ПОӘК 042-14. 01. 20. 168/02-2015 20. 05. 15 ж. №2 басылым



бет11/13
Дата19.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#10589
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

«Үндемес» ойыны. Ойын үшін қандай да бір геометриялық фигура алынады, ол фигураның центріне және контурына айналдыра сандар жазылады. Центрге жазылған санның жанына арифметикалық, амалдардың бірінің таңбасы қойылады. Центрге жазылған сан ғана тұрақты болып табылады. Ойын былай өткізіледі: мүғалім көрсеткішпен тақтада контурды айналдыра жазылған сандардың бірін көрсетеді, ал балалар центрде жазылған осы санмен көрсетілген амалды орындайды. Тақтаға шақырылған оқушы нәтижесін жазады. Қалған оқушылар егер қате жіберілген болса, қолдарын көтеріп белгі береді. Барлық жұмыс үн-түнсіз жүргізіледі. Ойынды өзгертуге де болады: мұғалім санды көрсетеді, ал балалар үндемей кеспе цифрлардан нәтижесін көрсетеді. Балаларды түрлі түсті етіп жабдықталған «Ең жақсы капитан немесе космонавт кім» деген түрдегі «үндемес» ойыны қатты қызықтырады.

Дөңгелек мысалдар


32:4

36-9


24:8

3-12


8+16

27 + 5


Бүл дөңгелек мысалдар. Оларды былай құрастырады: бірінші мысал еркін алынады (32:4), осы мысалдың нәтижесі келесі мысалдың (8+16) компоненті болуы керек, ал бұл мысалдын нәтижесі келесі мысалдың (24:8) компоненті болуы керек т.с.с. соңғы мысалдың нәтижесі бірінші мысалдың бірінші компоненті (32) болуы керек. Содан кейін бұл мысалдар кез келген тәртіппен жазылады. Ойын былай жүргізіледі: мысалдар тақтаға немесе плакатқа жазылады; окушылар бірінші мысалды шығарады; аты аталған оқушы нәтижені емес, нәтижеге (8+16) тең саннан басталатын мысалды атайды; балалар осы мысалды шығарады және осы мысалдың нәтижесінен басталатын келесі мысалды 24:8 атайды, бірінші мысалға келіп жеткенше осылай жасайды. Ойлаған мысалдарды табу. Тақтаға мысалдар жазылады. Мұғалім олардың біреуінің (біріншісінен басқасының) жауабын айтады, ал оқушылар мұғалімнің айтқан жауабы бойынша оның ойлаған мысалын табулары керек. Бұл жағдайда оқушылар керекті мысалды табу үшін мысалдардың барлығын немесе барлығына жуығын шығарады. Ойынды өзгертуге болады.

Сиқырлы немесе қызықты квадраттар.

Бұл — 9, 16, 25 клеткадан тұратын квадраттар. Клеткаларда барлық бағытта (жолдар, бағандар және диагональдар бойынша) алғанда да қосындысы бірдей болатындай сандар жазылуы тиіс. Бірінші жағдайда барлық сандар берілген — квадрат толтырылған. Квадрат сиқырлы квадрат бола ма, соны тексеріп көру керек. Екінші жағдайда квадратта барлық сандар берілмеген, бірақ қосындысы көрсетілген квадратты толтыру керек. Үшінші жағдайда сандар да түгел берілмеген және қосынды да берілмеген, осы қосындыны да табу керек және бұдан кейін квадратты толтыру керек.



«Лото» ойыны. Бүл ойынды таблицалық көбейту, сондай-ақ таблицалық қосу туралы білімді пысықтау үшін пайдалануға болады. Оған түрлі таблицаларда кездесетін таблицалық нәтижелер (16, 18, 24, 36) қосылады және оқушылар оны (54, 56) кебіне шатастырып алады, оларды (27, 28, 42, 49, 63, 64, 72, 81) есте сақтау да қиын.

Ойын кезінде әр окушының алдында карточка (9см  15см) мен 1-ден 15-ке дейінгі нөмірі бар фишкалар (2см 2см) жатады. Ойын тез жүргізіледі. Мұғалім таблицалық көбейтуге арналған мысалды атайды, балалар есептеп көреді де карточкадағы сәйкес санның бетін фишкамен жабады.

«Ең жақсы есептегіш», «Баспалдақ», «Лабиринт», «Математикалық эстафета», балалардың ойлаған сандарын табу сияқты басқа да ойындар бар.

Бұлардың барлығы ауызша есептеу дағдыларының дами түсуіне көмектеседі. Ойынды таңдап аларда мүғалім өзіндік мақсат емес, балалардың қызметін жандандыра түсу құралы екендігін басшылыққа алуы тиіс. Мүнда сабақтағы аз уақыт ішінде көптеген операцияларды орындауға мүмкіндік беретін және барлық оқушыларды қамтитын ойын ғана пайда келтіретінін ескеру керек.

Көптеген мұғалімдер есептеу дағдыларып есепке алу үшін математикалық диктанттарды пайдаланады. Ол үшін оқылып кеткен материал бойынша түрліше жаттығулардан 8—10 тапсырма таңдап алынады. Сабақта мұгалім әрбір тапсырманы 1—2 рет айтады, ал барлық оқушылар ауызша есептеуге арналған арнайы дәптерлеріне жауаптарын жазады. Тексеру не сабақ үстінде, немесе сабақтан кейін жүргізіледі де, қателері анықталады.

Математикалық өрнектердің мәндерін табу. Бұл жаттығулардың көптеген варианттары бар. Математикалық санды өрнекті және әріпті өрнекті ұсынуға болады, мұнда әріптерге сан мәндер беріледі де алынған өрнектің сан мәні табылады. Мысалы:

1) 100 бен 9 сандарының айырмасын табыңдар.

2) а =100, с=9 деп алып, а – с, өрнегінің мәнін табыңдар.

Өрнектер түрлі сөздер формасында берілуі мүмкін: 100-ден 9-ды шегеру керек; 100 минус 9; азайғыш 100, азайтқыш 9, айырмасын табу керек; 100 бен 9

сандарының айырмасын табу керек; 100-ді 9-ға кеміту керек т.с.с.

Өрнек бір амалмен орындалуы да және бірден артық амалмен орындалуы да мүмкін. Бірнеше амалға арналған өрнектер бір баспалдақты амалдан немесе әр түрлі баспалдақты амалдан түруы, жақшамен берілуі де, жақшасыз берілуі де және де әр түрлі сөзбен берілетін тұжырымдамасы болуы мүмкін. Мысалы:

90-нан 42 мен 3 сандарының беліндісін шегеру керек; азайғыш 90, ал азайтқыш 42 мен 3 сандарының бөліндісімен өрнектелген.

Өрнектер сандардың түрлі облыстарында берілуі мүмкін, алайда, әдетте, ауызша есептеу әдістері 100 көлеміндегі сандарға амалдар қолдануға келіп саяды. Өрнекті мысал ретінде, таблица түрінде беруге болады, қызықты фигураларды да пайдалануға болады.



Математикалық өрнектерді салыстыру. Бұл жаттығулардың бірқатар варианттары бар. Екі өрнек беріліп, олардың мәндері тең болуы мүмкін бе, жоқ па, ал егер тең болса, олардың қайсысы үлкен немесе кіші екендігін тағайындау қажет болады. Мұнда қатынастың таңбасын таңдап алу не берілген өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстыру негізінде, немесе сәйкес білімді қолдану негізінде орындалуы мүмкін.

Теңдеулерді шешу. Ауызша жаттығулар ретінде түрлі теңдеулер де ұсынылады. Бүл — ең алдымен (х + 2=10) сияқты қарапайым теңдеулер және (15х - 9 = 51) түріндегі одан да күрделірек теңдеулер. Теңдеулерді түрлі формада ұсынуға болады:

1) 24 : х = 3 теңдеуін шешіңдер,

2) 40 санын алу үшін қандай саннан 18-ді шегеру керек?

3) Белгісіз санды табыңдар: 73 – х = 73 - 18.

4) Бір сан ойладым, оны 5-ке көбейтіп, 85 санын алдым. Мен қандай сан ойладым?

Ауызша жұмыс үшін жай есептер де, құрама есептер де ұсынылады.



Әдебиеттер:

1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

4. Жигалкина Т.К.. Игровые и занимательные задания по математике для 1 класса четырехлетней начальной школы: Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1986.

5. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.

6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.
13 - тақырып

«Ұзындық және оны өлшеу» ұғымдарын оқып-үйрену барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру
Мақсаты:

- ұзындық өлшем бірліктерінің даму тарихы және "Ұзындық және оның өлшемі" атты тақырыптың мектеп математика курсының жүйесіндегі орны туралы түсінігін қалыптастыру.

- бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу;

- кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу;

- "Ұзындық және оның өлшемі" атты тақырыптың мазмұнындағы негізгі үғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу;

- бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бойынша рефераттар жазу үшін және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті қарапайым зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктерін қалыптастыру.



Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрмесі, рефераттар.

СОӨЖ тасырмасы:

1.Ұзындық өлшемінің тарихы мен метрлік өлшем жүйесі жайлы рефераттар қорғау.

2. 1-4 сыныптарға арналған қазірғі және байқау нұсқа оқулықтарындағы осы тақырып бойынша материалдың мазмұнына салыстырмалық талдау жасау.

3. Көпбұрыштың периметрін, сынық сызықтың ұзындығын есептеу және кесіндіні берілген ұзындығы бойынша салуға байланысты есептерді шығару.



Әдістемелік нұсқаулар:

- СОӨЖ-ді тарихқа саяхат ретінде жүргіземіз:

- "Ежелгі тарихтағы ұзындық және оны өлшеу" тақырыбынан бастаймыз;

- Содан кейін "Жаңа тарихтағы ұзындықты өлшеу, метрлік өлшем жүйесімен" танысамыз;

- Оның қазірғісін жаңа буын оқулықтарынан көреміз;

- Ал болашағын 12-жылдық жалпы білім беретін 1-4 сыныптарындағы арналған байқау нұсқа математика оқулықтарының беттерінен көреміз.



Тексеру формасы - рефераттар қорғау.

Әдебиеттер:

1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г.

2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математикадан 12-жылдық білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу– әдістемелік топтама. – Алматы: «Алматыкітап» 2003-2006.

3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

5. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.

7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.

8. Оспанов Т.Қ. Математика. Алматы, 2000

9. Жолымбаев О. М., Берікханова Г.Е. Математика. Алматы-2004

10. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. Алматы, «Мектеп», 1985

2. Собалақов А.// Математика тарихынан. Алматы, 1966 ж

14 - тақырып

«Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа» тақырыбы бойынша математикалық топсеруен ұйымдастыру

Мақсаты:

Регионалдық компоненттерді ұзындық және оның өлшемін оқыту, сонымен қатар мәтінді есептер құрастыру мен оларды шешу барысында пайдалана білу;

Бастауыш мектепте «Ұзындық және оның өлшемі» тақырыбы бойынша математикалық топсеруенді ұйымдастыру ерекшелігі мен оған қойылатын талаптарды білу;

Математикалық топсеруенді жоспарлау, өткізу және талдаумен байланысты дидактикалық біліктілігіне иелену.



Сабақтың көрнекілігі:

«Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа» тақырыбы бойынша математикалық топсеруенге арналған тапсырмалар



СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар:

1. «Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа» тақырыбы бойынша математикалық топсеруенге арналған тапсырмалар дайындау.

2. «Біздің қаламыздың тарихи беттері» тақырыбы бойынша хабарламалар дайындау.

Әдістемелік нұсқау:

-СОӨЖ-ді топсеруен түрінде өткіземіз және бастауыш метептегі математика сабағында қалаға топсеруен жасаған сәттерде жиналған жергілікті материалдарды пайдалану жолдарын қарастырамыз.



Тексеру формасы - математикалық топсеруенге арналған тапсырмалардың презентациясы.

Әдебиеттер:

1. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007г.

2. Петров В.А. Преподавание математики в сельской школе: Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1986.

3. Серия. История городов Казахстана: Семипалатинск. Алма-Ата. Наука. 1984г.

ред. кол. В.Я. Басин и др.

15 - тақырып

Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру барысында оқушылардың іс -әрекетін ұйымдастыру
Мақсаты:

- «Фигураның ауданы және оны өлшеу» тақырыбының сабақтастығы және оның мектеп математика курс жүйесіндегі орны туралы түсінік қалыптастыры;

- бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу және ондағы қамтылатын тапсырмаларды қолдана білу;

- кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу;

- «Фигураның ауданы және оны өлшеу» тақырыбының мазмұнындағы негізгі үғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу;

-тақырып бойынша сабақ үзіндісін жоспарлау, өткізу және талдауға байланысты дидактикалық іскерлікті қалыптастыру;

- бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бойынша рефераттар жазу үшін және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті қарапайым зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктерін қалыптастыру.

Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрмесі, баяндамалардың тезистері мен көрнекіліктер.

Әдістемелік нұсқау:

СОӨЖ-ді конференция түрінде өткіземіз. Конференцияға қатысатын студенттердің баяндамалар жинағы «конференцияға» қатысушылардың әрқайсында бар. Сонымен қатар осы тақырыпқа байланысты кітаптардан көрме ұйымдастырылған. Жұмыс жоспарын және регламентін бекітеміз.


Жұмыс жоспары:

  1. Мектепке дейінгі дайындық және бастауыш сыныптарда оқылатын «Фигураның ауданы және оны өлшеу» тақырыбының мазмұнындағы сабақтастығы.

  2. Фигураның ауданы туралы түсінік беру және фигуралардың аудандарын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.

  3. Аудан бірліктерімен және олардың арасындағы байланыспен таныстыру.

  4. Палетканың көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету.

  5. Тік төртбұрыштың және шаршының ауданы.

  6. Тікбұрышты және теңқабырғалы ұшбұрыштың ауданы.

  7. Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөлу арқылы табу.

  8. Ауданды табуға берілген есептерді шығару.

  9. Математика тарихынан. Евклид және оның «Бастамалары».

Конференция жұмысының регламенті:

Баяндамалар – 5 - 10 мин

Қатысушылардың сөзі - 2 мин

Тексеру формасы - - баянамалардың тезистері.

Әдебиеттер:

1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г.

2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математикадан 12-жылдық білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу– әдістемелік топтама. – Алматы: «Алматыкітап» 2003-2006.

3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

5. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.

7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.

8. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. Алматы, «Мектеп», 1985

2. Собалақов А.// Математика тарихынан. Алматы, 1966 ж


  1. Математическая подготовка детей в дошкольных учреждениях. /Сост. Данилова. В.В. - М.: Просвещение, 1987.-с.86-102.

  2. Алдамуратова, Т.А. Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамура,2005

  3. Савин А.П./Энциклопедический словарь юного математика.- М. Педагогика, 1989.


16 - тақырып

Кеңістіктік денелер және өлардың көлемін өлшеуді оқытып-үйрету барысында оқушылардың іс -әрекетін ұйымдастыру

Мақсаты:

- «Көлем және оны өлшеу» тақырыбының сабақтастығы және оның мектеп математика курс жүйесіндегі орны туралы түсінік қалыптастыры;

- бастауыш сыныптардың қазырғы және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу және ондағы қамтылатын тапсырмаларды қолдана білу;

- кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу;

- «Көлем және оны өлшеу» тақырыбының мазмұнындағы негізгі ұғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптарда оқыту ерекшіліктерін білу;

-тақырып бойынша сабақ үзіндісін жоспарлау, өткізу және талдауға байланысты дидактикалық іскерлікті қалыптастыру.



Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрінісі, геометриялық денелердің модельдері

Әдістемелік нұсқау:

СОӨЖ-ді тәжірибе алмасу семинары түрінде өткіземіз. Семинарға «стереометрия» әлемінен текше және тікбұрышты параллелепипед қатысады. Қатысу мақсаты – бастауыш мектепте «Көлем және оны өлшеу» тақырыбын оқыту тәжірибесімен танысу.



Тексеру формасы - - семинарға қатысушылардың сөздері.

Жұмыс жоспары:

I. «Қонақтармен» таныстыру.

II. Тақырып бойыша қатысушылардың сөздері:

1. Мектепке дейінгі дайындық және бастауыш сыныптарда оқылатын сұйықтардың көлемі және ыдыстардың сиымдылығы мен сиымдылық бірлігі литрмен таныстырудағы сабақтастығы.

2. Текшенің көлемін өлшеу.

3. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін өлшеу.

III. Қортытындылау.

Әдебиеттер:

1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г.

2. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

3. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 3-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2003-2004.

5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 3-4 сыныптар - Алматы, «Атамұра», 1999-2000.

6. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В. Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 3-4 сыныптарына арналған (байқау нұсқа). – Алматы: «Алматыкітап» 2005-2006.

7. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007г.

8. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников: Учебное пособие для студентов педагогических институтов. Под редакцией Столяра А.А.- М.: Просвещение, 1988.

9. Математическая подготовка детей в дошкольных учреждениях. /Сост. Данилова В.В. - М.: Просвещение, 1987.



17 - тақырып

Уақыт пен массаның және олардың өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру

Мақсаттары:

- «Уақыт және оның өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру» мен «Масса және оның өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру» тақырыптарының сабақтастығы, мектеп математика курсының жүйесінде алатын орны туралы түсінік қалыптастыру;

- кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды үйрену;

- бастауыш сыныпта оқылатын «Уақыт аралығы және оның өлшем бірліктері» мен «Масса және оның өлшем бірліктері» тақырыптарының негізгі түсініктерінің мазмұнын сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазырғы және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу.



Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрмесі, рефераттар мен көрнекіліктер.

СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар:

  1. Масса мен уақыттың аралығын өлшеудің тарихы жайлы рефераттар қорғау.

  2. 1-4 сыныптарға арналған қазырғы және байқау нұсқа оқулықтарындағы осы тақырыптар бойынша материалдың мазмұнына салыстырмалық талдау жасау.

  3. Уақыт аралығы мен массаға байланысты есептер шығару.

Әдістемелік нұсқаулар №15 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас.

Тексеру формасы - рефераттар қорғау.

Әдебиеттер:

1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г.

2. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

3. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

4. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.

6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сынып - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.

Қосымша әдебиеттер:

1. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников: Учебное пособие для студентов педагогических институтов. Под редакцией Столяра А.А.- М.: Просвещение, 1988.

2. Математическая подготовка детей в дошкольных учреждениях. /Сост. Данилова В.В. - М.: Просвещение, 1987.

3. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. Алматы, «Мектеп», 1985

4. Собалақов А.// Математика тарихынан. Алматы, 1966 ж

5. Савин А.П./Энциклопедический словарь юного математика 2-е издание, исправленное и дополненное.- М. Педагогика, 1989.



18 - тақырып

Пропорционал шамалармен байланысты есептерді шешуге үйрету технологиясы

Мақсаты: Пропорционал шамалармен байланысты есептерді шешуге үйрету технологиясын білу

Құрал жабдықтар: 4 сыныпқа арналған «Математика» оқулықтары

СОӨЖ тасырмасы:

4 сыныпқа арналған «Математика» оқулығынан пропорционал шамалармен байланысты есептерді тап және шығар.



Әдістемелік нұсқау:

Бастауыш сыныптарда пропорционал шамалармен байланысты: төртінші пропорционал шаманы табуға берілген, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер қарастырылады.

Осы есептермен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет