8-ТАҚЫРЫП: Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік.
Дәріс жоспары:
1. Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері.
2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
Мақсаты: Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік беру.
Қысқаша мазмұны:
Морфологияның стилистикалық құралдарына морфологиялық ұғымдар, категориялардың варианттық түрлері, яғни синонимдер және грамматикалық категориялардың бір ғана мағынада емес, әр түрлі мағынада жұмсалатын түрлері, яғни омонимдер т.б. тілдің икемділік қасиетін танытатын бірліктері жатады. Морфологиялық синонимдер морфологиялық тұлғалардың, қосымшалардың мағыналас болып келуі.
Морфологиялық құралдардың қолданылу сипатына қарай жазба стильдерді екі топқа бөліп қарастырушылық бар. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын. Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стиль бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфологиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қолданылады.
Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінің басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздарының тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданылмайды.
Зат есімге қосылып, кішірейткіш мәнге үстеме экспрессивтік мәнер туғызатын аффикстер де ресми –іскери стиль мен ғылыми стильде жиі ұшыраса қоймайды. Ғылыми стиль мен ресми-іскери стильде кездесе қоймайтын морфологиялық тұлғалардың бірі – сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырай, яғни сын есімнің салыстырмалы шырайын жасайтын –рақ, -рек жұрнағы және толық мәнді сөздің алғашқы буыны қайталану арқылы, сондай-ақ, өте, аса, тым, тіпті сөздерінің негізгі сын есімдерге тіркесе келуі арқылы жасалатын күшейтпелі шырай түрлері.
Ғылыми стиль мен ресми стильде халықаралық, көзқарас, еңбеккүн сияқты біріккен сөздер көп жұмсалады.
Көркем әдебиет тілі мен көсемсөз стилінде тілге тән морфологиялық тұлғалардың барлығы бірдей қолданылады.
Әдеби тіл нормасына жатпайтын және жергілікті тіл ерекшеліктер болып табылатын морфологиялық тұлғалар да бұл стиль салаларында кездесе береді.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
6. Серғалиев М. Стилистика негіздері. Астана, 2006.
9-ТАҚЫРЫП: Сөз таптарының қолданылуы.
Дәріс жоспары:
1.Есімдіктердің қолданылуы.
2.Етістік тұлғаларының қолданылуы.
3.Етістіктің шақтық тұлғалары.
Мақсаты: Сөз таптарының стильдік қызметін саралау.
Қысқаша мазмұны:
Морфологиялық тұлғалар, оның ішінде сөз таптары да кей жағдайда стильдік жүк арқалай жұмсалуы мүмкін. Стильдік қызметті етістік және есімдік сияқты сөз таптары да атқара алады. Бұйрық мәніндегі етістіктер кейде стильдік мақсатта, кекесін немесемысқыл мәнінде, кейде тілек, өтініш мәнінде жұмасалады. Кейде олар әр түрлі көңіл күйді де білдіреді.
Етістіктің шақтық тұлғалары да бірқатар орындарда стильдік мәнде жұмсала алады.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
10-ТАҚЫРЫП: Синтаксистік стилистиканың қолданылуы.
Дәріс жоспары:
1. Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі.
2. Синтаксистік синонимдер.
3. Экспрессивті білдірудің синтаксистік тәсілдері.
Мақсаты: Синтаксистік стилистиканың қолданылуы туралы мәлімет беру.
Қысқаша мазмұны:
Көркем шығарманың стильдік даралығын ұйымдастырып белгілеуде тілдің құрылымдық, синтаксистік құралдарының қызметі ерекше. Жазушы үшін оның сөйлемдерінің құрылысы мен көлемі, байланысу тәсілдері мен бір-біріне орналасу реттері бәрібір емес. Сондай-ақ сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, айтылу ырғағы, керек десеңіз, тыныс белгілеріне дейін белгілі бір жүк арқалап, стильдік көркемдік қызмет атқарып тұрады».
Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне байланысты. Көркем шығармада кейіпкер бейнесін беруде кейіпкер тілінде қолданылған қаратпа, қыстырма сөздердің де өзіндік қызметі бар. Синтаксистік стилистикада синонимдердің орны ерекше. Синтаксистік синоним болу үшін мынадай шарттардың орындалуы қажет: синтаксистік қатынас болуы қажет, құрылымдардың лексикалық құрамы бірдей болуы тиіс, мағыналық жақындық болуы тиіс. Синтаксистік құрылымдардың синонимдік қатар түзуінің тағы бір шарты – олардың арасында мағыналық, тұлғалық айырмашалақтың болуы. Бұл арада синтаксистік құрылымдар синонимдік қатарға түсу үшін мағыналық жақындықтары болуымен қатар, олардың мағыналары арасында сәл де болса айырмашылық та болуы тиіс. Синтаксистік синонимдерге тән тағы бір белгі – экспрессивтілік пен модальділік.
Синтаксистік сионимге тән белгілер қатарына трансформациялықты да жатқызуға болады.
«Екі не одан көп сөз тіркестері немесе сөйлемдер бір-бірімен синоним болу үшін, алдымен олар параллелизм болулары керек. Параллелизм болмаған конструкциялардың синоним құрулары мүмкін емес. Демек, синоним – параллелизмнің бір түрі. Синонимдердің кезкелгені параллелизм болады да, кез келген параллелизм синоним болмауы – табиғи құбылыс».
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
11-ТАҚЫРЫП: Сөйлем және оның түрлерінің стильдік қызметі
Дәріс жоспары:
Хабарлы сөйлемдердің стильдік қызметі.
Сұраулы сөйлемдердің стильдік қызметі.
Бұйрықты сөйлемдердің стильдік қызметі.
Лепті сөйлемдердің стильдік қызметі.
Мақсаты: Сөйлем және оның түрлерінің стильдік қызметіне тоқталу.
Қысқаша мазмұны:
Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөздер автор сөзінде де, кейіпкер сөзінде де әр түрлі стильдік реңк білдіре алады. Кейіпкердің аузынан шыққан сөзінен оның ойы, көзқарасы қоса көрінеді. Кейіпкер сөзі оның дүниетанымын, пікір таласын, мінез қырларын береді. Кейіпкер тіліндегі хабарлы сөйлемдер де сол бейненің бір қырын танытады.
Хабарлы сөйлемдер тәрізді сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер де кейіпкер тілінде әр түрлі мағыналық реңктерге ие болады. Мұндай сөйлемдер үстемеленіп жұмсалуы арқылы кейіпкерлердің сезімін, көңіл –күйін тереңдете, күшейте суреттейді.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
12-ТАҚЫРЫП: Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі.
Дәріс жоспары:
Қайталамалар туралы түсінік.
Қайталамалардың стильдік қызметі.
Бірыңғай мүшелердің стильдік мақсатта жұмсалуы
Мақсаты: Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі.
Қысқаша мазмұны:
Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы. Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымндағы маңызды ұғымдардың бірі. Ол көптеген қаламгерлер шығармашылығында қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелеудің ортақ ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір немесе бірнеше елде әдеби ағым (бағыт) туындатады. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с. Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, қаламгердің өмірді бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде пайда болады. Әдебиетттану қырынан алғанда, стиль – жазу машығы, жазушының, жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы. Әр жазушының стиль ерекшелігін оның шығармасындағы көркем компонентерін тану арқылы айқындаймыз. Әр жазушының өзіне ғана тән суреттеу стилі, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының барлық шығармаларында көрініс беріп отырады.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
13-ТАҚЫРЫП: Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік қызметі.
Дәріс жоспары:
Күрделі синтаксистік тұтастық туралы түсінік.
Күрделі синтаксистік тұтастықтардың түрлері.
Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік мақсатта қолданылуы.
Мақсаты: Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік қызметіне тоқталу.
Қысқаша мазмұны:
Ж.Қайшығұлова күрделi синтаксистiк тұтастықты «күрделi фразалық тұтасым» деп атайды, оны мәтiннiң мүшеленуiнiң ең кiшi бiрлiгi деп қарайды және мәтiн байласымының үш түрiн көрсетедi :
1.Сөйлемнiң сатылық /бiрiздiлiк/ немесе тiзбектiк байласымы.
2.Параллельдiк тәсiлi бар сөйлемдер тiзбегi.
3.Сөйлем байласымының параллельдiк тәсiлi.
Жазушының стилiн анықтауда күрделi синтаксистiк тұтастықтардың, олардың түрлерi мен байланысу тәсiлдерiнiң де өзiндiк орны бар. Себебi күрделi синтаксистiк тұтастықтар шығармада әр түрлi стильдiк қызмет те атқаруы мүмкiн. Күрделi синтаксистiк тұтастықта автор ой жүйесiмен қатар оның әр түрлi экспрессивтiк-эмоциялық, модальдiк реңктерi де берiледi.
Әуелде ауыр қылмыстыларға кешiрiм жасауды жоспарламаған Ораз Мұхамед зынданның жеке бөлiктерiн аралау үстiнде жазалы жұрттың ешқайсысын да кеңшiлiктен қақпады. Бәрi де жазалы емес, жапалы көрiнген. Жапалы емес, жалалы. (М.М.)
Берiлген мысалда күрделi синтаксистiк тұтастық тiзбектi байланысқа құрылған. Бiрiншi сөйлемдегi бiр сөз екiншi сөйлемде, екiншi сөйлемнiң бiр сөзi үшiншi сөйлемде қайталанып келiп отырады. Сол арқылы жазушы кейіпкерлер басындағы күйді мейлінше тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін күшейте түседі.
Күрделi синтаксистiк тұтастықтар кейiпкер портретiн жасауда ерекше қызмет атқаруы мүмкін.
Қырынан қарағанда қыз әп-әдемi болып көрiнедi екен. Тайқылау бiткен тар маңдайы да, артық-ауыс жерлерi қырналып, қажеттi қалыпқа түсiрiлген қою қара қасы да ұнасымды. Екi танауы делдиiңкi, келiссiз мұрны да қырлана қалғандай. Жалпақ, доғал иегi де қайтадан қашалғандай мүсiндi. Тал бойына жараспай тұрған мүше – астыңғы ернi iсiңкi. Үстiңгi ернi түрiк бiткен үлкен ауыз ғана. Әйткенмен, Әлия дәл осы сәтте маған әжептәуiр оңды қыз тәрiздi көрiндi (М.М.).
«Көркем шығарма құрылымында күрделі синтаксистік тұтастықтар бір оқиғадан екінші оқиғаға, бір баяндау планынан басқасына өтуді ұйымдастырып отырады, сөйтіп шығарманың жалпы сюжеттік өрбуін ұйымдастырумен қатар, баяндаудың әр түрлі рең құбылыстары бір-бірімен ауыстырып отыратын стильдік амал ретінде пайдаланылады. Күрделі синтаксистік тұтастық арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық көңіл-күйі ашылады. Белгілі бір оқиға тарамдай бяндалады, кейіпкердің портреті жасалады. Ондайда күрделі синтаксистік тұтастықтар оқиғаның. Автор ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі экспрессивтік-эмоциялық қырларын, модальдік реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді».
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
14-ТАҚЫРЫП: Мәтін стилистикасы.
Дәріс жоспары:
1. Мәтін туралы түсінік.
2. Мәтін құрылымы.
3. Мәтін стилистикасы
Мақсаты: Мәтін стилистикасы туралы түсінік.
Қысқаша мазмұны:
Мәтін стилистикасы мәтін түзуші тілдік құрылымдардың стильдік қызметін қарастырады. Мәтін құрамындағы тілдік бірліктері, күрделі синтаксистк тұтастықтар, абзац, троп түрлері т.б. құралдар белгілі бір стильдік мақсатқа орай жұмсалуы мүмкін.
Эпитеттер заттың немесе құбылыстың әртүрлі белгісін айқындап, оқырманға әсерлілігін арттырады. Кез келген құбылысты суреттеуде, өзіндік белгі-қасиеттерін ерекшелеп көрсетуде эпитеттердің қызметі айрықша. Эпитеттер зат-құбылысты, табиғатты суреттеуде болсын, кейіпкер бейнесін жасауда болсын жиі жұмсалатын көріктегіш, бейнелегіш құрал.
Арыстан кеуделі, бірақ бет-аузы бүтін, қаршыға көз, қыран қабақты, суық өңді жас жігіт – Ысмайыл батыр (М.М.).
Омырауы даладай, суық жүз, қыр мұрын, қалың қабақ, қияқ мұртты жас жігіт. (М.М.).
Бұл мысалдардағы арыстан кеуделі, қаршыға көз, қыран қабақты, суық жүз, қияқ мұртты деген эпитеттер кейіпкердің бет бейнесін оқырман көз алдына әкеліп қана қоймайды, оның мінез-құлқынан да хабар береді.
Теңеу – бір затты немесе құбылысты басқа бір зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттайды. А.Байтұрсынұлы теңеуге мынадай анықтама береді: «Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бейнесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз.
«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы – метафора деп аталады». Метафора көркем сөз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсілге жатады.
Метафора – сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау. Метафора сөз мәнін ажарлай өзгертіп, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау арқылы мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту».
Б.Хасанов қазақ тіліндегі метафоралардың екі түрін көрсетеді: «Метафораның екі түрі бар деуге болады: бірі – белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі – халықтық сипат алған дәстүрлі метафора.
Метафоралар ерекше бейнелілігімен қатар танымдық қызмет те атқарады. Олар дерексіз ұғымдарды анықтап түсіндіреді. Сол арқылы жазушының немесе кейіпкердің ойын дәл жеткізуге көмектеседі. Мысалы: ұйқының ауылы, көңіл толқыны, сөздің салмағы. Мұндай бейнелі көркем метафоралар кейіпкер тілінде де қолданылып, кейіпкердің шешендігін, тапқырлығын көрсетеді: Бүгінгі шырғалаң – шалшық су, кешесің де өтесің. Ертеңгі дүрбелең – айналып өткізбес ми батпақ болып шықпасын (М.М.).
Метафора кейде мысқылдық қатынаста беріліп, кейіпкердің мінез-құлқын, адамдық сипатын да білдіре алады.
Сүйіктім, мен өмірімде талай салпаңқұлақ есекті көрдім, ал мына сенің ғашығың солардың ішіндегі ең шымқай көгі (М.М.).
«Метонимия – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы». Метонимия тәсілі де теңеу мен метафора сияқты кейіпкердің белгі қасиеттерін ерекшелеп көрсетіп, оқырман назарын аударуда, тұспалдап, астарлап жеткізуде тиімді тәсіл болып табылады.
Ырсекеңнің қартайғанда көрген жалғыз қызығының тауаны шағылып қайтқаны мынау (М.М.).
«Құбылтудың бір түрі – кекесін, яки ирония /грек. Eironia –келемеждеу/; тағы бір түрі мысқыл, яки сарказм /грек.sarkasmos – масқаралау/».
«Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі - әзіл; ал әзіл келемежге айналса, - ирония, келемеж ащы мысқылға айналып сын үдей түссе, - сарказм болғаны.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Стилистика ғылымы нені зерттейді
«Стилистика» және «стиль» ұғымының пайда болу тарихы
Стилистиканың неше саласы бар және олар қандай мәселелерді қарастырады
Стилистикалық норма дегеніміз не
Синонимия дегеніміз не
Стилистикалық мағына дегеніміз не, оның қандай түрлері бар
Қазақ тілінің стилистикасын зерттеуші қандай ғалымдарды білесіз
Стилистикалық мағынаның қандай жасалу тәсілдері бар
Функциональды стильдердің лексикалық құралдарының ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқтал.
Стилистикалық фигура дегеніміз не, олардың қызметі
Троптың түрлеріне не жатады, олардың стилистикалық қызметіне тоқтал.
Контекстік синонимдер мен антонимдердегеніміз не
Сөздің стилистикалық мағынасының функциональды стильдердегі ерекшелігі неде
Функциональдық стильдер дегеніміз не
Функциональды стильдердің жасалуына әсер ететін тілдік емес факторларға не жатады
Мақала дегеніміз не, оның қандай түрлері бар
Очерк дегеніміз не, оның қандай түрлері бар
Фельетон дегеніміз не, оның тілдік стильдік ерекшелігі неде
Ресми іс-қағаздар стилінің неше түрі бар, олар несімен ерекшеленеді
Ғылыми стильдің қандай түрлері бар, олардың өзара айырмашылықтары қандай
Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларға қандай ерекшелік тән, мысал келтір.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі неде
Ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдің өзіндік ерешелігі неде, мысал келтір.
Мәтін стилистикасы дегеніміз не?
Күрделі синтаксистік тұтастық туралы түсінік.
Бірыңғай мүшелердің стильдік мақсатта жұмсалуы.
Хабарлы сөйлемдердің стильдік қызметі.
Сұраулы сөйлемдердің стильдік қызметі.
Бұйрықты сөйлемдердің стильдік қызметі.
Лепті сөйлемдердің стильдік қызметі.
ҮІ БӨЛІМ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ТӘЖІРИБЕЛІК (СЕМИНАР) САБАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ тілінің стилистикасы ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегінде өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.
№1 семинар тақырыбы: Стилистика пәні, міндеті, мақсаты
Мақсаты: Стилистика пәні, міндеті, жалпы мәселелері туралы түсінік беру
Семинар жоспары:
1. Стилистиканың жалпы мәселелері.
2. Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы.
3. Жазба әдеби тіл стильдері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
6. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Семей ,2006
№2 семинар тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі
Мақсаты: Ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілермен танысу
Семинар жоспары:
Ауызекі сөйлеу стиліне тән экстралингвистикалық белгілер.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзге функционалдық стильдерден тілдік
ерекшеліктері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
2. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
3. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
4. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Семей ,2006
№3 семинар тақырыбы: Ресми және іс қағаздар стилі
Мақсаты: Ресми және іс қағаздар стилінің түрлерімен танысу
Семинар жоспары:
Ресми және іс қағаздар стилінің түрлері.
Ресми және іс қағаздар стилінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Ресми және іс қағаздар стилінің морфологиялық ерекшеліктері.
Ресми және іс қағаздар стилінің синтаксистік белгілері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
2. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984
3. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Семей ,2006
4. Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005
№4 семинар тақырыбы: Ғылыми стиль
Мақсаты: Ғылыми стильдің ерекшеліктерімен танысу
Семинар жоспары:
1. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, түрлері.
2. Ғылыми стильдің фонетикалық ерекшеліктері.
3. Ғылыми стильдің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
4. Ғылыми стильдің морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2006
Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976
Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Семей ,2006
№5 семинар тақырыбы: Көркем әдебиет стилі
Мақсаты: Көркем әдебиет стилінің түрлерімен танысу
Семинар жоспары:
1. Көркем әдебиет стилінің өзіне тән белгілері.
2. Көркем әдебиет стилінің функционалдық стильдер жүйесіндегі алатын орны
3. Көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стилі.
4. Көркем әдебиет және публицистикалық стиль.
Достарыңызбен бөлісу: |