмыс жасау;

  • таңдау мен нәтижеге деген жауапкершілік;

  • талдай білу қабілеті;

  • тұлғаны бағыттау.

Жоба – техникалық термин, нысанды жаңарту.

Жоба жүргізудің алгоритмі (көрсеткіші):

Дайындық кезеңі.



  1. Жоспар жасағанда тақырыпты, бөлімді немесе бірнеше тақырыпты таңдап алу.

  2. Жеке немесе топтық тақырып анықталады.

  3. Нақты мақсат қою, болжаған нәтижені атау.

  4. Әдістемелік ұсыныстар.

  5. Мұғалімнің жобаның сапасына деген талабы қойылады.

  6. Нәтиже бағасының әдістері мен түрлері анықталады (рейтинг, баллдық, алдын-ала келісіліп, кесте құрастырылады).

  7. Жобаның көрсеткішін құру.

Мектеп жағдайында нысанның нақты тақырыбы болады немесе пәннен; интерактивтік (байланыс) (тарихи-әдебиет); факультатив тақырыбы.

Әр кезде оқушы мен мұғалімнің (орны) рөлі әртүрлі.



  1. Дайындық кезеңі.

  2. Жоспарлау (талдау, міндеттерін қою, хабарларды тексеру, идеяларды жинақтау, жоспарлар).

  3. Шешім қабылдау (альтернативаларды талқылау, қажет нұсқауды таңдау).

Жаңа ақпараттарды қабылдау. Қиындығы:

  1. Жобаны орындаудағы алдағы жұмыстар: проблемалық семинарлар, консультациялар.

  2. Нәтижені тексеру және бағалау.

Бағалау нәтижесі бойыншаөзіне жазба қалдырады, оқушының жеке тұлғасын ескеруге тиіс.

Жобаның орындалу нәтижесін, мақсатқа жетуін талдау.



  1. Қорғау. Нәтижесі қорғау түрі, жұмыстың безендірілуі бағаланады.

Жеке қатысуы мен жобаның үлгеріміне қатысты бағаланады.

Жоба жұмысының бірізділігі

Жұмыс кезеңдері

Жұмыс кезеңдерінің мазмұны

Оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Дайындық

Тақырыбы мен мақсатын анықтау

Мұғаліммен кеңеседі және қосымша ақпарат алады, мақсат қояды

Жобаның мәнімен таныстырады, оқушыларға дәлелдеу. Мақсатын құруға көмектеседі.

Жоспарлау

а) ақпаратты іздестіру жолдарын анықтау

ә) ақпаратты талдау және жинақтау тәсілдерін анықтау

б) нәтижені көтеру тәсілдерін анықтау (есеп беру үлгісі)

г) топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беру



Ісіне жоспар құрады

Өз ұсынысын айтады, идеялар ұсынады.

Зерттеу

Мәлімет жинау, кездескен міндеттерді шешу. Негізгі құралдар: интервью, бақылау, тәжіирбе, сауалнама

Кездескен міндеттерді шешу арқылы зерттеу жұмысын орындау

Бақылайды, кеңес береді, жұмысты сырттан басқарды.




Нәтижесі және қорытындысы

Мәліметтерді талдау (ақпарат)

Ақпаратты талдау

Бақылайды және кеңес береді

Жұмысты қорғау немесе есеп беру

Нәтижені көрсету түрлері: ауызша есеп беру, көрнекілікпен ауызша есеп беру, жазбаша есеп

Есеп береді, талқылайды

Көрермен ретінде тыңдайды, сұрақтар қояды.

Нәтижені және үрдісті бағалау




Өзін-өзі бағалау мен ұжымдық талқылау жолымен бағлауға қатысады.

Оқушылардың еңбегін, шығармашылық ойлауын, есеп берудің сапасын, ақпараттарды дұрыс пайдалану сапасын, жалғастыру сұранысын бағалайды.


Зерттеу жұмыстарын қорғау нұсқаулары.

І.Жұмысқа қойылатын талаптар:

1.Жұмыстың сыртқы бетін безендіру.

2.Жұмыс ауқымы 15-20 мин аспауы тиіс.

3.Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

4.Көрнекіліктері.

5.Зерттеу элементтерінің болуы.

6.Жұмыстың 1 данасын өткізу.

ІІ.Қорғауға қойылатын талаптар:

1.Шешендік шеберлігі.

2.Өзінің жұмысын жақсы білуі (тақырыбы бойынша комиссия сұрақтрына жауап бере алу).

3.Ғылыми ойлау дәрежесі.

4.Зерттеу жұмыстарына икемділігі.

5.Шығармашылық қасиеті.


Бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми зертеу деген не?

2.Жоба әдісінің мақсаттары қандай?

3. Жоба жүргізудің алгоритмін атаңыз.

4. Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін атаңыз.
Тақырыбы: Физиканы оқытудағы моделдеу әдісі.

Мақсаты: Физикалық эксперименттерге динамикалық

компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалануды

қарастыру
Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан, әлемді танудың маңызды құралына айналған компьютерлік модельдеу технологиясының болашағы зор. Сондықтан-физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу-оқыту процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы. Әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырудағы және зерттеу жұмыстарын дамытудағы орны ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу-мұғалімге сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жалпы физиканы оқыту үрдісіне қолданылатын компьютерлік технологиялар қатарына:

- компьютерлік демонстрациялар;

- компьютерлік-зертханалық практикум;

- физика-информатика кіріктірілген курсы;

- компьютерлік тестілеу;

- программалық оқу орталарын пайдалану жатады.

Ядролық физика мен энергетика, қатты денелер мен жартылай өткізгішті микроэлектроника, кванттық және лазерлік техника аймағындағы физикалық зерттеулер нәтижесі ғылыми-техникалық прогрестің бүгінгі жетістігі. Сондықтан да электроника мен есептеу техникасы физиканы оқыту мазмұнының компонентіне және оқу процесінің тиімділігін арттыратын құралға айналуымен қатар,дамыта оқытудың көптеген принциптерін жүзеге асыруға әсер етуде.

Негізгі базасы физика ғылымы болып табылатын есептеу техникасы соңғы жылдары физикалық процестер мен құбылыстардың математикалық моделін жасаушы құрал болумен қатар, көрнекілік құралы, демонстрациялық эксперимент пен зертханалық жұмыстар нәтижесін математикалық өңдеу құралы және оқушы білімін бақылау, тексеру құралы ретінде де кеңінен қолданылуда.

Есептеу техникасын физика сабақтарына қолдану:



  • әр оқушының білім деңгейіне сәйкес тапсырмаларды пайдалануға;

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға;

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға;

  • қазіргі ғылым мен техника жаңалықтарымен үнемі танысуға;

  • көптеген ақпараттармен тез арада танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компьютер оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер етеді.

Физика-эксперименттік ғылым. Ал бүгінгі таңда мектептерде физикалық құрал-жабдықтар жетіспейді, күрделі экспериментті жасауға қажетті қондырғылар өте қымбат тұрады, соның салдарынан кейбір құбылыстар мен тәжірибелерді мектеп зертханасының көлемінде жасау және оны түсіндіру мүмкін емес. Осындай қиындықтардан шығудың нақты жолдарының бірі-сабақ үрдісінде динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану. Оның көмегімен өте күрделі де көп параметрлі процестерді көруге болады. Сонымен қатар тәжірибені жарыққа шығаруға, дамытуға және әр түрлі гипотезаларды дұрыстығына тезірек көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Кезінде әйгілі физик Л.Д.Ландау “Бүгінгі күні теориялық физиканың даму деңгейінің жоғарылығы соншалық, көптеген ұғымдарды түсінуге болғанымен көз алдыңа елестету мүмкін емес’’,-деген. Әйтсе де, ғылым мен техника жетістіктерін оқушының өз көзімен мүмкіндік беретін модельдеу программаларының орны ерекше. Модельдеу программалары арқылы атомның, атом ядросының ішінде болып жатқан процестерді “көріп” ғарыш кемелеріне қажетті жылдамдықтарды беріп ұшыруға болады. Сондай-ақ көрсетілуі мүмкін емес көптеген демонстрациялық тәжірибелерді имитациялық модельдер көмегімен көрнекі түрде көре алады.

Дербес электрондық есептеу машиналарын физика пәнін оқытуда қолданудың түрлері көп. Мысалы:

1. Тарихи эксперименттерді, ғарыштық және микроәлемдік масштабтағы құбылыстарды, өте тез немесе баяу өтетін үрдістерді көрсету;

2. Компьютерлік зертханалық жұмыстарды орындау, зертханалық жұмыстарды компьютерлік өңдеу;

3. Дербес электрондық есептеуіш машинаның (ДЭЕМ) көмегімен физикалық есептерді шығару, олардың қажетті бағдарламаларын құрып, оны пайдалану;

4. Физикадан электрондық сабақтар дайындау және оны пайдалану;

5. Оқушылардың білімі мен біліктілігін тестілік бақылау.

Мектептегі эксперименттік физикалық тәжірибелер оқу-тәрбие процесінің негізгі құрамдас бөлігі және физикалық құбылыстардың табиғаты туралы білім көзі болып табылады. Эксперименттік тәжірибелер үшін дербес электрондық есептеу машиналарын қолданудың артықшылықтары тәжірибелердің тамаша көрнекілігі, оқудың ойынға айналатын ықтималдылығы, оқушылардың белсенділігі мен физикаға қызығушылығының артуы. Әр оқушы компьютерде экспериментті өз қолымен жасап, өз көмегімен көреді, қажетті экспериментті орындау үшін және параметрді өзгерту үшін компьютерде тәжірибені өзі басқарады. Екінші жағынан оқушы модельдеуші программамен жұмыс істегенде мұғалімнің басшылығын,жұмыс нәтижесін есептеу мен оқушының жеке әрекетін басқаруды (ДЭЕМ)-сы, яғни дербес электронды есептеу машинасы өз міндетіне алады.

Мысал ретінде компьютерді қолдану арқылы 11 сыныпта “Атом құрылысы”,”Резерфорд тәжірибесі” тақырыбына өткізілген сабаққа қысқаша тоқталайық. Әрине, оқушылардың материяның құрылысы туралы көзқарасын қалыптастыруда Резерфорд тәжірибесінің қаншалықты маңызды екенін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Бірақ мұндай тәжірибені физика кабинетінде көрсету мүмкін емес. Ал дербес компьютердің көмегімен тәжірибені “физика суреттерімен” динамикалық компьютерлік моделін пайдаланып, көптеген альфа-бөлшектерін әр түрлі жылдамдықтармен жіберген кезде олардың фольганың атом ядросымен әсерлесулерін көрулеріне болады. Бұл тәжірибені оқушының өзі өз қалауынша бақылауына көп уақыт кетпейді, есесіне тәжірибенің көрнекілігі жақсы әсер қалдырады. Сонымен қатар, осы тақырыптық мазмұны оқулықтағыға қарағанда жинақталынып, қосымша физикалың шамалардың мәндерімен, теориялық және тарихи материалдармен толықтырылып, компьютерге еңгізіліп қойылған. Бұл әр оқушының жаңа тақырыпты компьютерде отырып, кез-келген уақытта өздігінше оқып-үйренуіне мүмкіндік береді.

Сонымен, динамикалық модельдеу программаларын физика сабақтарында қолдану, біріншіден, оқушының қарастырып отырған физикалық құбылыстың мағынасын тереңірек түсінуіне мүмкіншілік береді, екіншіден, оқушы сабақ барысында ғылыми-зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптасады.

Физика пәнін оқытуды ұйымдастыруда динамикалық компьютерлік модельдерді пайдалану үшін:

-дайын модельдеу программаларының ерекшеліктерін;

-программаларды қолдану ерекшіліктерін;

-компьютерді пайдаланып,сабақ өткізу ерекшеліктерін;

-компьютер көмегімен алынған ақпаратты талдау және өңдеу біліктілігін қажеттілігі анықталды.

Сонымен қатар, оқушылар компьютерді қолдануды жетік меңгеруі керек. Сонда ғана динамикалық компьютерлік модельдерді пайдалану оқушылардың тыңғылықты білім алуына үлкен септігін тигізеді. Компьютерлік демонстрацияны кез-келген сабақта қолдануға болады. Әсіресе шағын жинақталған мектептер үшін өте ыңғайлы. Кемшілігі дисплей экранының кішкентайлығында, қосымша арнайы проекторды немесе’’компьютер+телевизор”комплексі қажет.

Физика курсында есеп шығару-оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі құралы, алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолы. Есептер шығарту барысында компьютер мұғалімге физикалық шамалар арасындағы байланысты көрнекі көрсетуге, есептерді терең зерделеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалануды қажет ететін есептерге:



  • Формулалар бойынша көп қайталап есептеуді қажет ететін.

  • Физикалық процестерді модельдеу кезінде.

  • Трансцендентті немесе жоғары дәрежелі теңдеулермен өрнектелетін есептер жатады.

Компьютерді пайдаланып есеп шығару процесі:

-Есептің берілуі

-математикалық модельдеу

-алгоритм құру

-компьютерге арналған бағдарламалар дайындау

-алынған нәтижелерді талдау кезеңдерінен тұрады.

Есептің берілгені бойынша математикалық моделі анықталғаннан кейін, яғни жеткілікті дәрежеде түсіндірілген есептерді шығаруға арналған бағдарламаны өздері құрастырып, оның дұрыстығын тексеру және компьютердің жадында сақтап қою оқушыларға көп қиындықтар туғызбайды.

Жалпы физикалық есептерді шығару процесінде есептеу техникасын пайдалану оқушылардың шығармашылық жұмысының өнімділігін арттырады, физика есептерін жаңа мазмұнмен толықтырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сабақты қорыту барысында сабақтың мазмұнына сәйкес оқушылардың өздері толықтыруды қажет ететін тірек-конспект, деңгейлік тестік тапсырмалар, эксперименттік есептер беріледі. Бұл тапсырмалар да компьютерге еңгізіліп қойылған, оны оқушылар өздігінше пайдаланып, алған білімдері мен біліктілігін бекітуге, тексеруге және өз білімдерін өздері компьютер арқылы бағалауға болады. Мұндай программалық оқу орталары оқушы-компьютер диалогты жүзеге асыра отырып, оқу материалын орындауды, тексеруді және оқып-үйрену барысын басқаруда мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту объектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда физикалық эксперименттің, зертханалық жұмыстардың атқарар ролі ерекше.

Компьютерлік-зертханалық практикум мұғалім үшін көп арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл технология негізіне оқушы белсенділігі алынатындықтан, оқушының шығармашылық дамуына ықпал етеді. Әрі компьютерлік-зертханалық практикум жаңа физика-информатика курсының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, дербес электрондық есептеуіш машиналарды зертханалық жұмыстарды орындау үшін қолданудың да оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және түсіндірілген физикалық құбылыстардың мәнін терең оқып-үйренуге мүмкіндік беруде көмегі мол. Мысалы, серіппеге бекітілген жүктің тербелісін зерделеуге арналған бірнеше сараланған демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар құрастыруға болады. Мысалы:

-серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің оның тербеліс амплитудасына тәуелсіз екендігіне көз жеткізу мақсатындағы ”Серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің тербеліс амплитудасына тәуелділігін тексеру”;

-тәжірибе жүзінде циклдік жиіліктің серіппеге бекітілген жүктің массасына тәуелділігін тексеру үшін «Серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің жүктің массасына тәуелділігін зерделеу»

- тәжірибе жүзінде циклдік жиіліктің серіппенің қатаңдығына тәуелділігін тексеруге арналған «Серіппеге бекітілген жүктің тербеліс жиілігінің серіппенің қатаңдығына тәуелділігін зерделеу» жұмыстары.

Сондай-ақ «Денелердің қозғалысын үйкелісті ескере отырып зерттеу» жұмысын қарастыратын болсақ, яғни үйкеліс күштерін ескере отырып бір-бірімен байланысқан денелер жүйесінің қозғалысын компьютерлік үлгілеу арқылы зерттеу мүмкіндігін көрсететін бір мысалды қарастырайық.

Бұл жұмыстарды орындау үшін жұмыстың тақырыбы, мақсаты, жұмысты орындауға арналған нұсқаумен қатар жұмыстың қорытынды есебін дайындауға арналған бақылау сұрақтары беріледі. Дианмикалық компьютерлік модельдер арқылы орындалатын жұмыс нұсқауында компьютердің, программаның ерекшелігіне сәйкес нұсқаулар да беріледі. Сондай-ақ компьютерде орындалатын эксперименттің жұмыста алынған нәтижелерді есептеуге арналған алгоритм де ұсынылады. Оқушылар берілген алгоритм бойынша есептеулердің программаларын қарастырып, оны компьютерде орындайды. Компьютерде орындалатын эксперименттік жұмыстардың есептеулерін де арнайы программалар арқылы тексеру мұғалім жұмысын жеңілдетеді.

Компьютерді қолданып, физикалық эксперименттерді модельдеу

Физикалық процестермен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу–мұғалімге сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен процесстерді зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндіктер береді.

Физикалық эксперименттің негізгі екі түрі бар.

-демонстрациялық тәжірибе

-лабораториялық тәжірибе

Компьютердің көмегімен жүргізілетін лабораториялық жұмыстардың мынадай ерекшелігі бар: оқушы жұмыста компьютер арқылы жұмыс жүргізудің жалпы әдістерін үйренеді. Компьютердің программалаушылық және графикалық мүмкіндіктерінің молдығы, физиканы оқытудағы көрнекі құралдар мен лабораторияларға қажетті құралдар мен матералдардың жоқтығына мұқтаждықты азайтады.



Тақырыбы: Деңгейлеп оқыту технологиясы
Дәріс жоспары:

  1. Деңгейлеп оқыту технологиясының қажеттілігі

  2. Деңгейлік тапсырмалардың мағңызы


Дәрістің қысқаша мазмұны

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы себеп болды.

Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Оқушы өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен  дами алатын тұлғаға айналады. Үлгермеушіліктен құтылып, мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті мазмұнын меңгеруге кепілдік береді. Оқушының жеке қаблетіне  сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне  жағдай туады.

Оқыту үрдесінің барысында әр оқушының белгілі бір мерзім аралығындағы дамуын үздіксіз  қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады. Оқушы жеке қаблетіне  сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.

Қазіргі кезде мектептерде барлық оқушыларға бір өлшеммен қарау әлі де басым орын алып отыр. Ал аталған технология  оқушылардың өз бетінше  білім алу барысында олардың жеке қаблеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.



Оқыту технологиясының негізгі сатылары:

1.     Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2.     Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

3.     оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.

4.     Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай.

5.     Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.

     Мақсаты:

1.     Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

2.     денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3.     дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4.     оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

     Ерекшелігі:

1.     Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2.     оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3.     білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

    Күтілетін әтиже:                                                                                                 

1.     Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және  өзін-өзі жетілдіру.

2.     Дарынды балалар болса қушының – зерттеу жұмыстарын дамыту.

3.     Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: Әр бір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.

Бастапқы ғылыми идеялар:

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім  алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін  аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрлымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.

 4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

- жеке тұлға ерекшеліктеріне;

- психикалық даму ерекшеліктеріне, есте сақтау қабілетінің ерекшеліктеріне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара біліуіне;

-пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.



Кесте 1.

Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің   жүйесі

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дайындық

Оқушылардың оқу материялын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау

 

Диагностикалық

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың  білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары

негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.



Оқушыларды

 топтарға бөлу



Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру:әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау.

Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау.

Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.


Белгілі топты оқушының  таңдауы.Топтардағы оқыту

Талаптарының жобасын талқылауға қатысу.



Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру

Таңдалған топта  өзінің оқу

Іс-әрекетін ұйымдастыруы.



Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау

/кері байланыстың дұрыс орнауы,жүзеге асуы.



Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауду жүзеге асыру.

Деңгейлік оқыту оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды

Бірінші деңгейдегі тапсырмалар оқушының алған білімін жан- жақты көрсетуін, тарауды қайталау, ережелерді айту немесе түсініктеме беруін қажет етпейді. Тараудағы негізгі сұрақтар мен формулалар өлшем бірліктермен шектеледі.

Екінші деңгейдегі тапсырмалар бойынша әртүрлі типтегі есептерді шығаруға анализ жасай алатын болуы керек.

Үшінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жүйелі ойлай алуы мен алғырлығы сынға түседі. Мұнда қазіргі заманғы электрондық оқулықтар арқылы компьютермен физика тарауларындағы заңдылықтарды зерттеп, есептер құрастырып, оны шешеді. Мысалы;


  1. Ұшудың теориялық негізін салған ғалым кім?

  2. Тұңғыш рет ғарышқа ұшуға ракетаны пайдалану мүмкіндігін көрсеткен ғалым кім?

  3. «Ай-2»станциясы бірінші рет айдың бетіне қашан жетті?

  4. Жасанды серіктердің көмегімен көптеген қандай пайдалы жұмыстар атқарылды?

Оқушылар осындай сұрақтарға өз беттерімен іздену арқылы қол жеткізеді. Мынадай логикалық ойлауды қажет ететін есептерді осы деңгейде шығаруға болады.

1-есеп.

БМ-13 соғыс реактивті қондырғысының Катюшаның бағыттаушы балкаларының ұзындығы 5м, әрбір снарядтың массасы 42,5кг және реактивті күші 19,6 кН болған. Бағыттаушы балкадан снарядтың ұшып шығу жылдамдығын табыңдар.



Берілгені:



F=19,6Кн=

=1,96*104Н


Талдауы:

υ=at

t=; υ2=2a,2) F=ma, a=,



υ2=2, υ =

Шешуі:

υ= 

Жауабы: υ= 68 м/с



Т/к: υ-?







2-есеп.

Трактор бос тіркемеге а1=0,4 м/с2, ал жүгі барына а2=0,1 м/с2 үдеу береді. Қосарластырылған екі тіркемеге трактор қандай үдеу береді? Трактордың тарту күші барлық жағдайда бірдей деп есептеңдер.



Берілгені:

a1=0,4 м/с2

a2=0,1 м/с2


Талдауы:

  1. F=m1a1; F=m2a2

m1=m2=

2) F=(m1+m2)a=a(



Шешуі:

a===0,08м/с2


Жауабы:a=0,08 м/с2

Т/к: a-?








Төртінші деңгейде оқушы өз бетімен сыныптан тыс оқулықтармен есеп шығарады, мектеп курсында қарастырылмайтын тақырыптарды өз бетімен оқитын оқушылар. Мұндай оқушылар олимпиадаға қатысып, шығармашылық ізденіске ие болады.

Егер сабақта қайталау сабағы болсын, жаңа тақырып болсын оқушы шығармашылық ізденіс үстінде меңгеріп, көптеген қосымша әдебиеттерден іздейді. Қазіргі ғарыштық ғылыми зерттеулер барысында жаңалықтармен оқушылар интернет арқылы ізденуге болады немесе ғарыш кеңістігін зерттеу барысындағы ғарышкерлер өмірі жайында мәліметтерді іздену арқылы қарастыруға болады.

Деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары:


  1. Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әрі

оқушының белсенділігін оятады.

  1. Оқушы өзіне тән қарқымен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді.

  2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығын, шығармашылығын, дарынын, талантын тәрбиелейді.

Сондықтан да оқушыларға физика сабағында жаңа бағыттағы оқытудың технологияларының бірі деңгейлеп оқытудың маңызы зор.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты қандай?

  2. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатыларын көрсетіңдер.

  3. Деңгейлік тапсырмалар қалй ажыратылады?



Тақырыбы: Топтық оқыту технологиясы

Дәрістің жоспары:

  1. Топтық оқыту технологиясы жайында мағұлымат

  2. Коммуникативтік құзіреттілік


Дәрістің қысқаша мазмұны

Сапалы білім беру қай заманда болса да өзекті мәселе болып табылады. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқыту процесінде топтық оқытуды қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу.

Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді.

Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық  жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.

Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.

Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.

Топ – қазіргі адамның қоғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті болып табылады. Топтық уақыт өткізудің мәні мен жалпыға ортақтығын Д.Картрайттың және А.Зандердің мына сөздері дәлелдейді: «егер ... болжамдық марстық адам Жерді бір қарап шықса, ол, мүмкін, жер адамдарының бір нәрсені топта жасап, өз уақытының сонша бөлігін бірге өткізетініне таң қалатын шығар».

Топтық оқытудың мәні ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ескерілген. Бірақ осы күнге дейін көп сұрақтар өз жауабын күтуде. Ең алдымен, айта кететін жайт, «топ» ұғымы негізінен әлеуметтік психологияға тән; ұғымның мәнін жасау, топтық феномендерді зерттеу көбіне көп осы ғылым тұрғысынан жасалып келген. Әлеуметтік энциклопедиялық сөздікте топқа мынадай анықтамалар берілген:


  1. «Кез-келген жалпы қасиетпен: жалпы кеңістік және уақыт болмысымен, іс-әрекетпен, экономикалық, демографиялық, психологиялық және т.б. Сипаттамалармен біріктірілген индивидтер жиынтығы»;

  2. «Арасында белгілі бір тікелей немесе жанама әлеуметтік қарым-қатынастары бар индивидтер жиынтығы»;

  3. «Өзара әрекеттесудің стандартталған үлгілері негізінде өздері қабылдаған нормаларды ұстанатын және өздері белгілеген әлеуметтік рольдерді орындайтын индивидтер жиынтығы».

Педагогикалық және психологиялық сөздікте «топ - әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты мөлшері бойынша саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Педагогикада топ: 1) оқушылар ұйымының мерзімдік не ағымдағы жұмысын атқару үшін құрылған белгілі бір бөлігі. Топ жұмысын топ мүшелері сайлаған топ кеңесі немесе топбасы басқарады; 2) оқу процесінде жоғары мектеп талапкерлерінің курс ішіндегі белгілі бір тұрақты бөлігі; 3) сыныптан не мектептен тыс үйірмелерге (көркемөнер, спорт, т.б.) қатысушылардың қызығушылығы бойынша біріккен бөліктері.

«Шағын топ – ортақ мақсат-міндеттерге ие, тікелей қарым-қатынас жасайтын индивидтердің белгілі бір санының бірігуі. Үлкен және күрделі топтардан шағын топтың ерекшелігі – оның салыстырмалы «құрылымдық қарапайымдылығы». Бұның мәні – шағын топта, әдетте, беделді көшбасшысы болады, оның айналасында топтың басқа мүшелері бірігеді. Бұнда топтың көлемі маңызды емес, ол бірнеше ондықты қамтуы мүмкін» делінген ресейлік педагогикалық энциклопедияда.

Топтарды талдау барысында оларды жіктеу проблемасы айқындалды. Әдебиеттерді шолу барысында анықтағанымыз, көптеген тұрғылардың барына қарамастан бір типология жоқ. Топтарды ажырату белгілері зерттеушілер еңбектерінде өте кең ауқымды болып келген.

Г.А.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде, топтық оқу іс-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:



  1. Балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;

  2. Оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;

  3. Оқушылар маңызды әлеуметтікдағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мінез-

  4. Құлқын қалыптастыру іскерлігі, қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;

  5. Мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады.

Топтық оқу әрекетін өзгеше оқу ситуациясы ретінде бағалай отырып, В.В.Рубцов және В.В.Агеев оның келесі талаптарға жауап беруі керектігін атап өтеді: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзінің даралық әрекетін орындауы, барлығының барлығымен үйлестірілуі, аудитивтіксіз, яғни, іс-әрекеттерді жай ғана қосу емес, ортақ нәтижені алу.

Топта оқыту - ол баланың ойлауы мен қабылдау қабілетін дамытады, сабақты ұйымдастыруда жұмыстыңтоптық формалары, соның ішінде «миға шабуыл» және т.б. қабілеттерін дамыту мақсатында тапсырмалар ұсынылады;

Жеке және шағын топтарда міндеттерді зерттеу және шешу-бұнда мұғалім әрбір баланың қызығушылығын анықтап, олардың іс-әрекетін басқару және кеңес беру қызметін атқарады.

Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін топтық оқыту арқылы қалыптастыруда «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегияларын қолданудың маңыздылығы ерекше. Өйткені топтағы оқушылардың барлығы өз ойларын еркін айтуға,пікірлерінқорғай білуге мүмкіндік алады. Мұның барлығы топтағы оқушылардың қарым-қатынасының жақсаруына, сабаққа қызығушылықпен және белсенділікпен қатысуына өз ықпалын тигізіп, оқу материалын саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. Мұндай оқыту стратегияларының ішінен «Ассоциация», «2 жақты күнделік», «Топтастыру», «Түртіп алу», «РАФТ» стартегияларын гуманитарлық пәндерді оқытуда пайдалануға болады.Мектептегі жоғары сынып оқушыларына бұл стратегияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің жұмысының жоғары деңгейге көтерілуіне үлкен септігін тигізер еді.

Шағын топта коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық технологиясын жобалау кезінде оқытуды ұйымдастыру формасы және оқыту әдістерін таңдау көп жағдайда топтың мақсаты және ерекшеліктерімен анықталады. Яғни, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобын жүйелеу қандай да болмасын негіз бойынша жасалуы керек. Біздің ойымызша, шағын топта коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық технологиясын модельдеуде бес критерийді есепке алу қажет: материалды зерттеу тереңдігі, оқудың ұзақтығы, қатысушылардың құрамы, оқушылардың дайындық деңгейі, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобының қызметінің ұзақтығы.

Коммуникативтік құзіреттілік- адамдармен өзара әрекет пен қарым- қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Осылайша, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобы (педагогикада) – тұрақты, саны бойынша үлкен емес (әдетте, 5-7 адам) оқу тобы, топ мүшелері жалпы оқу-танымдық іс-әрекетпен біріктірілген, бір-бірімен тікелей өзара әрекеттесуде (жеке және коммуникативтік қарым-қатынастар және т.с.с.) болады, бұл өз алдына эмоционалдық байланыстардың, спецификалық тұлғааралық құндылықтардың, топтық нормалар мен топтық құндылықтардың пайда болуына әкеледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары


  1. Топтық оқыту технологиясының мағынасын ашыңыз

  2. Коммуникативтік құзіреттілік деген не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен Қазақстан.14 желтоқсан 2010.

  2. Цукерман Г.А. Совместная учебная деятельность как основа формирования умения учиться: автореферат дисс. на соиск. уч. степ. докт. психол. наук. М.,1992

  3. Мұханбетжанова Ә.М., Мұқанбетова Ш.Т. Тұлғалық- бағдарлы технологиялар. Орал,2007

  4. Мұқанбетова Ш.Т. Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру. //Қазақстан мектебі.№11,2009


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет