Пластмассаның бұйым өндірудегі əдістері жəне қасиеттері
Пластмассалардың кеңінен қолданылуы – олардың қасиеттерінің
тиімділігінде ғана емес, сонымен қатар пластмассалардан бұйым
жасаудың еңбекті көп керек етпейтін жоғары өнімділігінде.
Пластмассалардан бұйымдар жасау үшін, олардың қасиеттеріне
байланысты мынандай тəсілдер қолданылады: престеу, қысыммен құю
(шприцтеу-иннекция), үздіксіз сығып шығару (экструзия), біліктеу
(вальцевание-каландрирование ), т.б. Престеу арқылы бұйымдар термореактивтік полимерлер (пенопластар, амопластар, т.б.) негізінде өндіріледі. Престелетін материал кыздырылған (160°С) пресқалыпқа салынады да, онда жұмсартылып, пуансон арқылы қысыммен престелінеді. Престе бұйым 1 мм қалыңдығына 0,5-2 минут ұсталынады. Бұл əдіспен қабатты пластиктер, ағаш жоңқалы (ДСП) жəне ағаш талшықты (ДВП)
плиталар (тақталар) өндіріледі. Қысыммен құю əдісін бұйымдарды термопластикалық массалардан: полистиролдан, полиэтиленнен, т.б. жасағанда пайдаланады. Цилиндрде пластмасса керекті температураға дейін
қызады, бұдан соң поршень қойыртпақ материалды қысыммен прес
қалыпқа береді. Салқындағаннан кейін қалып кері жылжығанда, дайын
бұйым босатылады (салынады). Бұл принциппен мысалы,
полистиролдан тыстама (өңдегіш) тақтайшалар (плиткалар) өндіріледі.
Үздіксіз (үзіліссіз) сығу əдісімен, мысалы полиэтиленнен
құбырлар, пленкалар алуға болады. Полимер цилиндрде жұмсару
температурасына дейін қызады да, шнектің червягі көмегімен
мүштікдорннан (мундштуктен) сығылып өтеді.
Біліктеу (вальцевание-календрирование) əдісімен термопластикалық
массалардан – рулон, жұқа жарғақ (пленка) немесе парақ түрлі
(парақша) материалдар өндіріледі.
Пластмассалардың негізгі қасиеттері
Пластмассаларға тең сипат – тығыздығының шамалы,
механикалық беріктігінің жеткілікті, жылуизоляциялығы жақсы,
үйкеліске төзімді болуы. Пластмассаларды қалаған түске бояуға
болады. Кейбір пластмассалар, полиэтилен – мөлдір келеді.
Толтырғышсыз пластмассалардың тығыздығы төмен болады,
(900- 2100 кг/м3). Оның ішінде полимеризациялық полимерлердің
тығыздығы – 900-1400 кг/м3 аралығында, ал кремнийорганикалық
полимердің тығыздығы – 2100 кг/м3. Көбік немесе газбен толтырылған
пластмассалардың тығыздығы – 10-20 кг/м3, ал полимер-бетонның,
яғни ауыр толтырғыштар бар пластмассаның тығыздығы 2000 кг/м3
жоғары. Орташа алғанда пластмассалар болат пен алюминиймен
салыстырғанда, 6 жəне 2,5 есе жеңіл.
Пластмассалардың тығыздығы шамалы болуымен қатар,
механикалық беріктігі де жоғары. Парақша жəне талшықты
толтырғыштары бар конструкциялық пластмассалар ерекше берік
келеді. Мысалы, шыны пластиктердің сығу күшіне беріктік шегі – 350
МПа, ал созу күшіне беріктік шегі – 550 МПа; ағаш қабатты
пластиктердің бұл көрсеткіштері сəйкесінше 130 МПа, 200 МПа.
Демек, пластмассалар жеңіл, əрі берік. Сондықтан тығыз
пластмассалардың конструкциялық сапа коэффициенті (беріктіктің
тығыздыққа қатынасы) ерекше жоғары – 1-2 арасында, ал қарағайдікі – 0,7,
кəдімгі бетондыкі – 0,8, қаланған кірпіштікі (яғни кірпішті
қабырғанікі) – 0,02.
Толтырғыштары жоқ пластмассалардың жылуөткізгіш
коэффициенті төмен – 0,12-0,35 Вт/м×°С, ал ұялы пластмассалардікі
ерекше төмен – 0,03 Вт/м×°С – ауаның жылу өткізгіштігіндей (0,02
Вт/м×°С) десе де болады.
Пластмассалардың басқа құрылыс материалдарынан
айырмашылығы-ның бірі – олардың беріктігі жоғары болса да,
қаттылығы төмен. Мысалы, металдардың қаттылығы, олардың
беріктігіне сəйкес тура пропорционал өседі. Осыған қарамастан
қаттылығы төмен болса да, пластмассалар үйкеліс əсеріне өте төзімді.
Сондықтан олар еденге төсегіш материалдар ретінде кеңінен
қолданылады. Мысалы, негізсіз поливинилхлоридті линолеумнің
үйкеліске төзімділігі – 0,03-0,05г/см2, поливинилацетат эмульсиясынан
жасалған мастикалық еденнің төзімдігі – 0,02-0,03 г/см2,
полимерцементті едендердікі 0,4 г/см, ал ең қатты таужыныстарының
үйкеліске төзімділігі – 0,01-0,1 г/см2.
Пластмассаларды тыйымды пайдалану үшін олардың тиімсіз
қасиеттерін де ескеру қажет. Мысалы, көп пластмассалардың жылуға
төзімділігі аз. Күштің ұзақ уақыт түсуі салдарынан, пластмассалы
конструкциялардың жылжығыштығы (қайтпайтын деформациясы)
жоғарылайды (үлкейеді). Бұл көрсеткіш – пластмассалар
қолданылатын орындарда температура жоғарыласа, тез өседі. Тек
кремнийорганикалық полимер негізінде жасалған пластмассаларды
400°С-қа дейінгі температурада пайдалануға болады.
Азаматтық кұрылыста үйдің ішін өңдеуге қолданылатын
пластмассалар құрамында зиянды заттар болмауы керек.
Пластмассалардың отқа төзімдігін жоғарылату үшін оларды өндіру
кезінде құрамына антипириндер қосқан жөн. Уақыт өткен сайын жылу,
күн сəулесі, ауадағы оттегі əсерінен пластмассалар тозып, иілімділігін
азайтады. Бұл процестердің əсерін төмендету үшін пластмассалардың
құрамына стабилизаторлар қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |