Құбырлар. Полимер материалдардан жасалған құбырлардың басқа
материалдардан өндірілген құбырлардан артықшылығы – олар жеңіл,
электрохимиялық коррозияға төзімді, иілімді, өткізу қабілетін
өзгертпейді. Жылуөткізгіштігі төмен кезде оңай орнатылады жəне
қорғағыш жабындыны қажет етпейді. Кемшіліктері: жылуға төзімділігі
төмен жəне температура əсерінен əжептəуір кеңейеді. Сондықтан оларды
сұйықтарды 60-100°С жоғары температурада тасуға қолдануға болмайды.
Құрылыста көбінесе полиэтилен, полипропилен жəне
поливинилхлоридтен жасалған құбырлар пайдаланылады. Əртүрлі
материалдардан жасалған құбырлардың қасиеттері 13.8-кестеде
келтірілген. Полимер кұбырлар көбінесе экструзия (үздіксіз сығып
шығару) немесе басқа əдіспен жасалынады. Олар ұзындығы 6-12 м
кесінділер жəне бухталар (оралған рулон тəрізді) түрінде жеткізіледі.
Құбырлардың диаметрі полимердің түріне байланысты 10-630 мм
аралығында. Оларды өзара ажырамайтын, біртұтас (контактілі пісіру
немесе желімдеу арқылы) немесе ажырайтын (алмалы-салмалы) етіп
ұштастырады (жалғайды).
Полимер құбырлар су мен газ жеткізу, ауа тазарту (алмастыру),
вентиляция жер суландыру (ирригация) жəне канализация жүйелері,
химия, тамақ өндірістерінде ішкі коммуникация, қатынас, жол құру
үшін қолданылады.
Гидроизоляциялық, герметикалық жəне тыстамалық
материалдар
Гидроизоляциялық материалдар пленка (жұқа қабық), мастика,
лакталған жəне сырланған түрінде қолданылады. Пленкалы түрлері негізінде полиэтилен, поливинилхлорид полмерлерінен экструзия үздіксіз сығып шығару немесе басқа əдіспен қалыңдығы 1 мм дейін болып өндіріледі. Мысалы полиэтиленді рулондық пленка ұзындығы 160 м дейін, ені 800-1400, ал қалыңдығы 0,06-0,2 мм, қасиеттері 13.7- кестеде келтірілген; тығыздығы 0,9 г/см3, -600С-тан +800С аралығында пайдалануға болады. Поливинилхлоридті пленканың созуға беріктігі 10-І5 МПа, үзілгенде салыстырмалы ұзаруы (100-300).
Достарыңызбен бөлісу: |