Мультимедиатехнологиялары 1. Мультимедиа технологиялары және құралдары. 2. «Цифрлы Қазақстан» мемлекттік бағдарламасы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Мультимедиа технологиялары және құралдары.
Мультимедиа технологиясы дегеніміз – ол СD RОМ компакт-дискасының технологиясын қолдануға негізделген аудиовизуалдық хабарларды қабылдаудың, әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады. Компакт-диск технологиясын пайдалануға негізделген мультимедиалық-операциялық орта өте белсенді (интерактивті) сұхбаттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез-келген аудиовизуалдық хабарларды түрлі формаларда (видеофильм, текст, графика, анимация, слайдтар, музыка) бере алады. Мультимедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты хабарларды эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келетін білім берудің мотивациясын арттырумен және хабарларды өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастыруымен айқындалады.
Жаңа ақпараттық технологияны білім беруде қолдану мен студенттердің жаңа ақпараттық технологияны қолдануға дайындығы, сондай-ақ студенттердің ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыру мәселелері И.М.Богданова, С.А.Хузина, Н.С.Астафьева, И.Г.Овчинникова, И.В.Марусева, А.В.Смирнов, Г.А.Кручинина, С.К.Кариев, Б.Б.Баймұханов, Ы.Е.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, Д.М.Джусубалиева, К.С.Абдиев, Г.Д.Жангисина, М.С.Малибекова, С.М.Кеңесбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық технологиялардың аясын білдіреді. Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға байланысты, графикалық, дыбыстық, фото және видео әсерлерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық заряды бар және олар белсенді түрде көңіл көтеру индустриясына қосылатынын мысалмен дәлелдейді.
Әр жыл сайын білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарға таралған және тиімді негізделген ақпараттық технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Ондай технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табылады. Осыған байланысты электрондық басылымдар және ресурстарды оларды жасау және қолдану тәсілдерін бөлшектеп, қарастырудан бұрын оқытудың электрондық құралдарын жасау және пайдалану негізіне жататын ақпараттық технологиялармен танысқан ақылға сай келеді.
Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуде сипаттамалық ерекшелігі, өңдеу мүмкіндігі және компьютерлік техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып есептелетін әртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар болып табылады. Расында да, соңғы жылдары осындай құралдар санына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін және дыбыс шығару, фото және видео бейнелер үшін құралдар кіргізілген. Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пайда болып, кең таралса, осы құралдар мультимедиа құралдарына жатқызылады.
Мультимедиа құралдарының ерекшелігін ақпараттық түрлерін және оны беру тәсілдерін білмей түсіну мүмкін емес. Оқытудағы электрондық басылымдары мен ресурстарын оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты жіктеудің тек негізгі қырларына тоқталамыз. Ақпаратты жіктеуге мүмкін болатын бірнеше көрсеткіштері бар. Бірінші көрсеткіш түрінде көру, есту, сезу, дәмін тарту, сияқты адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін қолдануға болады. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын оқып үйрену көзқарасы бойынша компьютерлік және коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, адамға ақпараттық әсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс болады. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі үш топқа бөледі:
Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік немесе визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа мәтін, графикалық бейнелер және суреттер, фотографиялар, мультфильмдер, видеофильмдер жатады.
Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа шулар, әуендер, сөз жатады.
Сенсорлық немесе тактильдік ақпарат деп аталатын, арнайы техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық жүйесімен қабылданатын ақпарат.
Мультимедиа технологиясы дегеніміз – ол СD RОМ компакт-дискасының технологиясын қолдануға негізделген аудиовизуалдық хабарларды қабылдаудың, әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады. Компакт-диск технологиясын пайдалануға негізделген мультимедиалық-операциялық орта өте белсенді (интерактивті) сұхбаттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез-келген аудиовизуалдық хабарларды түрлі формаларда (видеофильм, текст, графика, анимация, слайдтар, музыка) бере алады.
Мультимедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экрандарында кез-келген қажетті хабарлармен жете танысуға болады. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көруіне де мүмкіншіліктер тудырады. Мультимедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты хабарларды эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келетін білім берудің мотивациясын арттырумен және хабарларды өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады. Жаңа ақпараттық технологияны білім беруде қолдану мен студенттердің жаңа ақпараттық технологияны қолдануға дайындығы, сондай-ақ студенттердің ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыру мәселелері И.М.Богданова, С.А.Хузина, Н.С.Астафьева, И.Г.Овчинникова, И.В.Марусева, А.В.Смирнов, Г.А.Кручинина, С.К.Кариев, Б.Б.Баймұханов, Ы.Е.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, Д.М.Джусубалиева, К.С.Абдиев, Г.Д.Жангисина, М.С.Малибекова, С.М.Кеңесбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық технологиялардың аясын білдіреді. Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға байланысты, графикалық, дыбыстық, фото және видео әсерлерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық заряды бар және олар белсенді түрде көңіл көтеру индустриясына қосылады.
Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам шығармашылығы деңгейінің дамуына үлкен өзгеріс жасады. Мультимедиа технологиясын ең көп қолданатын аясының бірі білім беру саласы, себебі мультимедиаға негізделген электрондық басылымдар мен ресурстар оқытудың тиімділігін анағұрлым арттырады. Материалды ауызша баяндағанда білім алушының бір минутта ақпараттың мың шартты белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда» 100 мыңға жуық осындай бірліктерді меңгеретіні тәжірибе арқылы тексерілген.
Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдарының саны мыңға жетеді. Мультимедиалық технологиялар және оған сәйкес білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер 1995 жылы шыққан мультимедиалық құралдар саны 34 болса, 1998 жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен, қазір бұл тізім бірнеше мыңдаған атауларды өзіне біріктіреді. Әрине, бұл көрсетулер мультимедиа құралдарымен қамтамасыз етілгендігін нақты суреттеп бере алмайды, бірақ жасалынған және пайдаланып жатқан мультимедиа құралдар санының өсуі біржақты дәлелдеді. Мультимедиа құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін және төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін көбейтуді қамтамасыз етеді.
Мультимедиа және білім берудегі ақпараттанудың сәйкес құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Мультимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның рөлі өседі. Иллюстрация бұл:
мәтінге түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа типін енгізу (бейне және дыбыс);
көрнекті және көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады).
Білім беруде мультимедианы қолданудың тиімділігін көптеген мысалдармен көрсетуге болады. Ереже бойынша, әдемі бейнелер немесе анимациялар мен өтетін прецентациялар статикалық мәтінге қарағанда, визуал тартымды және олар қажет болған эмоционалдық деңгейді ұстайды, сонымен оқыту тиімділігін арттырады. Заманауи ұшақтардың ұшқыштарын арнайы мультимедиалық тренажерларда сабақ өткізбей дайындау мүмкін емес, себебі бұл әдіс шынайы жағдайларды және келешек ұшқыштан талап етілетін интербелсенді әсерлесуді модельдейді.
Мультимедианы қолдану оқыту үдерісінің бірнеше аспектілеріне жағымды әсер етеді. Мультимедиа ықпал етеді:
ақпаратты қабылдау және түсіну оқыту сияқты когнитивтік аспектілерін ынталандыруға;
білім алушылардың мотивациясының артуына;
білім алушыларда бірінің жұмыс істеу дағдыларын және ұжымдық танымдық дамуына;
білім алушыларда оқуға терең жолмен келуді дамытуға және оқылатын материалдың терең түсінікті болуын қалыптастыруға.
Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың артықшылықтарын қатарына мыналарды кіргізуге болады:
оқыту процесінде оқушы қабылдауының бірнеше каналын бірмезгілде қолдану, оның есебінен бірнеше әртүрлі сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға келтіріледі;
күрделі, қымбат немесе қауіпті экспериментті модельдеу мүмкіндігі;
процестерді динамикалық көрсету есебінен абстракт ақпаратты визуалдау;
микро және макро дүниелердегі процестерді және объектерді визуалдау.
Мультимедиа құралдарын нақты пәндер саласында да, бірнеше пәндер тобындағы орналасқан пәндерді оқыту процессін жақсарту үшін қолдануға болады. Білім беру жүйесінің эффектілеріне белгілі дәрежеде оқу үдерісі жүріп жатқан ортада әсер етеді. Бұл түсінікке оқыту үдерісінің құрылымы оның есептері және оңайлығы кіреді (қоғам, кітапханалар, мультимедиалық ресурс орталықтары, компьютерлік зертханалар және т.с.с. )
Мұндай жағдайда мультимедиа баспалары және ресурстар көп санды мүмкін болған оқыту құралдарының бірі ретінде қолданылады. Демек, заманға сай мультимедиа құралдарының дамуы білім беру технологияларын жаңа деңгейде қолға келтіруге мүмкіндік береді, бұл мақсат үшін ең алдыңғы қатарлы техникалық инновациялар қолданылады.
2. 2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау.
Бағдарлама 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылады және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бес бағытты қамтиды.
Біріншісі – экономика салаларын цифрландыру. Бұл бағыт еңбек өнімділігін өсіру және капиталдандыруды арттыруды мақсат тұтып, серпінді технологияларды пайдалану арқылы экономиканың дәстүрлі салаларын түрлендіруді көздейді.
Екіншісі – «Цифрлы мемлекетке көшу». Бұл бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласын жаңа сапаға көтеруді мақсат етеді; қағаз жүзіндегі жұмыстар электронды нұсқаға көшірілуімен ерекшеленбек.
Үшіншісі – «Цифрлы Жібек жолын жүзеге асыру». Бұл бағыт мәліметтерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдығына қол жеткізуді міндет етіп қойған.
Төртіншісі – «Адам капиталын дамыту». Бұл бағыт бойынша «білім экономикасына» көшу үшін креативті қоғам құру қолға алынады.
Бесіншісі – «Инновациялық экожүйені құру». Бұл бағытқа сәйкес бизнес, ғылыми орта және мемлекет арасында тұрақты байланыс орнатылып, технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелері қамтылып отыр.
Білім саласындағы цифрландыру мәселесі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытына, АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ үрдісімен сабақтасады.«Адами капитал» ұғымын алғаш рет ғылыми ортаға енгізген Нобель сыйлығынының иегері, экономист Теодор Шульц терминге
«Адам бойындағы барлық қабілет туа бітеді немесе өмірлік дағдымен қалыптасады. Тиісті қаржы бөлу арқылы дамытылатын адам бойындағы туа және жүре қалыптасқан құнды қабілеттерді адами капитал дейміз»сынды анықтама берген-ді.[2, 4-б.]. Ендеше капитал дегеніміз – табыс әкелетін құндылық. Табыс әкелмеген кез келген байлық капитал бола алмақ емес. Демек адами капиталға айналмаған жан бәсекелестікке қабілетті болмайтындығы түсінікті жайт. Адам капиталын дамыту үшін Қазақстанда сапалы кадрлық әлеует құру керек. Сол себепті«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында орта, техникалық жәнекәсіби, жоғары білім беруде цифрлық
сауаттылықты арттыру шаралары қарастырылған.
- 2-сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» пәні кезең-кезеңімен енгізіледі;
- жоғары сыныптардағы бағдарлама роботты техника, виртуалдышындық, 3D принтинг және басқа пәндермен толығады; - талантты жастарды дамыту және қолдау мақсатында тұрақты түрдехакатондар, олимпиадалар мен конкурстар ұйымдастырылуда;
- роботты техника мен бағдарламалаубойыншатүрліүйірмелерашылуда;
- елді мекендерде тұрғындар, оның ішінде жұмыссыздар, сұранысқа ие цифрлық машықтарға оқытылатын болады және т.б. Қазақстандағы цифрландыру үрдісі кәсіби мамандары дайындығыдеңгейі қандай? Бүгінде елдің 89 жоғары оқу орнында ақпараттық технологиямамандары оқытылады. 2013-2017 жылдар аралығында осы салада еңбек етуге тиіс 109 557маман даярланды.
Жетекші ІТ мамандарын дайындайтын ЖОО қатарына Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Назарбаев Универсиеті («Астана бизнес кампусы» хайтек паркінің базасы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті және т.с.с. кіреді. Сонымен қатар ЭКСПО кешенінде халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі құрылып, Алматы «Алатау» технопаркі, Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Zerekтехнопаркі» ЖШС және т.с.с. әрекет етуде. Демек,білім және ғылым саласын цифрландыруды дамыту бойынша елде үш бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Біріншісі – орта білім жүйесін ақпараттандыруды дамыту, екіншісі – білім беруді және ғылымды басқару үрдісін автоматтандыру, үшіншісі – ІТ мамандарын даярлауды басым бағыт ретінде көрсеткен.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Мультимедиа технологияларына сипаттама беріңіз.
2. Мультимедиа технологиялары және құралдарына талдау жасаңыз.
3. Мультимедиа құралдарының ерекшеліктеріне мысал келтіріп дәлелдеңіз.
4. Мультимедиа құралдарын нақты пән бойынша қолданып тапсырма
орындаңыз.
5. Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасына талдау жасаңыз.