ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Психология тарихы» 5В050300 Психология мамандығына арналған О


І. Берілген тақырыпты конспектілеу



бет5/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#927
1   2   3   4   5

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.



Рефератты талқылаушығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығарумаңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары


  1. Психологиялық зерттеулер әдістері пәніне жалпы түсінік, пәнінің мазмұны.

  2. Психологиядағы әдіс және әдістеме түсініктері.

  3. Жеке пән ретінде психологиялық зерттеу әдістерінің маңызы.

  4. Пәнді оқып-зерттеудің мақсат-міндеттері.

  1. Психологиялық зерттеулердің детерминизм принципі.

  2. Психологиялық зерттеулердің физиологиялық пен психикалықтың бірлігі принципі.

  3. Психологиялық зерттеулердің сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.

  4. Психологиялық зерттеулердің объективтілік принцип.

  5. Психологиялық зерттеулердің даму принципі мен жүйелі-құрылымдық принциптер

  6. Психологиялық зерттеу әдістерінің Пирьов, Ананьев, Дружинин бойынша классификациялау.

  7. Психологиялық зерттеу жұмысында зерттеушіге қойылатын этикалық талаптар

  8. Психологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы туралы түсінік.

  9. Проблеманы анықтау.

  10. Гипотезаны ұсыну.

  11. Гипотезаны тексеруді жүзеге асыру.

  12. Нәтижені тексеруді интерпретациялау.

  13. Салыстыру әдісінің негіздері.

  14. Лонгитюд әдісінің негіздері.

  15. Тігінен және көлденең кесу ұғымдары.

  16. Комплексті әдістерінің негіздері.

  17. Ғылыми бақылаудың белгілері.

  18. Бақылау процедурасының методологиясы.

  19. Ғылыми бақылаудың мүмкіндіктері мен шектеулері.

  20. Бақылау әдісінің формалары.

  21. Эксперимент әдісі психологиялық зерттеудің негізгі әдісі ретінде.

  22. Эксперимент түрлері.

  23. Эксперименттегі этикалық, экономикалық, практикалық сапалар.

  24. Эксперименталдық өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.

  25. Тәуелді және тәуелсіз ауыспалылық.

  26. Эксперимент әдісіндегі құндылық, тиімділік ұғымы.

  27. Ішкі құндылықтар. Ішкі құндылықтарға кері әсерін тигізетін факторлар.

  28. Эксперимент әдісіндегі сыртқы құндылықтар.

  29. Мазмұнды жоспарлау. ресми жоспарлаудың міндеттері

  30. Эксперименталдық мәліметтерді интерпретациялаудың ерекшеліктері.

  31. Психодиагностикалық әдістерге жалпы сипаттама.

  32. Психодиагностикалық әдістерді классификациялаудың негіздері мен критерилері.

  33. Психодиагностика әдістерінің түрлерінің өзіндік ерекшеліктері, кемшіліктері,мүмкіндіктері және пайдалылығы.

  34. Психологиялық өлшеу құралдарының дәлдідігі.

  35. Психодиагностикалық зерттеу әдістерінің инструкциясы.

  36. Психодиагностикада қолданылатын тестердің түрлері.

  37. Психодиагностикалық әдістерді қолдану сфералары.

  38. Тестің ғылыми анықтамасы.

  39. Тест әдістерін жүзеге асыру инструкциялары.

  40. Үлгілеу әдістерінің негіздері.

  41. Үлгілеу әдістерін қолдану сфералары.

  42. Математикалық моделдер зерттеу нәтижелерін сараптаудың құралы ретінде

  43. Нәтижені бірінші статистикалық өңдеу әдістері.

  44. Нәтижені екінші статистикалық өңдеу әдістері

  45. Нәтижені кестелік және графикалық тәсілмен көрсету




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет