Полимеризация əдісі арқылы алынатын полимердің түрлері
Полиэтилен (-СН - СН2 -)n. Бұл полимерді этилен деп аталатын
түссіз, əлсіз эфир иісі бар, жарық жалын шығарып жанатын газды
0,25-300 МПа қысымдап, ұнтақ не түйір ретінде өндіреді. Ол
қышкылдар мен сілтілердін əсеріне төзімді газ, ауа, су өткізбейді.
Басқа полимерлермен салыстырғанда полиэтилен, олардың ең жеңілі:
тығыздығы 0,9-1,0 г/см3. Полиэтиленнің созуға беріктігі – 12-40 МПа,
ол қыздырғанда – 80-90°С жұмсарады, ал температура 100-130°С
жетсе, балқиды. Полиэтиленнен жасалған бұйымдардың құрылыста
көп қолданылатын түрлері – су жəне канализация құбырлары, газ
түтіктері, су мен бу өткізбейтін жұқа материалдар. Ол металл
бұйымдарды тотығудан қорғау үшін жабындық ретінде көп
пайдаланылады.
Полистирол (-СН2 - СН – С6Н5)n – стиролдың с этилбензолдың,
яғни бензол этиленнің полимерленуі нəтижесінде алынады:
2СH2 = CH , (- CH2 – CH –)
ǀ ǀ
C6H5 C6H5
Полистирол шыны тəрізді мөлдір, қатты зат, күн сəулесінің 90%-ін
өткізеді. Көбінесе жылу жəне дыбыс өткізбейтін көбікті пластикалар
өндіруде қолданылады. Оның негізгі кемшілігі – морттылығы.
Полистиролды ұруға (соққыға) берік болу үшін стиролды бутадиен
(каучук) қосып полимерлейді.
Поливинилхлорид (СН2 – СНСl -)n қанықпаған көмірсутегі
этиленнің хлор туындысы – винилхлорид немесе хлор этиленнің
полимерленуінен түзіледі: 2СH2 = CH , (- CH2 – CH –)n
ǀ ǀ
CI C
Поливинилхлорид – ақ түсті, серпімді, су, қышқыл, сілті əсеріне
төзімді үнтақ зат, тығыздығы 1,1-1,4, г/см3 созуға, беріктігі – 50-60 МПа.
Ол кұбырлар мен түтіктердің ішін тыстауға үшін жəне линолеум, ұзын
жиектеме бұйымдар (плинтустарды, басқыш қоршауының қолмен
ұстайтын тірегінін тыстамасын, карниз), су түтіктері мен құбырларын
өндіруде қолданылады. Линолеум сияқты жұмсақ материал өндіру
үшін поливинилхлоридке пластификатор қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |