Пластмасса толтырғыштары
Пластмассалар – олардың кейбір қасиеттерін жақсарту үшін
органикалық (мысалы, қағаз, мақта, ағаш, т.б.) не органикалық емес,
яғни минералдық (мысалы, кұм, саз, т.б.), немесе оларды
кеуектендіретін (мысалы, газ, көбік) заттармен толтырылады.
Пластмассаның кейбір түрлері, мысалы, полиэтиленнен жасалатын
бұйымдар (пленкалар, құбырлар) ештеңемен толтырылмайды.
Толтырғыш ұнтақтың талшықты жəне парақша түрлері болады.
Ұнтақ түрі толтырғыштарға құм, бор, əк тас, ағаш ұнтақтары, т.б.
ұнталған заттар жатады. Бұл толтырғыштар пластмассаның қаттылығы
мен осыған байланысты оның жылуға төзімділігін, сызуға беріктігін
арттырады. Талшықты толтырғыштарға – ағаш, шыны, асбест, мақта
жəне полимер (синтетика) талшықтары жатады. Бұлар
пластмассалардың июге беріктігін арттырады да, морттығын азайтады.
Көбінесе талшықты толтырғыш ретінде шыны талшықтары
қолданылады, ал пластмассаға қосып ШТАМ – (шыны талшықты
анизотроптық материал; орысша СВАМ - стекловолокнистый
анизотропный материал) атты механикалық қасиеттері өте жоғары
материал өндіріледі. Парақ түрлі толтырғышқа – қағаз, мақта мата,
шыны талшықтарынан жасалған мата, асбестен жасалған картон,
ағаштан жасалған – шпон жатады. Олар пластмассалардың ию
күштеріне ғана емес, созу күштерінің кедергісін де өсіреді. Мысалы,
қағаз параққа (фенолформальдегид полимерін сіңдіріп, беріктігі
жоғары қабатталған қағаз пластигі (бумажно-слоистый пластик)
өндіріледі. Егер қағаздың орнына мақта матасы қолданылса, одан
алынатын материалды – текстолит дейді.
Толтырғыштар пластмассалардың басқа да қасиеттерін
жақсартады. Мысалы, құрылыс ерітінділері мен бетондардың
толтырғыштары немесе керамика бұйымдарын өндіруде «семіз»
балшықтарға, яғни балшықтың иленгіштігі керекті мөлшерден артық
болған жағдайда, қолданылатын арықтатқыш заттар сияқты, жоғарыда
керсетілген толтырғыштар – пластмассалардың, əсіресе
термореактивті шайырлар негізінде жасалғандардың отырғыштық
(шөгінгіштігін азайтады да, өндірілетін бұйымдардың пішінін дұрыс
(түзу), өлшемдерін дəл етеді. Термореактивті полимерлердің
отырғыштығы (10-18%) термопластикалы шайырлармен (0,8-2%)
салыстырғанда əлдеқайда үлкен. Сондықтан бұйымдардың осы
қасиетін жақсарту үшін, толтырғьштар термореактивті смолалар
негізінде жасалатын пластмассаларға міндетті түрде қосылады. Ал
толтырғыштар қосылған пластмассалардың жылуға төзімдігінің
артуын, асфальт-бетон өндірісінде қолданылатын битумға минералды
ұнтақ қосумен салыстыруға болады.
Полимер мен толтырғыш арасындағы қатынас, ағаш жоңқалы
тақтайларда (ДСП) 10(8-12) 90(88-92) массалық процент, ал маталы
толтырғышты пластмассаларда – 15-60/85-40%.
Достарыңызбен бөлісу: |